«Мәдениет және өнер» институтының директоры



бет14/17
Дата24.05.2017
өлшемі1,18 Mb.
#16957
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Дәріс мазмұны:


Кадмий – ақ металл, соғуға қолайлы, жабысқақ, мырыштан жұмсағырақ. Ол 1819 ж. ашылды. Оның тығыздығы 8,64; балқыту температурасы 321°С; еріту температурасы 773°С.

Балқытылған күйде басқа металдардың үстінде диффундтау қабілеті бар. Кадмий зергерлік көптеген салыстырмалы төменгі температурада еритін дәнекерлердің (припой) құрамына жатады. Таза күйінде кадмий коррозияға қарсы тұрады және оны кадмирлеуге (кадмирования) пайдаланады. Көбінесе болаттан жасалған бұйымдар кадмирленеді, мысалы теңіз суынан қорғау үшін кеме арматураларына қолданады.



Бақылау сұрақтары:

1. Кадмий қандай металл?

2. Кадмийді көбіне неге қолданады?

3. Оның ерекшелігін айт


Әдебиет: 1,2,3,6,8,9,10,13,15.
7-апта

Дәріс 7

Тақырып: Басқа да түсті металдар. Сурьма.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сурьма туралы жалпы мәлімет

Дәріс мақсаты:

Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.


Дәріс мазмұны:


Сурьма – жылтыр, ақ-күміс түсті металл, анық кристалдық сынғыш. Ол тез порошок күйіне айналатын аса морт сынатын металл,

Сурьманың тығыздығы 6,71; оның балқыту температурасы 630°С; еріту температурасы 1440°С.

Көркем өндірісте «британдық металл» деп аталатын, құрамында қалайының тоғыз бөлігі мен сурьманың бір бөлігі (кейде қорғасын мен мыс қосылады) кездесетін қорытпа пайдаланылды. Осы «британдық металлдан» шәйнектер , кофейниктер және т.б. заттар жасалды. «Темір қаралар» деп аталатын жұқа қара ұнтақ күйіндегі металдық сурьмалар гипстен жасалған фигураларға, паье-машелерге, құймалы мырыш бұйымдарына бояуға жұмсалды.

«Сурьмалық май» дейтін хлорлық сурьма болат, жез және қола бұйымдарына оксидировкаға пайдаланылды.



Бақылау сұрақтары:

1. Сурьма қандай металл?

2. «Темір қара» дегеніміз не?

3. «Сурьмалық май» не үшін қолданды?


Әдебиет: 1,2,3,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14.
8-апта.

Дәріс 8

Тақырып: Басқа да түсті металдар. Хром.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Хром туралы жалпы мәлімет

Дәріс мақсаты:

Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.


Дәріс мазмұны:


Хром – ақ-сұр түсті металл. Ол 1797 ж. ашылды, бірақ металл түрінде қолданысқа тек ХІХ ғ. аяғы –ХХ ғ. басында алынды. Хромның тығыздығы 7,1; ол өзінің айнадай жылтырауын ұзаққа сақтайды; оның балқу температурасы 1615°С; еріту температурасы 2200°С. Хром өте қатты, морт сынғыш металл, коррозияға қарсы тұра алады. Ол ең бастысы болат пен шойынның құймаларын отырғызу мақсатында жұмыс істейді. Хромды айтарлықтай араластырғанда (12% астам) болат таттанбайтын әрі ыссыға төзімді болады. Хромдық қорытпаларды құралдар жасауға және жоғары омды қыздыру приборларының сымдарына пайдаланады.

Көркем өндірісте хроммен әсіресе қара металдарды гальваникалық жабады. Тұңғыш рет хромдау 1907 жылы басталып, жылдам қолдау тапты. Хромдық жабулар механикалық, термиялық, химиялық әсер етуге қарсы тұруымен ерекшеленеді.



Бақылау сұрақтары:

1. Хром қандай металл?

2. Хром қай жылы табылды?

3. Хромның ерекшелігі қандай?


Әдебиет: 1,2,3,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14.
9-апта.

Дәріс 9

Тақырып: Басқа да түсті металдар. Кобальт.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Кобальт туралы жалпы мәлімет

  2. Қосымша материалдар.

Дәріс мақсаты:

Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.


Дәріс мазмұны:


Кобальт – ақшыл-сұр түсті қызғылт шағылысуы бар металл. Оның тығыздығы 8,7; балқу температурасы 1444°С. Ол азот қышқылында және «патша арағына» ериді; күкірт қышқылы мен тұз қышқылына қарсы тұра алады.

Азот қышқылы – ауада түтіндейтін түссіз сұйық. Алтын, платинадан және т.с.с. басқалардың барлығына әсер етіп, азотқышқылды тұздарға айналдырады.

Патша арағы – тұзды және азот қышқылдарының қызыл-қоңыр түсті 2:1, 3:1 қоспасы. Пробирлік реактив ретінде қолданылатын қоспа.

Күкірт қышқылы – түссіз майлы сұйық, суда ерігенде үлкен көлемде жылу бөледі. Концентрленген күкірт қышқылы қыздырғанда платина, алтын және кейбір платина топтастарының барлығын ерітеді.

Тұзды қышқыл - өткір иісті түссіз сұйық (судың хлорлы сутегімен қоспасы), суда жақсы ериді, көптеген металдармен жылдам реакцияға түседі. Ақтауға қолданылатын судың (10% сұйықтық) , асыл емес металдарды ақтай алады.

Көркем өндірісте кобальт кобальттық көк бояу ретінде қолданылғанда ыстық эмальға, терезеге, фарфор мен фаянсқа әдемі көк түс беріп тұрады. Кобальттық көк бояулар ертеде ежелгі қытайлықтар мен мысырлықтарға белгілі болды. Көк түстен бөлек кобальттан хром мен мырышты қосып, жасыл және фиолетовый бояулар алады.



Бақылау сұрақтары:

1. Кобальт қандай металл?

2. Кобальт қай жылы табылды?

3. Күкірт қышқылымен тұзды қышқылдың ерекшелігі қандай?


4. Көк түсті бояудынеден алады?

Әдебиет: 1,2,3,6,8,9,10,13,15.
10-апта.

Дәріс 10

Тақырып: Басқа да түсті металдар. Вольфрам.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Вольфрам туралы жалпы мәлімет

Дәріс мақсаты:

Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік. Металлды көркемдеп өңдеудің түрлері туралы айтып түсіндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет