«Мәдениет және өнер» институтының директоры


Металмен қоспаның айырмашылығы және өнер саласында қолданылуы



бет10/17
Дата24.05.2017
өлшемі1,18 Mb.
#16957
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

2. Металмен қоспаның айырмашылығы және өнер саласында қолданылуы.


Дәріс мақсаты:

Оқытудың негізгі мақсаты болып болашақ мамандарға оқып жатқан пәні туралы бағдарламаның мүмкіншіліктері мен жетістіктері, металл және оның қоспаларын түсіндіру табылады.


Дәріс мазмұны :

«Металл» - деген сөздің өзі осы материалды өндіру мен оны өңдеудің қиындығына байланысты іздеу, зерттеу деген етістіктен шығады екен. Гректер өз территориясында металл өндірмеген, алтын мен күмісті колонияларынан әкеліп отырған. Қымбат металдардың тапшылығынан грек шеберлері өздерінің әшекейлерін жеңіл әрі көлемді жасаған.

Дәстүр бойынша материалдар металл, метал емес және қосымша болып бөлінеді. Металдарға қымбат металдар (біз оларды қолайлы уақытында таныстырамыз), түрлі-түсті металдар мен олардың қоспалары; металл еместерге – асыл, жартылай асыл және өңдейтін тастар, органикалық және жасанды тастар , шынылар, эмальдар, лактар, пластмассалар және т.б.; қосымша материалдарға – қышқылдар, сілтілер, тұздар, отқа беріктер мен желімдер жатады.


Металлдар өзінің майысқақтығымен, сондықтан да, соғуға ыңғайлылығымен зергерлік жұмыстардың базалық материалы болып табылады. әдетте, әр түрлі қалыңдықтағы табақтар мен әр түрлі жуандықтағы сымдарды қолданады. Біз тікелей скандық жұмыстарға қолданылатын материалдарды алда қарастырамыз.

Қоспалар. Таза металлдар көркем өндіріс бұйымдарында сирек пайдаланылады. Көбінесе оның орнына қоспалары қолданылады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Кристалит дегеніміз не?

  2. Қоспаның көркем өнерде қолданылуы?

  3. Металл мағынасы?

Әдебиет: 1,2,3,5,6,7,8,9
4-апта

Дәріс 4

Тақырып: Көркем бұйымдардың таттануы (коррозия).

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Бұйымдардың таттану түрлері


2. Көркем бұйымдарды таттанудан сақтау, металды күйдіріп қалпына келтіру әдісі.


Дәріс мақсаты:

Оқытудың негізгі мақсаты болып болашақ мамандарға оқып жатқан пәні туралы бағдарламаның мүмкіншіліктері мен жетістіктері, металл және оның қоспаларының таттануын түсіндіру табылады.


Дәріс мазмұны:

Таттану (коррозия) латын тілінен сorrodere-бұзылу деген мағынаны білдіреді. Табиғаттағы бұл құбылыс әлі толығымен зерттелген жоқ. Мысалы, 1820 жылы жабылған ағылшын парламенті ғимаратының шатыры осы күнге дейін жаңартылмапты. Тіпті сырланбапты. Темір шатырдың еш жеріде татанып көрмеген. Таттануды екіге бөледі: химиялық және электрохимиялық коррозия.


Химиялық таттану (коррозия) химиялық құбылыс арқылы анықталады. Құрғақ ауа ортасында бөлменің температурасының өзінде ауаның оттегінің әсерінен металл бұйымдарының бетінде жұқа қабатты тат пайда болады. Металлды қыздыру кезінде тат күшейеді.

Электрохимиялық коррозия электрлік ток өткізетін сұйықтың қатысуымен металдың физикалы-химиялық өзгешелігінен туады.

Тұз, қышқыл еріткіш сұйықты электролит деп атайды.

Жыл сайын коррозиядан металдардың көптеген саны (40%-ға дейін) бұзылады. Коррозия көркем бұйымдарға, әсіресе, металдан жасалған архитектураның бөлшектеріне зиянын тигізеді. Оның алдын алудың бірнеше әдістері қолданылады. Осындай жұмыстарды көбінесе жоғары сапалы өнер ескерткіштерін - барельефтерге, статуяларға, архитектураның металл сәндеріне реставрацияға жасайды.



Бақылау сұрақтары:

  1. Коррозия дегеніміз не?

  2. Химиялық және электрохимиялық таттану ерекшеліктері?

  3. Электролит?

Әдебиет: 1,2,3,5,6,7,8,9.
5-6 апта

Дәріс 5-6

Тақырып: Қара металдар. Темір, шойын, болат (сталь).

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Темір, шойын мен болат металдарын өңдеу тарихы және технологиясы.


2. Шойынның түрлері: ақ шойын, қара шойын.


3. Болатты балқыту әдістері.

Дәріс мақсаты:


Тақырыпты оқытудың мақсаты – металдар мен қорытпалардың қасиеттері мен құрылымдары туралы жалпы түсінік

Дәріс мазмұны:


Металды көркемдеп өңдеу – адамның эстетикалық талаптарын қанағаттандыратын, металдан бұйым жасау болып табылатын өнердің түрі. Металды көркемді түрде өңдеу – металдан жасалған бұйымға тартымдылық , айқындылық пен көркем құндылық береді. Оған жататындар: фигуралық құю, темірді соғу, қақтау, шекімдеу, бедерлі өрнек салу (гравирлеу), нәзік өрнектерді ойып түсіру, эмальдарды жасау және т.б. Сондай-ақ , металды көркемдеп өңдеуге медальерлік өнер де жатады.

Медальерлік өнер – тиын, теңге, медальдарды жасау өнері және оған иконографиялық типтер мен композициялық әдістердің тұрақтылығы, пластикалық шешімнің айқындық және нақтылығы, символ, эмблема, аллегориялардың кеңінен қолдану сипаты тән.

Темірді көркемдеп соғу (художественная ковка) – темірден көркемдеп соғылған қоршаулар, темірден соғылған сәндік әшекейлер, темірден көркемдеп соғылған жиһаздар және т.б. бұйымдар көркем шығарма сапасына ие. Темірді көркемдеп соғудың озық үлгілерінде ауыр темірлерден жасалған бұйымдардың өзі көрерменге ерекше нәзіктікпен қабылданады.

Қара металдар – бұл темір мен оның қоспаларының өндірістік атауы. Мұндай металдарды өндіру ауқымы жағынан барлық кездесетін металдармен қоспалардан ілгері тұр. Бұлардан құрастыру және құралдар маериалдарының 90% жасайды. Тұрмыста темірдің қоспаларының бәрін (шойын, болат) темір дейді.

Темір – ақшылкүміс түстес, жылтыр, иілгіш, майысқақ металл. Тығыздығы 7,87; балқу температурасы 1539°С; Бринелл бойынша тығыздығы 60 (Моос бойынша 5), ауада таттанады. Таза күйінде табиғатта кездеспейді. Темірді темір қазбасынан алады. Таза күйінде қолданылмайды, тек қоспа түрінде пайдаланылады. Темірдің қоспаларын шойын және болат дейді.

Болат – темірдің көмірқышқылмен және басқа элементтермен қосындысы. Көмірқышқыл құрамында 2%-дан аз. Құрамынды түрлі физикалы-химиялық қоспалар кездеседі.

Болат құрамына байланысты көмірқышқыл және тазартылған болып бөлінеді.

Сапасына байланысты қарапайым, сапалы, жоғарылау және жоғары сапалы болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет