Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Ә. Бөкейханов атындағы мектеп- лицейдің математика және



Дата22.08.2017
өлшемі74,89 Kb.
#24344
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп- лицейдің

математика және

информатика пәндерінің мұғалімі

Мухаметжанова Нургул Мейрамовна
Сабақтың тақырыбы: «Арифметикалық прогрессияны қайталау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Арифметикалық прогрессияны» тақырыбы бойынша алған

теориялық білімдерін жинақтап, формулаларды есептер

шығаруда пайдалана білу дағдыларын жетілдіру. Материалды

меңгеру дәрежесін тексеру.



Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін,

өз беттерімен жұмыстануды, логикалық сауаттылығын

дамыту. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне

ықпал ету, белсенділіктерін арттыру.



Тәрбиелік: Оқушыларды алдарына қойған мақсаттарына жетуге,

жауапкершілікке, ұжымдық жұмысқа, өзара көмек көрсетуге,

адамгершілікке, патриоттыққа, толерантылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталу- сынақ сабағы

Сабақтың әдістері: жеке, топпен жұмыс жасау, деңгейлеп оқыту,

проблемалық, іздену әдістері



Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, тірек белгілері, деңгейлік

тапсырмалар, тестік тапсырмалар, бағалау

парағы

Педагогикалық технология түрі: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан

ойлау стратегиялары», «Саралап оқыту»,

Ш.А.Амонашвили технологиясы.

Тақырып: Арифметикалық прогрессияны

Эпиграф: Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар.

Жүсіп Баласағұни
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн, достар! Мен сендермен бірге сабақ өткізуге қуаныштымын. Бүгін қайталау – сынақ сабағы.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы идеясы туралы айта келе бүгінгі тұлға жүйелі және сын тұрғысынан ойлай білу қабілеттерін меңгеру, алған білімдерін қорыта білу, өз бетінше білімін үнемі жетілдіру машықтарын игеру, жаңа шешім қабылдай білу және технологиялар мен инновацияны меңгеру қабілеттеріне үлкен мән беретіндігін бірнеше рет атап өтті. Президенттің сөзі бойынша «Қоғамда инновациялық, креативті мінез - құлық басым болу керек». Сол себепті жас ұлттың қызығушылығы мен талаптарын мүмкіндігінше қанағаттандыратын білім берудің озық жүйесін құру - Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мазмұны болып табылады.

Осыған байланысты, білім беру жүйесінің алғашқы міндеттерінің бірі болып ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде, ғылым мен тәжірибе жетістігі негізінде тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуына жағдай жасау; жеке дара тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы ой - өрісті кеңейту; бала тұлғасын әлеуметтік өмірге бейімдеу, мектеп бітірушінің қоғам мен еңбек нарығының ауыспалы қажеттіліктеріне жылдам бейімделуіне себеп болатын функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.

Функционалдық сауаттылықты бір кезеңде анықтауға, бағалауға және қалыптастыруға тәжірбиелік бағытталған, бейімделген тапсырмалар мүмкіндік береді. Олар түрлі өмір саласы мен түрлі қызметтерде стандартты емес тапсырмаларды шешу дағдыларын дамуға бағытталған. Егерде сөзіме назар аударсаңыздар сынақ сабағын бастайық. Әр тапсырма 2 ұпай
1-ші тапсырма.

Сергіту сәті. Ережелерді қайталау.
2-ші тапсырма.

Оқу жетістігін сырттай бағалау жалпы білім беру стандартты негізінде білім қызметі сапасын бағалау және негізгі орта, жалпы орта білім оқу бағдарламаларын және оқу пәндерінің көлемін меңгеру деңгейңн анықтау мақсатында іске асырылады.

Оқушының аты жөні___________________________


  1. Жабық формадағы бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы:

50-мен 350-дің арасындағы 1-мен аяқталатын сандардың қосындысын табыңыз:

а) 5880 b) 5539 c) 5208 d) 4877 e) 4635


  1. Ашық формадағы бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы

(bn)арифметикалық прогрессияның b1=6,4; d=0,8 болғандағы алғашқы тоғыз мүшесінің қосындысын тап:

а) -86,4 b) 8 c) 8,64 d) 86,4 e) -7


3-ші тапсырма.

Емтихан есептері. Негізгі 9жылдық курсының математика бойынша мемлекеттік емтихан.

Оқушының аты жөні___________________________

Нұсқа_____________________

  1. 6B.30

n-ші мүшесі формуласы бойынша берілген тізбектің алғашқы алты мүшесін табыңдар:

а)  б) 

Жауабы: a) 1, 1/8, -1/17, 1/26, -1/35, 1/44

б) 1/7, -1/12, 1/17, -1/22, 1/27, -1/32

  1. 6B.41

Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесін және айырмасын анықтандар:

а) а6=8; a8=16 б) a3=-11; a16=-56



Жауабы: a) a1=-12, d=4

б) a1= -3, 6/13, d=-4, 1/13

4-ші тапсырма.

Ұлттық бірыңғай тест. ҰБТ жалпы білім беру ұйымдары бітірушілердің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен орта білімнен кейінгі және жоғары білім ұйымдарына қабылдау емтихандары біріктіліп өткізілетін сынақ.

1-нұсқа

1. a1 = 10, d = 4, n = 11 болатын арифметикалық прогрессияның соңғы мүшесін есептеңіз.

A) 47. B) 43. C) 50. D) 40. E) 104.
2. Арифметикалық прогрессияның үшінші мүшесі 8-ге, ал жетінші мүшесі 16-ға тең. Прогрессияның екінші мен алтыншы мүшелерінің қосындысын табыңыз.

A) 23. B) 20. C) 21. D) 22. E) 19.


2-нұсқа
1. Арифметикалық прогрессияның екінші мүшесі 9-ға, ал үшінші мүшесі бірінші мүшесінен 12-ге артық. Алғашқы он мүшесінің қосындысын табыңыз.

A) 280. B) 310. C) 300. D) 290. E) 320.


2. Арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесі –150-ге, алтыншы мүшесі –147-ге тең. Прогрессияның теріс таңбалы мүшелерінің санын табыңыз.

A) 55. B) 44. C) 54. D) 45. E) 43.



5-ші тапсырма.

Логика. Логика дегеніміз не? Біз логика деген ұғымға сананы дамытушы құрал немесе жақсы дамыған ақыл ой деген анықтама берер едік. Бірақ ғылыми тұрғыда қарағанда логика сөзінің тарихы тереңде жатыр. Логика дегеніміз тек жақсы әрі тез деген ұғымдармен шектелмейді. Оның әлі де зерттелмеген дүниесі көп-ақ.

1.Сандар белгілі бір зандылықпен орналасқан. Сұрақ белгісінің орнына

сәйкес келетін санды табыныз.

1; 3; 7; 13; 21; ...?

А)23 В)29 С)31 D) 37 Е)43
2.Салтанат есепті бірінші болып шығарып, есептің шешуін 5 оқушыға, ал олардың әрқайсысы 5 оқушыға түсіндірді. Сонда сыныптағы барлық оқушылар есепті шығарып болды. Сыныптағы оқушылар санын аңықтаңыз.

А) 25 В) 26 С) 30 D) 31 Е) 36




Оқушының аты жөні

Сергіту сәті. Ереже.

ОЖСБ

Емтихан

ҰБТ

Логика

Қорытынды























Қорытынды. Бағалау. Орташа ұпай

«0,9-1» ұпай алса баға “5”

«0,7-0,8» ұпай алса баға “4”

«0,5-0,6» ұпай алса баға “3”



«0-0,4» ұпай алса баға “2”

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет