Мәдениет және Өнер институтының директоры



бет7/8
Дата30.04.2017
өлшемі0,82 Mb.
#15232
1   2   3   4   5   6   7   8

5. Лекциялық кешен



Бейнелеу өнері шығармаларын көзбен көріп, көріністі – образды бейнелер арқылы бағалауға болатындықтан, оны көріністі – бейнелі /визуальды/ /лат. visualis-көрініс/ - өнер деп атайды. Бейнелеу өнері шығармалары шындықтың жансыз көшірмесі емес, ол заманның рухани мәнің, саяси, философиялық, эстетикалық, адамгершілік идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырады, оған эмоционалды-психологиялық сипат береді. Бейнелеу өнері - өнердің бірнеше түрлерін қамтитын ұғым. Оған негізінен кескіндеме, мүсін, және графика, сән және қолданбалы өнер жатады. Сәулет өнері, қолөнері, дизайн үшін де «кеңістік», «пластикалы», «визуальды» деген түсініктер сәйкес келеді. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Бейнелеу өнері шығармаларында ораздар кино мен театыр, музыкадағыдай уақытқа сай дамымайды. Бұған қарап, бейнелеу өнері сезінгенді, көзге шалынғанды ғана көрсетеді деуге болмайды. Ол шындықты жан – жақты бейнелей отырып, оқиғалардың өрісін айна қатесіз түсіру арқылы адам жанының барлық қалтарыстарын аша алады. Бейнелеу өнерінің көркемдік шешімдері бұған толық айғақ. Суретші образдардың, өмір құбылыстарының типтік жағын таңдап ала отырып, өзі өмір сүрген заманың тірлік - тынысын жинақтап, жан- жақты бейнелейді.

Бейнелеу өнеріндегі бейнелеуші құрал тәсілдер – шығарманың көркем образын жасап шығаруға көмектеседі. Ол жұмыстың көркемдік тілін құрайды. Живопсисьте оның басты бейнелеуші құрал тәсілдерінің бірі бояу түсі арқылы колориттік тиімділікке жетуге, жарық қарқындылығын күшейтуге, не бәсеңдетуге, графикада сызық, таңба, штрих арқылы шығарманың романтикалы, лирикалы т.т. сипатын анықтауға болады. Сол секілді мүсін өнерінде бейнелеу мүмкіндіктері – сомдау әдісі, пластика, пішін, көлем, прапорция қатынасы т.т. терең эмоционалдылық тудыратын құрал тәсілдерге байланысты.

Өнер көркемдікті өмірді шынайы бейнелеуді талап етеді. Шындықты бұрмалауды көркемдік көтермейді Көркемдік қоғамның дамып отырған талғамына жауап беруі керек. Өнерге тән нанымдылық пен жағымдылық көркемдіктің негізі болып табылады.



Живописьтегі түс бәрін айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады және барлық күш қуатымен өркен жаяды.

Түс – живописьтің жаны. Сондықтан живописьшінің міндеті – картинаның жақын және алыс нүктелеріндегі түстердің айырмашылық аңғарымпаздықтан ұстай білуінде.



  1. Живописьтің палитрасы, «Палитра» сөзінің екі мағынасы бар: біріншісі – суретші бояуларды салып, араластыратын тақта, екіншісі – суретші жұмыста пайдаланатын бояулардың белгілі бір жиынтығы.

Атақты суретшілер: В.Бакшиевтің, К.Коровиннің, А.Рыловтың палитрасы.

4. «Этюд» - қолға қылқалам ұстаған суретшінің белсенді пайымдауы мен ой толғауы деп айтуға болады.

Этюд салу үстіндегі жұмыстың мақсаты - өмір мен табиғаттың құбылыстарына жіті көз салып, шынайы беру, бұл құбылыстар сурет салушының бойында тудыратын сезімдерді айқындап дәлме-дәл білдіру.

Композиция (лат. «composito» – «құрастыру, шығарма») – көркем шығарманың көрінісі. Түпкі төркіні құрастыру, қиыстыру, жеке бөлшектерді бірлестіріп тұтастыру деген мағынаны білдіреді.

Композиция элементтері бірлікке ұштастырылған, бір-біріне мақсатты көркем құрылым. Пластикалық өнерді композиция көркем форма түзілімінің жеке сәттерін біріктіріп тұрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ереекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ой-түйінге сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы ортамен көрермендер арасындағы қатынасында белгілейді. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттармен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарықпен көлеңке ұнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция «орнықты», «айнымалы», «ашық» және «жабық» болып бөлінеді.Орнықты және ашық түрі Қайта өркендеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылады, ал айнымалы және ашық типтері барокка стилінен айқын көрініс тапты.

Суретші өз шығармасында айтпақ ойын анық және әсерлі болу үшін, онда бейнеленетін нәрселерді белгілі ретпен орналастыруға көп көңіл бөледі.



Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнын неғұрлым айқын, нанымды, әсер лі шығуына жағдай жасайды.

Қарапайым тілмен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылымы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді.



Перспектива. (лат. «percpicere» - «анық көремін» деген сөзден шыққан.) Ол кеңістікті қалай бейнелеу туралы ұғым. Ол бізге көз алдымыздағы болмысты сол көрініп тұрған қалпында бейнелеуді мүмкіндік береді. Перспективаның бірнеше түрі бар: перцепциялы перспектива, кері перспектива, параллель перспектива, спираль тәріздес перспектива т.т. Қайта өркендеу дәуірінен бастап перспективаның кең тараған түрі – сызықтық перспектива. Перспективадағы негізгі маңызды болып табылатын түсініктер: көкжиек сызығы, орталық шығу көзі, көру нүктесі, қарау бұрышы. Жалпы алғанда перспектива суретші таңдап алған көркем әдіске байланысты композициялық тиімді шешімге көмектеседі. Ауа перспективасы – ауа кеңістігімен қашықтыққа байланысты нұсқаның, бейненің көмескіленуі, өзгеруі. Суретші нұсқамен жұмыс істеген уақытта оның алыс-жақындығына қарай кескін айқындығының, бояу түсі байлығының, нұрсая өзгерісін ескереді.

Оны бірінші рет байқап, өз шығармасында бейнелеген – Италиян суретшісі Леонардо да Винчи.

Перспектива заңдылығының ашылғаны бейнелеу өнеріндегі елеулі оқиға болды. Ол картинада тереңдік пен кеңістікті дәл бейнелеуге мүмкіндік береді. Бейнелеу өнерінің көркемдігін, әсерлігін арттыруға ықпал етеді.

Бояу түсі. Ол живопистік шығарманың басты бейнелеу құралы, дегенмен бояу түсі графика мен мүсін өнерінде сирек болса да пайдаланылады. Ал қолөнер бұйымдарында бояу түсі мәндік мағыналы рәмізге ие. Ақ - кіршіксіз тазалықтың, ұлылықтың, бақыттың қуаныштың белгісі. Қара – жердің, берекенің нышаны. Көк – аспан, мәңгілік белгісі. Қызыл – оттың, күннің рәмізі. Сары – ақыл, парасаттың, қайғы-мұңның белгісі.

Бояулар қарқыны живопистік шығармадағы бояулар екпінділігін аңғартады. Бояу түсінің гамасы (гр. gamma) – бейнелеу өнерімен сәндік қол өнер шығармаларында бір бірімен байланысты бояу реңдерімен үйлесімділікте болады. Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі түсті реңімен байланысты айқындалады. Түр-түсті арнайы зерттейтін ғылым «түр-түстану» ғылымы деп аталады. Түр-түстің шартты түрде толып жатқан қоғамның символикалары мен әр халықтың әдет ғұрып, салт-санасына қатысты қолданыстары бар. Табиғаттағы әр алуан түр-түстерді адам баласы екі жолмен танып біледі. Біріншісі – ғылыми жолмен, екіншісі – халықтық дәстүр-тәжірибе бойынша. Әсіресе бейнелеу өнерінде түр-түс бейнелеудің басты құралы болып табылады.

Түс живописьтің ең басты құралы болып табылады, яғни живопись шығармасында оның көркемдік құралдарының негізін жарық және көлеңкемен бірлікте түс құрайды.

Нақ түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік живописьтің негізі болып саналады. Негізінде суретші бояумен көркем шығарма жазуда заттардың түсін ғана емес, олардың өзара түстік үйлесімділігін де зерттейді.

Түстер жылы, суық болып екіге бөлінеді. Сары, қызыл, қызғылт, қызғылт сары – жылы түстерге жатады. Ол күзгі кешкі

шапақтың піскен нарт алманың түстері. Көк, күлгін, көгілдір түстер – суық түске жатады. Олар аспанның қарлы даладағы кешкі ымырттың түсі. Жылы түске де суық түске де жататын түстер бар. Мәселен жасыл түс. Бояуларды бір-біріне қосу арқылы суретші жаңа түс табады. Түстердің саны жетеу болғанымен реңдер саны көп.

Живописьте басты нәрсе – түс. Өйткені дүниенің бар байлығы мен сұлулығын сол түс қана бере алады. Суретші заттың қасиеті мен бояуын сол түс арқылы бере алды.

Живописьтің таза мағынасы – бояу арқылы жазық бетіне бейнелеу деген сөз. Музыка үшін 7 нота қандай рөл атқарса, живопись үшін ең қою қалың бояудан ең нәзік реңдерге дейін сондай рөл атқарады. Суреттің белгілі бір әсері көңіл күйдің түпкі ойын білдіреді. Түс – живописьтегі ең басты нәрсе. Әр қилы суретшінің картиналарын салыстыра қарасақ, олардың түстік рең талдау жағынан өте – мөте түрліше екенін көреміз.

Живописьтік шығарманың өте ұтымды, көз тартарлық, сезім терберлік болуы және түстердің өзара үйлесіп, жарасымды шығуы оның колориті болады. Суретшінің колориті әншінің даусы сияқты. Әр суретшіні колоритіне қарап бірден ажыратуға болады. Нағыз колоритте түстерді бірдей зат болмауға тиіс, өйткені әр зат түсін таңдайды. Қашанда әр суретшінің өз колориті болады. Колоритті үйренуге болмайды, ол айрықша табылған дарын, тек сол дарын өзіңде бар болса ғана оны дамытуға болады. Колориттік дарынсыз суреттің колориттік шешімі де болмақ емес, суреттің жақсы құрастырылып, жақсы ойланып салынуы мүмкін емес, оның сезімге де әсері шамалы болады. Суреттің байыбына бармай жатып-ақ көруші суретшінің колорит құралдары арқылы берген көңіл күйін түсіне алады. Суреттегі түстер қайта үйлесіп келгенде суретші колоритінің құпиясы оның шеберлігіне байланысты. Колорит әдемілігі кенептегі түс пен реңнің орналасуына сәйкес, сол түс пен реңнің әр алуан әрі топтасып келуінен көрінбек. Бірте-бірте қайшы келді-ау деген түстердің өзін суретші бояуларының үйлесім табуы үшін біртұтас жүйеге келтіріледі.



Майлы бояумен қалай

жұмыс жасау керек
Бейнелеу өнері және сызу, дизайн , сәндік өнер мамандықтарының живопись пәні оқытылатын студенттерге арналады
Жалпы бейнелеу өнері және сызу, дизайн , сәндік өнер мамандықтары студенттері майлы бояумен жұмыс жасағанда көп қатерліктер жіберетіні сөзсіз. Сондықтан осы кітапша майлы бояумен жұмыс жасау тәсілдерін әңгімелейді. Студенттер қауымының ұғымында сабақ беретін мұғалоімдер қалай жазады, солай қолтаңбасына қарай тартады деген түсінік бар.

Мүмкін олайда болуы, дегенмен студенттерүшін белгілі бір қалыптасқан майлы бояу әдістерімен тәсілдері бар.

Қандай да болмасын біздің мемлектіміздің өнер қайраткерлері , майлы бояу шеберлері : Ә.Қастеев, А.Сыдыхановта, Қ.Тельжанов , С.Айтпаев, А.Сыдыхановта осы мектептерден өткен. Осы қайраткерлеріміздің жазу манералы әр түрлі , әр ағымда бала тұрсада майлы бояу әліппесін толық меңгерген.

Сондықтан ешбір мұғалімге немесе қайдада болмасын ағымға еліктемей ағымдағы натюрморттан бастап жалаңаш адам бейнесіне дейінгі бағдарламамызды кәсіби деңгейде орындауымыз керек.

Ол реалистік тұрғыдан орындалатын оқу жүйесіндегі өтілетін толық курсы.

Бейнелеу өнерінің майлы бояу орыс шеберлері , қандай болмасын шығарма жазарда материалды өздері даярлаған. Әр суретшінің өзіне тән тәсілдері болған. Осы суретшілердің өмірлік тәжірибесінен қортынды жасай келіп біз сіздерге ең жеңілді студенттер мүмкіндігін есептеп келесі майлы бояумен қалай жұмыс жасау керектігін ұсынып отырмыз .

Майлы бояуда пигменті зығыр маймен араластыру арқылы алынады. Майлы бояудың әдістері әр-түрлі , бояуымен жұқалатып , немес керісінше кедір бұдыр етіп жазуға болады. Майлы бояудың бір қасиеті, акварельдеу емес ұнамаған бояуды мастихин арқылы алып тастап немесе үстінен өңдеп қайта жазуға болады.

Ақ түс-цинковтік ақ, свинцовтік ақ, екі ақ түстің қосындысы креминцк түс.

Сары – ашық охра, алтын түс охра, сары охра, кадмий сары, неополитандік сары, үндісары, кадмий лимон, марс сары, алтын – сары лак.

Қызыл- КиноВарь, кадмий қызыл , краплак жарық, краплак қараңғы , ағылшын қызыл, Венециандық қызыл, капут-мортуум, қызыл жер пуццуол, киноВарь , ал қызыл.

Көк- Ультрамарин , кобальт көк, церулем, азиринтовтік лазурь, кобальт жарық ,кобальт көк қараңғы , индиго.

Жасыл-Изумруд жасыл, Поль Веронез, кобальт жасыл. Жасыл жер Веронистік , грузындік жасыл жер, армян жасыл жер, волконсконт, окись хрона , богемстік жасыл жер.

ҚоңырМарс жарық қоңыр, копуг – моргуум , қоңыр жер, хотьковтік қоңыр жер, кудиновтік қоңыр жер, табиғи умбра, Ван Дик , табиғи сиена, кассельстік қоңыр жер, асфальт.

Қара-Виноградтық қара, Піл сүйегін күйдірілген.

Майлы бояудың небу жылдамдығы ондағы майдың мөлшерінен , пигменттің химялық құрамынан байланысты. Майлы бояу 15 ғасырдан бастап қолданыла бастады. Майлы бояу екі түрге бөлінеді «езілген ұсақ» бояу және «эскиздік » болып . Бірінші түрі ең жақсы майлы болып табылады. Екіншісі ол онша жауапты жұмыстарға арналмаған бояу.

Студенттер мынандай майлы бояудың түрлерімен жазған дұрыс болады.

Цинковтік ақ – барлық бояудың түстерімен араласа береді. және жай кебеді. Бұл бояудың қасиеті түс іздеу үшін өте қолайлы.

Кадмий сары - өте жай кебетін бояу. Әртүрлі оттенок шығаруға болады.

Охра сары Қатты да тұрақты түсін өзгертпейтін бояу.



Кадмий қызыл- КиноВарьдың орнына қолдануға болады. Өте ашық түс және жеткілікті тұрақты.

Краплак қызыл-ашық пурпурдық түс. Мөлдір және басқа бояумен араластырғанда жеткілікті қатты. Жасыл түспен араластыруға болмайды қарайып кетеді.

Охра қызыл-Барлық түспен араластырғандада толық тұрақты. Ағылшын қызылда осындай.

Изумруд жасыл-Жасыл бояулардың ішіндегі ең жақсы ашық бояу, мөлдір және краплактеа басқа бояулар араластырғанда тұрақты . Жылдам кебеді.

Окись хрома-түс жағынан жасыл түс тәріздес бояуға жақсы араласады тұрақты.

Кобальт көк – ашық көк , сары кадмий бояуынан басқа, бояулармен тұрақты араласады.

Ултрамарин – ашық көкшіл бояу, барлық бояу түстерімен тұрақты араласады. Бірақ кейбірде жұмысымызда лай көмескі бұлдыр тұтынады. Бұндай жағдайды суретшілер «ультрамарин ауруы» деп атайды. Бұндай жағдайды лакпен немесе маймен жұмысымызды жапсақ, түс қалпына келеді.

Табиғи умбра- ашық – қоңыр бояу, барлық бояу түстерімен араласып , өзінің мөлдірлік қасиетін сақтайды.

Күйдірілген умбра-қараңғы қоңыр бояу, барлық бояу түсімен араласуы тұрақты. Марс қоңырдың орынын ауыстыра алады.

Күйдірілген смена-ашық қызыл қоңыр, барлық бояудың араласуына тұрақты.

Күйдірілген сүйек-қара түс, барлық бояумен араласып өз тұрақтылығын ұстады.

Майлы бояумен үсті грунтталған әйнекке , қағазға , картонға, тақтайға, және кенепке т.б. сурет салуға болады.

Майлы бояу үшін кенеп өте жақсы материал болып табылады. Оны арнайы кергі ағашқа салып керіп қояды.

Майлы бояуды пайдалану үшін, бояу езетін кіші гірім тақтайша дайындап алу қажет. Ол тақтайша сол қолға ұстауға ыңғайлы болуы керек. Әдейі дайындалған тақтайша маймен боялып, сіңдіріп өте жақсы кептіріп дайындап алған жоқ. Егерде маймен боялма, құрғақ тақтайшаға бояу езетін болсақ , бояумен қоюланып майлы бояуымыздың майлы тақтайшамызға сіңіп кетеді.

Жалпы бояу езетін тақтайшамызды дұрыс пайдаланған жөн, жылы түсті бояуымызды бір қатарына ал салқын түсті бояуымызды екінші қатарына қойғанымыз өзімізге ыңғайлы болады.

Майлы бояудың өзінің қыл қаламы болады. Ол қатты және жалпақ болып келеді. Бір жұмысты бір қылқаламнан жазуға болмайды, кемінде үш қылқаламмен жазу керек №2,№6,№10,12 қылқаламдар көбіне қолданылады.

№2 –ші шұқып жазуға детальді түрде, №6 ші киім немесе , бөлек айналасындағы заттарды жазуға ал №10,12 фон немесе кеңістікті жазу үшін қажет болады.

Қылқаламнан басқа мастихин болғаны жөн. Мастихиннің атқаратын міндеті кенеп бетіндегі бояуды алып тастап қайта жазу үшін немесе кейбір суретшілер мастихиннің өзіменде жаза береді.

Суретшілерге керекті құралдардың бәрін алып жүретін шерені этнюдтік деп атайды. Этнюдтік суретшілер көбіне табиғат көрінісін жазу үшін алып жүреді. Этюдник әртүрлі, жай этюдник , аяқты этюдник , қалталы этюдник , жиналмалы этюдник болады.

Майлы бояуда ақ түсті бояу болады, акварельде ақ түстің орнына қағаз болса, майлы жанды бейнемеде ақ түсті бояумен жазады . Свинцовтік және цинковтік екі түрлі ақ бояу болады. Екеуіменде жазуға болады. Свинцовтік ақ бояудың қасиеті жылдам кебеді және қабатты қатты кеуіп жаман ауадан қараңғы бөлме ішінде қарайып келуі. Сонымен қатар улы бояу. Цинковттік бояу қараймайды, өте жай кебеді. Цинковтік , свинцовтік бояуды бірімен бірін араластырыпта жазады.

Кергі ағашқа керілген кенепті грунттау керек. Грунтталған кенепті дайын түрде салондарда сатады. Бірақ студенттер үшін кенепті өздері қолдан грунттаған дұрыс. Жақсы желім грунттің рецептісі: Желатин 10 гр. , цинковтік бояу парашогі әлде бор 100гр, (жарты стакан). , су 400 см 3, (екі стакан) , грунт жұмсақ бояу үшін 4 см 3, глицирин немесе бал қосады. Осы грунт 2 м2 кенепке жетеді. Грунт щеткамен немесе қылқаламмен жағады. Майлы бояумен жазбастан бұрын кенептің үстін наждакпен өтіп шыққан жөн.

Жұмысты шеберханада , немесе аудиторияда әдейі жанды бейнемеге арналған мальбертке қойып жазады. Майлы бояуды тақтайшаға сұйық арқылы езеді. Бірақ езбей тюбектегі бояудың өзіменде жазуға болады. Майлы бояуды езетін әдейі шөлмекте сұйық болады.


Май.

  1. Зығыр майы

  2. Күнбағыс майы

  3. Жаңғақ майы болады.

Бұл майлардың бәріде жұмысты сарғыш тартқызады. Сондықтан бояуды сұйық етіп езгіңіз келсе қандайда болмасын сұйық қолдану ткерек. Уайт- Спирит . Майлы бояуды езетін әдейі лак болады. Жанды бейнемеге арналған лак деп жазылады. Студенттер бінеше рет майлы бояумен жазған кезде, бояуды кетірмей ылғалды түрінде үстінен жазу керек. Әлде әбден кептіріп жазған жөн.

Жартылай кеуіп , жартылай ылғалды қабаттың үстінен жазуға болмайды. Жанды бейнемен тек қана күндіз жазған дұрыс себебі: түнгі уақытта светтің түсі басым болып жалпы сарғыш түс болып кетеді. Кенепке қарандаш пен суретін салуға болмайды. Кенепке бірден адамның немес натюрморттың кескінін көмір мен түсірген жөн. Көмірмен құрылымын құрып болғасын, көмір өтіп кетпеу үшін шаштың лагімен фиксатифтеуге болады. Табиғатта әр нәрсе өз түсімен формасы болады: помидор түсі қызыл формасы шар тәріздес екені айдан анық белгілі.

Нәрсенің түсі өзгерді мысалы помидор қасында сары нәрсе болса күнсәулесі арқылы рефлекс көруге болады. Осында йқұбылыстар жағдайлар табитғатта аттаған сайын кездеседі. Егер біз помидорды қызыл бояумен, қиярды жасыл бояумен, алманы сарымен бояп қоятын болсақ жанды бейнеменің керегі болмас еді. Бұндай жандай бейнеме еөркемсурет білімі жоқ. Әуесқойлық суретшінің сурет салуы болады. Сондықтан әр нәрсені өзінің түсімен бояп қоюға болмайды.

Адамның денесін денесі түстес бояумен жарық көлеңкесін айырып жазсақта бұндай жұмыс жанды бейнеменің тәсілдері меңгермеген дікті көсетедлі. Студенттер алдында күрделі қиын да мақсат тұр. Майлы бояудың түстерімен жұмыс жасауымыз керек. Басында айтып кеткен бояу езетін тақтайшамен дұрыс жұмыс жасап үйренгеніміз жөн. Бейнелеу өнерінің алдындағы көп заңдылықтарымен тәсілдерін және әдістерін толық меңгерсек, сонда ғана бейнелеу өнерінің кәсіби деңгейіне толық жетуге болады.

Майлы бояумен ең бірінші жұмыс жасағанда грезайль бір түспен жазып техникасын байқаған дұрыс, сонан соң этюд жазып көрсеңіз. Натюрморттың этюдін әр түсті майлы бояумен, бояу езгіш тақтайшаның көмегімен жазылады.

Этюд – француздің оқып білу, зерттеу үлкен шығарма көлемі белгілі бір размердегі алдына көріністегі нәрсені толық меңгеріп, зерттеп жазылған жұмысты айтады.

Кейбір студенттер ұғымында шала біткен жұмысты этюд деп түсінеді. Бұндай ұғымнан аулақ болу қажет. Этюдтің өзі алдына қойылған мақсатты толық меңгеру үшін істеледі.

Мысалы: Кеңістік , көлем, форма, жарық, көлеңке, кескіні және бояу түстері осыны кішігірім сианста этюдтік түрде көрсете беру.

Белгілі бір жұмысты бастамас үшін студенттер мына жағдайды ескерген дұрыс, қара бояу түсімен, ақ бояу түсінен аулақ болу қажет. Қара бояу түсін бірінші жұмыстарығңызда тақтайшаңызға сықпасыңызда болады, ал ақ түсті тек қана жарықтың түскен жағын жазу үшін ғана алғаныңыз дұрыс болды. Себебі: көпшілік студенттер жұмысын ағартып алады , ақ түс басым болып кетеді. Ал қара бояу туралы айтсақ, жаңа майлы бояумен жұмыс жасап жатырған студенттердің жұмысы кір болып кетеді. Көпшілік студенттер салқын түстермен кір түстерді айырмайды.

Салқын түспен , кір түсті шатыстырып алмау үшін қара бояудан аулақ болған дұрыс. Жоғарда айтылып кеткен бояу түстер, бояу тұстарын мұқият еске сақтаған жөн. Майлы бояудың көпшілік тәсілдері Қайта өрлеу дәуірінде дамыған. Біздің еліміздегі кең тараған майлы бояу техникасының әдісі. Бір қабатты жанды бейнеме әдісі «кенеп бетін түгел майлы бояумен жабылған жұмысты айтады» , «Алла прима техникасымен қазіргі заманымыздың суретшілері көп шұғылданады», «Алла примамен ». Респин ,Сарьян, Тельжанов , Ғалымбаева сияқты суретшілерде шұғылданған. «Алла прима» мазантерменде , сұйық бояуменде жазады. «Алла прима» бір сианста бітіріп жазып тастауға болады.

Көлеңкеден жарыққа қарай жазады. Үшінші этапта. Бұл сианстың атқаратын міндеті бөлшек жазылған детальдарды біріктіру. Біріктіру бір тұтасқа жинау яғни бір бағытқа біріктіру. Студенттердің үлгеруіне қарай екінші этапты екі сианс жазуға , немесе үшінші сиансті екі сианс жазуға болады. Колорит-дегеніміз не ?

Қандайда болмасын суретшілер шығармасын бір бояу үндістігіне бағындыруға тырысады бұндай бояу үндістігін колорит дейміз. Осы кітапшалардағы айтылған әңгімеміз студенттердің бірінші алдына қойған мақсаттары. Бұл кітапша студенттер үшін қысқа тұжырымды түрде кеңес алады деп сенемін.


Әдебиеттер


  1. А.В.Виннер «Как работают мастера живописи» М. Совет Россия 1995

  2. Ю.А.Волков «Работа над живописными этюдами» М.Просвещение 1984

  3. «Школа изобразительного искусства» М.изд. Академий худ. СССР 1961

  4. «Рисунок и живопись » 1-2 том. Искусство М. 1961

  5. Н.В.Одноролов «Материалы в изобразительном искусстве » М.Просвещение 1983


4. ГЛОССАРИЙ
Академиялық кескіндеме пәні бойынша глоссарий



Коллорит-лат. Соlоr (түс)-түстің байлығы, әркелкілігі және қаныққандығы

Локальді түс-фр.Local (жергілікті)заттың не түсін бейнелейді:

-жасыл шөп, қызыл қызанақ, сары лимон,т.с.с.



Акварель-лат.Aqua (су)-суда еритін бояулармен орындалған живопись

Техника лессировка-бір боялған жерге жаңа бояу қабатын жағу.

Техника алла прима-түстер қатынасы толық күшін алады.

Перспектива-заттармен образдың кеңістікте бейнелену заңдылықтары.

Шағылысу(рефлекс)-заттық көлеңке бөлікте немесе керісінше жарық түсіп тұрған жазықтықта бейнеленуі.

Блик-заттың үстіндегі ең жарық жері.

Контрастті түстер-Түстік шеңберде бір-біріне қарама қарсы орналасқан түстер.

Компазиция-көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі.

Алла прима(alla prima)-(бірден), шығарма немесе оның фрагментін бояуын кептермей шапшаң жағыстармен бір дүркін жазып шығатын тәсіл. Бұл тәсілмен жұмыс істейтін суретші бояулау кебетін бояуды таңдап алады.

Аппликация-(бастырма)

Архитектоника – (гр.architektonika)-(құрылыс өнері). Архитектура ,дизайн, мүсіндік шығармалардағы құрылымдық жүйенің, мөлшер-шамасының жарасымдылығы, ауырлық пен тірек қатынасының конструктивті шешімі. Бейнелеу өнері шығармаларындағы композиция, колорит, пропорция шешімдерінің көркемдік құрылымы.

Архитектура-Сәулет өнері

Гризайль- (фр.grisaille) күнгірт бояу бір түспен әр түрлі тондық көнытастарды орындалатың сәндік живопистің түрі.

Грунт-Астарлық

Дизайн- (ағыл. Design-жобалау, сызу) –заттардың көркем конструкциясын, заттық ортаның біртүтас рационалды құрылуын білдіретін термин, көркемдік жобалау жұмысының бір түрі.


І. Акварель – кескіндеменің (живопись) ең көп тараған түрлерінің бірі.

Акварель бояуларының құрамына ұсақталған бояу ұнтағы, біріне – бірі жабысуы үшін (терновая камедь), сонымен қатар (смола сибирской)

кейде оған ара балынан алынатын глюкоза, глецирин қосады. Бұл жабыстыру үшін қолданылатын қоспалар түссіз болып келеді, сондықтан да акварельді суда езуге мүмкіндік береді. Осыдан оның аты да шығады (латынша “aqua” – су)

Акварельдің негізгі қасиеті – акварельмен жұмыс жасаған кезде түстердің тазалығы мен мөлдірлігін алуға болады. Акварельмен жұмыс істеу арқылы бояудың бір қабатынан екінші бтір қабатын жұқа етіп жағу арқылы жаңа бір түстік реңк шығаруға мүмкіндік бар. Бұлардың барлығы акварельдің басқа кескіндеме түрлерінен ерекшелеп тұратыны, оның байлығының белгілері. Әйткенмен де, акварельмен жұмыс жасау үлкен төзімді, ұқыптылықты, шыдамдылықты қажет етеді, өйткені қате боялған бояу жұғындысын қайтадан өзгертіп, дұрыстауға келмейді. Ең алдымен жұмысқа кіріспес бұрын қағаз таңдап алуы шарт. Қағаз ақ, керегінше қалыңырақ болғаны жақсы, ең тиімді қағаз «ватман» немесе «жартылай ватман». Беті тегіс қағазға акварель дұрыс жағылмайды, себебі акваркль қағаз бетімен сырғып, бір – бірімен қосылмайды.



Жұмыс техникасы – Акварельмен жұмыс істеу кезінде планшетті немесе қағаз тартылған стираторды дұрыс ұстау маңызды. Планшетті тігінен қоюға болмайды, өйткені бояу бұл қалпында ағып кетеді. Планшетті тым көлденең де қоюға болмайды, бұл жағдайда су қағаз бетінің әрбір жеріне жиналып, кепкенде бояу қатпарланып тұрады. Ең тиімдісі планшетті аздап жатқызып қойған. Мұндай қалпында қағаз бетінде бояу қатпарлары қалса да, оны таза қылқаламмен сүртіп алуға болады. Акварельдің жұмыс техникасын игеру үшін, алғашқы жаттғуларды бір түспен, мысалы, қара немесе қою қоңыр түспен орындауға болады. Кескіндеменің бұл түрін бір түсті немесе монохромды, не «гризайль» деп айтады.

Акварельмен жұмысты неден бастаған жөн ?

Көбінесе бір түсті немесе түрлі түсті акварельде қою жерлерінен бастайды. Бұл натураның жарық және көлеңке қатынасын бөліп көрсетуге, түрдің көлемін алғашқы этаптарда тереңірек сезінуге көмектеседі, сонымен қатар, бояу қабатының тазалық дәрежесін сақтауға септігін тигізеді, өйткені бояуды қабат – қабаттап салуға тура келеді. Бірақ та акварель тонның күшін әлсірету қателігін жібермейді, сондықтанда ең қою жерлерін бірден бар күшімен салмай, алдымен аздап ашық түстермен боялады.

«Дымқылдату» тәсілі де акварельде қолданылады. Бұл кезекте қағаз бетін алдымен сумен дымқылдатып алады. Мұнда қағаз астына қалыңдау дымқылдатылған картонды салу арқылы, бүкіл жұмыс барысында қағазды сулы қалпында ұстауға болады. Бұл тәсіл суретке өзгертулер, түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Соған қарамастан, бұл өте қиын тәсіл, өйткені барлық жұмыс барысы кезінде қағаздың бір қалыпты дымқылдығын сақтау мүмкін емес.



II. Гуашь Акварель сияқты, гуашь суға езіледі. «Гуашь» сөзі итальян «quazzo» сөзінен шығып, «дымқыл» деген мағынаны білдіреді. Сонымен бірге «гуашь» деп бояудың осы түрімен орындалған өнер туындыларын да атайды.

Бірақ өзінің ерекшеліктерімен акварельден өзгешеленіп тұрады. Оның ерекшелігі – мөлдірліктен айрылғандығында. Гуашьтың қандай да бір түсін таңдап алған соң, оған (белила) қосылады. Гуашь кепкен соң оның бетінде ақшылдау қабат түзіледі.

Гуашь техникасының қиындығысол, онымен жұмыс жасағанда, түс кепкен соң қандай болып шығатынын алдын ала білуге болмайды. Гуашь таза бетке жақсы жағылады. Басқа жағдайларда ол үгітіліп қалуы мүмкін.

Кейде гуашь техникасын акварельге де қолданады. Мұнда соңғысында БЕЛИЛА қосады. Бұл кезде акварель кескіндемесі гуашь кескіндемесіне ұқсап кетеді. Акварель мен БЕЛИЛА қосындысы гуашьқа қарағанда қоюырақ түс береді.

Адамның сезімдерінің ішінде көру қабілеті аса дамыған. Көру үшін басты шарт – жарық. Күн сәулесін ақ деп санау бейімдіге айналған, негізінде оның өте күрделі түстер құрамы бар, оны әйнек призмадан күн сәулесін өткізу арқылы байқауға болады. Осындай жолмен алынған спектрде бірқатар түстер тобын байқаумызға болады. Олар біртіндеп – біртіндеп біреуінен келесісіне өтіп отырады. Күннен басқа да жарық шығаратын денелерді атауға болады, мәселен, элекрт лампасы, керосин лампасының жанып тұрған пілтесі, майшам, сіріңке, т.с.с.Олар күннен өзге түс береді , және ондай спектрді зертегенде, күн сәулесі спектрінен басқа спектр түзеді.

Түрлі түсті заттармен бірге түссіз заттарды да көреміз, яғни қара, сұр, ақ оларды ахроматикалық (грекше “Achrmos”- түссіз) деп атау қалыптасқан, түрлі – түсті, хроматикалыққа қарама қарсы.

Таза ақ түс барлық күннен түскен сәулелерді бейнелейді. Таза қара түс күн сәулесін керісінше өзіне жұтып, сіңіріп алады. Сұр түс, ақ түске қарағанда ашықтылығымен ғана ерекшеленеді. Адамның көзі түстің ашығынан қоюына ауысудың 300-ін айыра алады.

Хроматикалық түстердің 3 қасиеті бар.Түстен түсті ажырататын белгіні түстік тон деп атаймыз. Бұл терминді суреттегі «тон» деп жарық дәрежесін атайды, ал түс енгізуінде түстік тон деп түстер айырмашылығын атайды.

Екінші қасиеті-қаныққандығы (кейде оны тазалық терминімен ауыстырады). Неғұрлым түс жақын болса, соғұрлым қаныққан болады. Қаныққандық деп, мысалы, қызыл мак, көкнәр, сары лимонды атаймыз.

Үшінші қасиеті-ашықтығы. Ашық түстерге қызыл, сарыны жатқызуға болады. Бұл үш қасиеті-тон, қаныққандығы, ашықтығы-барлық түстерде бар.


ІІІ. Натюрморт

В.А Фаворский атап көрсеткендей натюрморт нұсқасын жасаған кезде заттарды көру керек және олардың бір-бірімен әңгімелескенін, бір-біріне деген қарым-қатынасының, әсерлерінің тереңдігі мен әуендік қатынасын түсініп отыруы керек.

Натюрморт кез-келген заттардың жиынтығы емес. Бір парақ қағазға кез-келен қолға түскен заттарды жинақтап салу- мазмұнды натюрморт орындалды деген сөз емес. Натураға деген белсенді авторлық қатынас, әдемілік, әсемдік сезімі әр-бір жұмыс этапында байқалу керек. Ол болмайынша оқу немесе шығармашылық қойылымды жақсы орындауға болмайды. Натюрмортқа жансыз заттардың тобы ретінде қарап, оларды механикалық түрде қағазға түсірмей, натурамен сәйкестігін ғана жеткізіп қоймай, әр-бір постановкадан идеялық мәнін, өмірдегі болмысын табу. Образды құрғанда заттардың әдемілігін, оларға тән қасиеттерін, кескінді-пластикалық және мағыналық байланысында қарастыру шарт.

Әр – бір заттың “тіршілік ету ортасы” болады. Басқа бір жағдайларға орналастырса, басқа заттармен үйлесе алмай, диссонанс құрап тұрады. Сондықтан заттарды орын-орынмен қойған жөн. Әр-бір зат басқа заттарды толықтырып, байытып, ортақ ойды жеткізіп, оның ерекшелігін көрсету қажет.

Натюрмортты бір-біріне ұқсас немесе біртекті заттардан жасау керек, мысалы кітап, гүл, т.с.с. Бұл автор ойының белсенді шығармашылығын, фантазиясын қажет етеді.
Абрис-бейнеленіп отырған фигураның контуры.

Адаптация-жарықтың белгілі

Ақ түс-цинковтік ақ, свинцовтік ақ, екі ақ түстің қосындысы креминцк түс.

Сары – ашық охра, алтын түс охра, сары охра, кадмий сары, неополитандік сары, үндісары, кадмий лимон, марс сары, алтын – сары лак.

Қызыл- КиноВарь, кадмий қызыл , краплак жарық, краплак қараңғы , ағылшын қызыл, Венециандық қызыл, капут-мортуум, қызыл жер пуццуол, киноВарь , ал қызыл.

Көк- Ультрамарин , кобальт көк, церулем, азиринтовтік лазурь, кобальт жарық ,кобальт көк қараңғы , индиго.

Жасыл-Изумруд жасыл, Поль Веронез, кобальт жасыл. Жасыл жер Веронистік , грузындік жасыл жер, армян жасыл жер, волконсконт, окись хрона , богемстік жасыл жер.

Қоңыр – Марс жарық қоңыр, копуг – моргуум , қоңыр жер, хотьковтік қоңыр жер, кудиновтік қоңыр жер, табиғи умбра, Ван Дик , табиғи сиена, кассельстік қоңыр жер, асфальт.

Қара-Виноградтық қара, Піл сүйегін күйдірілген.

Майлы бояудың небу жылдамдығы ондағы майдың мөлшерінен , пигменттің химялық құрамынан байланысты. Майлы бояу 15 ғасырдан бастап қолданыла бастады. Майлы бояу екі түрге бөлінеді «езілген ұсақ» бояу және «эскиздік » болып . Бірінші түрі ең жақсы майлы болып табылады. Екіншісі ол онша жауапты жұмыстарға арналмаған бояу.

Студенттер мынандай майлы бояудың түрлерімен жазған дұрыс болады.

Цинковтік ақ – барлық бояудың түстерімен араласа береді. және жай кебеді. Бұл бояудың қасиеті түс іздеу үшін өте қолайлы.

Кадмий сары - өте жай кебетін бояу. Әртүрлі оттенок шығаруға болады.

Охра сары Қатты да тұрақты түсін өзгертпейтін бояу.



Кадмий қызыл- КиноВарьдың орнына қолдануға болады. Өте ашық түс және жеткілікті тұрақты.

Краплак қызыл-ашық пурпурдық түс. Мөлдір және басқа бояумен араластырғанда жеткілікті қатты. Жасыл түспен араластыруға болмайды қарайып кетеді.

Охра қызыл-Барлық түспен араластырғандада толық тұрақты. Ағылшын қызылда осындай.

Изумруд жасыл-Жасыл бояулардың ішіндегі ең жақсы ашық бояу, мөлдір және краплактеа басқа бояулар араластырғанда тұрақты . Жылдам кебеді.

Окись хрома-түс жағынан жасыл түс тәріздес бояуға жақсы араласады тұрақты.

Кобальт көк – ашық көк , сары кадмий бояуынан басқа, бояулармен тұрақты араласады.

Ултрамарин – ашық көкшіл бояу, барлық бояу түстерімен тұрақты араласады. Бірақ кейбірде жұмысымызда лай көмескі бұлдыр тұтынады. Бұндай жағдайды суретшілер «ультрамарин ауруы» деп атайды. Бұндай жағдайды лакпен немесе маймен жұмысымызды жапсақ, түс қалпына келеді.

Табиғи умбра- ашық – қоңыр бояу, барлық бояу түстерімен араласып , өзінің мөлдірлік қасиетін сақтайды.

Күйдірілген умбра-қараңғы қоңыр бояу, барлық бояу түсімен араласуы тұрақты. Марс қоңырдың орынын ауыстыра алады.

Күйдірілген смена-ашық қызыл қоңыр, барлық бояудың араласуына тұрақты.

Күйдірілген сүйек-қара түс, барлық бояумен араласып өз тұрақтылығын ұстады.

Әдебиеттер.

Негізгілері:

  1. Рисунок, живопись, композиция.

Хрестоматия. (уч. Пособие для студентов)

Сост. Н.Н.Ростовцев. М., просвещение, 1989г.



  1. Н.В.Одноралов «Материалы, инструменты и оборудование в изобразительном искусстве»

М., «Просвещение» 1988г.

  1. Н.П.Костерин «Учебное рисование» М., «Просвещение» 1980г.

  2. Школа изобразительного искусства.

  3. Рисунок / под.ред. А.М.Смирнова.

  4. Ростовцев.Н.Н. Академический рисунок курс лекция, учеб. для студентов художеств. СССР, 1953ж

  5. Беда.Г.В. Бейнелеу сауаты негіздері. сурет, кескіндеме, композиция 2-ші бас. М.; Просвещение. 1981г.

  6. Радлов. Н.Э. рисование с натуры – 3 – изд. – Л. Художник РСФСР; 1978.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Барчай. Е.Анатомия для художников. Будапешт. 1982ж.

  2. Барщ. А.О. Рисунок в средней художеств школе – М. Академиф художеств. СССР, 1963ж.

  3. Бернштейн.М.Д. пробема учебного рисунка. – М, искусство, 1940ж.

  4. Савицкий Г.К. Молодым художникам о мастерстве.

  5. Волков. Н.Н. восприятие предмета и рисунка. – М, АПН,

РСФСР, 1950ж.

  1. Н.В.Кузин «Нобайлар және суреттемелер»

М., «Просвещение» 1981ж.

  1. С.В.Шорохов. « Композиция негіздері»

М., «Просвещение» 1979ж
6. Практикалық жұмыстардың жоспарлары




Тақырып

Жұмыс ұстауы

Апта

Әдебиет

1

2

3


4
5



« Кескіндеме » өнерінің мүмкіншіліктері мен түрлерлері.

Гипістік денелерден құрылған натюрморт (гризайл).

Қарапайым натюрморт (тұрмыстық заттардан құрылған).
Шыңы ыдыстардан құрылған күрделі натюрморт.
Күрделі түрлі түсті фондағы натюрморт.

1. Көркем өнер және педагогикалық сала бойынша маман даярлауға «кескіндеме» пәннің міндеті.

2. Кескіндеме жазу жабдықтары мен қолданылатын материалдар.

3. Кескіндеменің айқындауыш құрал-тәсілдері.

Акварель техникасын үйрену. Жарық көлеңкені айыра білу, затың көлемін көрсету.

Студиялық жұмыстың мазмұны Контрасты түстермен орындалған қарапайым тұрмыстық заттар қатысуы арқылы жасалған натюрморт.


Шыңы ыдыстарды бейнелеудегі негізгі ерекшеліктер.

Интерьердегі кеңістік аясын беру тәсілдерін оқу.Композициялық орталығын анықтап, бейнені форматқа орналастыру.




1

2-5


6-9
10-12
13-14

.


1)Шорохов Е. В. Основы композиции. М., 1979г. 256с.
2).Как писать акварелью. Москва. АСТ. Астрель. 2002.
3).Как построить композицию и перспективу. Москва. АСТ. Астрель. 2002.

4).Беда Г. В.Основы изоразительной грамоты. Рисунок.Живопись

.

5).Беда Г. В. Живопись и ее изобразительные средства. М.Просвешение. 1977г 187с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет