Мәдениет тілі



бет3/4
Дата24.09.2023
өлшемі17,97 Kb.
#182191
1   2   3   4
Байланысты:
Мәдениет тілі-emirsaba.org

Конвенционалды белгілер


  • Конвенционалды белгілер, аты айтып тұрғандай, адамдардың өзара келісімге келуі нәтижесінде қалыптасқан белгілер. Ол белгілерді басқашалай, шартты белгілер деп те атай аламыз. Мысалы, мектептегі қоңырау үні, зілзала кезіндегі дабыл соғу, шіркеу звонницасының үні, жұма намаз алдындағы азан шақыру, жедел жәрдем мәшинесінің үстіндегі қызыл айшық крест және т.т. Конвенционалды белгілерді өз алдына тағы да сигнал, индекс деп айтуымызға болады. Сигнал, немесе ишаралар әрбір мәдениетке сай қалыптасады. Оларды адам балалық шағынан көріп-біліп, үйреніп өседі. Мысалы, біздер үшін бас шайқау ишарасы – әлденемен немесе әлдебіреумен келіспеу дегенді білдірсе, болгарлар үшін ол, керісінше, мақұлдау ишарасы болып табылады. Ал индекстер –атауынан-ақ, біз пошта индексін еске түсіреміз, карталардағы, схемалардағы, графиктердегі белгілерді де индекске жатқызамыз.

Конвенционалды белгілер (суретте көрсетілген қоңырау үні – 5-10 минуттық үзіліс белгісі, 103 белгісі – медициналық жедел жәрдем белгісі)

Конвенционалды белгілер

ТІЛ – мәдениеттің маңызды бөлшегі. Тіл адамдардың тәжірибесін әділ түрде жинақтау, сақтау және беру қызметін көрсетеді. Тіл дегеніміз – белгілі бір мәнді білдіретін белгілермен рәміздердің жүйесі.


  • Негізгі коммуникация (байланыс) құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүрлер, мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылды. Тіл - коммуникация құралы ретінде адамның тікелей қатынасуын (айтуын, естуін) қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы өзара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды.

Жазу-сызудың пайда болуы адамзатты естілетін дыбыстық акустикалық кеңістіктен көзге көрінетін визуалды көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл-өсиет, даналық ой, жазылған және көзбен көріп оқылатын мәтіндерге айналды. (суретте Руна жазуы)

Тіл – ұлттық сана-сезімнің базалық элементі, халықтың руханилығының діңгегі, патриоттық тәрбиенің маңызды құралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет