Тіл ұлттың рухында, мәдениетінде көрініс тауып, тікелей ұлттық өзіндік санасының, халықтың дүниетанымдық көзқарастарының, ұлттық-құндылықты бағдарларының, өмір сүруінің, ұлттық салт-дәстүрлерінің және мінез-құлық ерекшеліктерінің тұтастығында бейнеленеді.
«Ұлт-тіл-тәрбие» -бұл үш ұғым бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірінен еш ажыратылмайды. Тіл ұлтпен бірге туып қалыптасатын жасампаздық, сонымен қатар ұлттық ой - сананың жемісі болып табылады.
Мемлекеттік (ресми ) тіл.Көпұлтты мемлекеттерде мемлекеттік немесе арнайы ортақ тіл рангіне бір тілдің қабылдануы қарастырылады, қалғандары мұндай мәртебеге ие емес. Тілдердің заң жүзінде тең құқылығы бір тілдің басымдылығымен де өлшенеді. Мысалы, Канадада ағылшын тілі француз тіліне қарағанда басымдылық танытады. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің Ата Заңының тілі, сондықтан ол мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылады.
Ұлтаралық қарым-қатынас тілі – ұғымы бір мемлекетте немесе нақты бір аймақта өмір сүретін әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара қарым-қатынасында қолданылатын ортақ тіл ретінде түсіндіріледі. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі адамдардың өз ұлтының территориясынан тыс жерде бірнеше ұлттардың тіршілік ету ортасындағы қарым-қатынасында қолданылады. Қазақстанда ұлт- аралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілі, ағылшын тілі, өзбек тілі қолданылады.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтарды біріктіретін мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында маңызды қызмет атқарады. Бұл, бірінші кезекте мемлекеттің барлық заңнамалық актілері қабылданатын тіл. Бұл сол сияқты ресми іс-шаралар, қызметтік хаттар, байланыстар жүзеге асатын тіл деп танылады.
Норвегия, Ресми тілдеріНорвег тілі (букмол және нюнорск) жергілікті деңгейде — саам
Норвегия, Ресми тілдері Норвег тілі (букмол және нюнорск) жергілікті деңгейде — саам
Швейцария, Ресми тілдерінеміс, француз, италиян, романш тілдері (швейцарлық ретороман)