Мәдениет тілі


Қол алысу – амандасу, жағдай сұрасу белгісі



бет2/4
Дата24.09.2023
өлшемі17,97 Kb.
#182191
1   2   3   4
Байланысты:
Мәдениет тілі-emirsaba.org

Қол алысуамандасу, жағдай сұрасу белгісі

Иконалық белгілер


  • Иконалық белгі дегенде “икона” сөзінің этимологиялық мәніне негіздеп айтып отырмыз. Грек тіліндегі “еісоn” қазақшаға “кескін”, “сурет” деп аударылады. Демек, иконалық белгі дегеніміз белгі-кескін, белгі-бейне. Бұл белгілер табиғи белгілерден өзінің жасандылығымен, артефактылығымен ерекшеленеді. Оны қазақ тіліндегі таңба деген ұғыммен алмастырсақ та болғандай. Мысалы, жақында мектеп барын білдіретін арнайы таңба жол үстіне салынады, көпшілік орындарында дәретхана, эскалатор-баспалдақты танытатын таңбалар қойылады. Әлгі кескін-бейнелерге қарап адамдар ненің қайда екенін ажырата алады. Кезінде қазақтар табын-табын сиырлар, үйір-үйір жылқылар, отар-отар қойларын өзгелердікінен ажырату үшін таңба салатын болған. Мысалы, қазақтар малына өз руының не атасының белгісі болып есептелетін рәміздік бейнені таңбалап салған. “Тайға таңба басқандай” деген тұрақты сөз тіркесі де соны аңғартады.

1-cуретте малға салынатын таңба белгісі, 2-суретте жылқыға таңба белгісі басылуда.

Ал таңба қазақи тілдік санада, оның мал шаруашылығымен айналысқан тұрмысында нақты күнделікті қажеттіліктерді өтеу үшін қажет әрекет нәтижесі ретінде көрініс тапқан. Демек, таңба әлдененің белгісі деп қабылданғанды бейнелеп, бірдеңеге басып беру қызметін атқаратын құрылым және сонысымен де ол абстрактылық деңгейі одан жоғары жатқан белгі ұғымымен салыстырғанда “жерге жақынырақ” тұрған сияқты. Осы орайда малдың кімнің жеке меншігі екендігін анықтау үшін қойылатын рутаңбаның жалпы адамзаттың жазу-сызуының пайда болуына әкелуі мүмкін екендігін бірнеше әліпбилер түпнегізінде жатқан белгілерді салыстыру арқылы дәйектеген ғылыми еңбектерді айта кеткіміз келеді. Таңба интернационалдық термин “штамп” дегенге барып саяды. Бірдеңені алдын ала кескіндеп алып, соны әлдененің белгісі ретінде үсті-үстіне басып отыру – таңбалау қызметі. Осы орайда, тіл болмысты таңбалайтын белгі деген ойтұжырым орынды болмақ. Расында, тіл сөзден болмыстың бүкіл алуан түрлілігінің таңбаларын жасап алып, оны сөйлеу барысында, мәтін жасау барысында қайта-қайта таңбалап тұрған іспетті.


  • Ал таңба қазақи тілдік санада, оның мал шаруашылығымен айналысқан тұрмысында нақты күнделікті қажеттіліктерді өтеу үшін қажет әрекет нәтижесі ретінде көрініс тапқан. Демек, таңба әлдененің белгісі деп қабылданғанды бейнелеп, бірдеңеге басып беру қызметін атқаратын құрылым және сонысымен де ол абстрактылық деңгейі одан жоғары жатқан белгі ұғымымен салыстырғанда “жерге жақынырақ” тұрған сияқты. Осы орайда малдың кімнің жеке меншігі екендігін анықтау үшін қойылатын рутаңбаның жалпы адамзаттың жазу-сызуының пайда болуына әкелуі мүмкін екендігін бірнеше әліпбилер түпнегізінде жатқан белгілерді салыстыру арқылы дәйектеген ғылыми еңбектерді айта кеткіміз келеді. Таңба интернационалдық термин “штамп” дегенге барып саяды. Бірдеңені алдын ала кескіндеп алып, соны әлдененің белгісі ретінде үсті-үстіне басып отыру – таңбалау қызметі. Осы орайда, тіл болмысты таңбалайтын белгі деген ойтұжырым орынды болмақ. Расында, тіл сөзден болмыстың бүкіл алуан түрлілігінің таңбаларын жасап алып, оны сөйлеу барысында, мәтін жасау барысында қайта-қайта таңбалап тұрған іспетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет