Мәдениет институттар - мәдени маңызы бар өнімді жасау, сақтау және тарату, нормативтік модельдер шығаратын және адамдардың құндылық бағдарын реттейтін функцияларды орындайтын ұйымдар, құрылымдар мен мекемелер. Оларға: саяси, идеологиялық және заңнамалық бағыттағы мемлекеттік институттар, қоғамдық ұйымдар, оқу және білім беру мекемелері, БАҚ, баспалар, жарнамалық және туристік құрылымдар, дене шынықтыру және кәсіби спорт жүйесі жатады МӘДЕНИ САЯСАТ Мемлекет пен қоғамның ортақ мәдени саясатын дамыту қоғамның құндылықтық бағдарларының болуын, адамдардың өзара іс-қимылына арналған әлеуметтік нормаларды, әр мәдени мекеме үшін нақты мақсаттарды тұжырымдауды талап етеді. МӘДЕНИ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТЫ - адамдардың әлеуметтену және тәрбиелеу процестерін жүйелеу және реттеу. Оны жүзеге асыру тәрбие мен білім беру, ағарту, бос уақыт, ғылыми, діни, шығармашылық, баспа, мәдениетті қорғау және басқа да мемлекеттік және қоғамдық институттар арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |