Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы Қазақ халқының философиялық дүниетанымын арнаулы зерттеген ғалым О.А. Сегізбаев қазақтардың ой қызметінің алғашқы кезендерінде дүние мен оны түсіну туралы информацияны жинап, сақтайтын және жалғастыратын коммуникативтік функцияны атқарған модельдік-бейнелеу (тасқа қашалған суреттер) мен символдық-белгілік (таңба-ру белгілері) жүйелердің орнын басқан вербальды-дискурсивті ойлау орта ғасырларда қалыптасқанына тоқталған.
Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы Тіл этномәдени дамудың «басты шарты» ретінде, басқалары үшін осы дамудың «нәтижесі», үшіншілері этникалық мәдениеттің «мағыналарының» негізін қалаушы десе, төртіншілері, «адамның биосоциалдық табиғатын білдіру тәсілі ретінде» түсінеді. Бұл көзқарастардың бәрін мәдениеттанулық көзқарас тұрғысынан жүйелесек, тілдің мәдени құбылыс және этно-діңгектің ең маңызды факторы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.