Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ


 сұрақ. Түркі Ренессансын қалыптастырған ғалымдар



Pdf көрінісі
бет26/49
Дата21.07.2022
өлшемі1,45 Mb.
#147637
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

2 сұрақ. Түркі Ренессансын қалыптастырған ғалымдар 
Ренессанс құбылысы Орталық Азияда Х-ХІІІ ғасырларда биік деңгейге 
көтерілгенін жоғарыда айтып кеткенбіз. Ал оның алғышарттарының бірі – 
VIII-Х ғасырлар арасындағы түрік тайпаларының мәдени жетістіктері. 
Ренссанс идеясының алғашқы нышандары Қазақстан жерінде осы ғасырлар 
арасында көріне бастады. Бұған Жетіу, Оңтүстік Қазастан, Сыр 
бойларындағы қалалық мәдениеттің өркендеуі, материалдық және рухани 
өмірдегі елеулі жетістіктер айғақ бола алады. Осы кезде Қазақстан жеріндегі 
қарахан, қыпшақ, оғыз мемлекеттерінде ірі тұлғалар талай мәдени 
туындыларды ұрпақтарына мұра етіп қалдырды. Олардың ішінде оғыз-
қыпшақтардың «Оғызнеме» және «Қорқыт ата кітабы», қарахандағы Жүсіп 
Баласағұнның «Құтты білігі» айрықша орын алды. 
Шығыс ренесансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық 
өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-
Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдауси, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, 
Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті 
адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен 
қатысы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі де бар. 
Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының 
нәтижесінде бүкіл афро-еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет 
қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы 
елдердегі мәдениеттерді араластырып, қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер 
болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, 
Египет, Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді. 
Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз 
әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік 
бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде 
мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатук, ал оның баласы Мұса 955 
жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. Х-
ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да бірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. 
Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол 
кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді. 
Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі екі 
бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін 
қалдырды. Бірінші бағыт Платон, Аристотель сияқты грек философтарына 
сүйенген Шығыс перепатетикасымен байланысты. Оның негізін салушы – 
дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы
ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн 
Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мұрасы 
Қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-
Фарабидің өзі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ. Б. 


Ғафуровтың есебі бойынша, ол 200-ден астам трактат жазған. Әл-Фарабидің 
өзінің трактаттарын сол замандағы рухани-ғылыми құрал саналған араб 
тілінде жазылғанымен, өз Отанының ғасырлар бойы қалыптасқан 
мәдениетінен әрқашан нәр алып отырған. Әл-Фарабидің ұлылығы оның өз 
отанының мәдени көңіл-қалпына ирандық, үнділік және антикалық 
мәдениеттерді ұштастыра білуі. 
Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері араб мәдениетінің мына 4 
тармағына байланысты:
1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу)
2. Шариғат (мұсылмандық тұрмыс-салт заңдары) 
3. Тарихат (Аллаға қызмет еткен әулиелер өмірі) 
4. Маарифат (білімділік, парасаттылық идеялары) (Әл-Фараби. Әлеуметтік-
этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. – 380 б.).
Мыңжылдар тарихы бар Иран өркениетін бұл елді жаулап алған арабтар, осы 
мәдениеттегі өте терең парсылық әдебиетті меңгеру жолын әдеп деп түсінді. 
Әдепке жататын шығармалар өзінің қарапайымдылығымен, түсініктілігімен, 
ой ұшқырлығымен адамды баурап алды. Әдепті адам ілімін әл-Фараби өзіне 
тән гуманистік тұрғыдан қарастырады және осындай адамдағы бірінші 
қасиет деп оның парасаттылығын көрсетеді. Оның шығармаларында 
кездесетін адамды «хайуани ақли» (ақылды жан) деп анықтау кейінгі 
еуропалық ағартушылықтағы Homo sapiens-ке сабақтас. Ақылды жанмен 
қатар әл-Фараби еңбектерінде адамды «Хайуани мадани» (мәдениетті жан) 
деп анықтаудың да терең сыр бар. 
Осындай тұлғалық деңгейге ең алдымен ел басшысы көтерілуі керек. Ол 
өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі 
болып шығады, ал оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, 
сәуегей және өмірдегі оқиғаларды түсінгіш, білгір болып көрінеді, – міне, 
осының бәрі оның тәңірлікті танып білетін болмысының шарапаты. 
Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала 
тұрғындарының көзқарастары туралы», «Бақыт жолына сілтеу», «Ақылдың 
мәні туралы», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Бақытқа жету жайында» 
ж.т.б. трактаттарында жан-жақты талдаған. Оның жиі қолданған ұғымы – 
«қала». Қаланы әл-Фараби жәй ғана қоныс, тұрғын жер деп түсінбей, оны 
адамдардың мәдени топтары, мемлекет мағынасында қолданады. Бұрын 
айтып кеткеніміздей, тіліміздегі мәдениет ұғымының арабшасы «маданият», 
мадина, яғни, қала сөздерімен түбірлес. Ізгілер қаласының тұрғындары, ұлы 
ұстаздың 
ойынша, 
өздерінің 
инабаттылығымен, 
әділеттілігімен, 
білімділігімен, өнер сүйгіштігімен көзге түседі. Олар надандар, адасқандар 
қалаларының тұрғындарынан мүлдем өзгеше. Әл-Фарабидің адамзат
мәдениетіне қосқан үлесін, оның төмендегі өлең жолдарынан жақсы 
байқаймыз: 
Бауырым, сен теріс жолға түскен жандарға ерме, 
Олардан аулақ жүр, әділдік жағында бол. 
Бұл дүние – біз мәңгі тұратын мекен-жай емес, 
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмады. 


Адамдар әлде құмға түскен із бе екен? 
Біз соншалықты дәрменсіз болғанымыз ба? 
Бір рет самал соқса-ақ, бәріміз 
Мына өмірден ұшты-күйлі жоғалып кетеміз бе? 
Адамға бір сәттік қысқа ғұмыр берілген (Әл-Фараби. 
Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. – 380 б.).
Жалпы алғанда, әл-Фараби – Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы, ол 
дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алды. Оның рухани мұрасы 
өзіні ұлы ізбасарлары Ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. 
суалмайтын қайнар болды. 
Шығыс Ренессансы туралы сөз еткенде оның тағы бір бастауы сопылық 
бағыт (суфизм) жөнінде айтпай кетуге болмайды. Қазақстан жеріндегі ұлы 
ғұламалар Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани, әсіресе, Қожа Ахмет 
Иасауи шығармашылығында сопылық сарын үлкен орын алған. Онан соң 
Ренессанс идеясын тек Платон мен Аристотельдің шығыстық ізбасарлары 
қолдады деу де сыңаржақтылық. 
Сопылық бағыт ислам әлемінде о баста ресми дінге қарсы оппазициялық 
қозғалыс ретінде туады. «Суфь» термині арабтың «жүн шекпен» деген сөзіне 
орайластырып алынған. Сопылар – киім талғамайтын, бар ойы руханилық 
төңірегінде тақуа адамдар. Сопылық бағыттың тарауының бір себебі, әуелде 
ой бостандығын шектемеген араб халифаттарында Х ғасырдан бастап 
фанатиктер күшейе берді. Олар құранға қарсы деп әр түрлі ағым өкілдерін 
қуғынға ұшыратады. Әсіресе, иран, түрік және үнділердің көне мәдениетінен 
қалған мұралар алла сөзіне жат деп жарияланады. Осы қуғын салдарынан 
Иран, Араб жерлерінене көптеген сопылар (өздерін дәруіштер деп атаған) 
Түркістан жеріне қарай ағылады. Орта Азияда 300-400 мың дәруіш пайда 
болды. Сопылар құдайды парасатпен емес, жүрекпен түсіну керек деп 
жариялайды. Олар халыққа түсінікті ету мақсатында өз идеяларын жергілікті 
түрік тілінде уағыздайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі, кейін мұсылман 
пірлерінің біріне айналған – Қожа Ахмет Иасауи. Оның ең үлкен жетістігі 
ғасырлар бойы қалыптасқан бай түрік мәдениетін мұсылман өркениетімен 
шебер байланыстыруында жатыр. 
Қожа Ахмет Исауи жазған негізгі шығарма – «Диуани хикмет» («Ақыл 
кітабы»). Қожа Ахметтің өмірде жасаған бір ерлігі оның 63 жасқа келгеннен 
кейін, «пайғамбар жасына жеттім, одан өмір сүру, жарық дүниені көру күнә» 
деп бар байлығын мүсәпірлерге таратып, өз еркімен жер астындағы үңгірде 
тіршілік етуімен байланысты. Оның пәк өміріне риза болған атақты Ақсақ 
Темір ғажайып Қожа Ахмет Иасауи ғимаратын салдырды. Яссауи туралы 
Ыбырай Алтынсариннің берген бағасын келтірейік: «Муштафид ғұламалар 
арасындағы ұлықтары төртеу: имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиг, имам 
Ахмад Ханбал Иасауи. Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп, халыққа 
түсіндіріп берді». 
Шығыс перипатетиктері – ақыл-ойды жоғары қойып, трактаттр жазса, 
сопылық бағыт мәдениеттің поэзиялық әдісімен өз ойларын насихаттаған. 
Есімдері әлемге белгілі Омар Хайям, Сағди, Хафиз, Низами, Руми тәрізді 


ақындар сопылықтың гуманистік идеяларын пайдаланып, ғажайып дастандар 
жазғаны белгілі. Олардың қатарында өзінің тиесілі орнын алатын, түрік 
тілдес халықтардың ортақ өкілі Иасауиға тоталитарлық жүйе кезінде мистик 
ақын деген айдар тағылып, халық мәдениетінен шеттетуге әрекеттер 
жасалды. Шын мәнісінде, суфийлік ағымды кертартпа мистикалық ілім деу 
қате. 
Философиялық суфийлік ағымның негізін салушыларға әл-Ғазали мен Ибн-
Араби жатады. Олардың ілімі бойынша, мәдениеттілік дегеніміз жан-жақты 
жетілген, толыққанды адамды үлгі-өнеге етіп қабылдау. Сопылық бағыттағы 
тағы бір гуманистік идея – ғарыш пенадамның тұтастығы. Кемеңгер, 
жетілген адамдар тұратын ғарыш мүмкін әлемнің ең жақсысы болып 
есептеледі. Осы тамаша ғарыш адам арқылы өз шегіне жетеді. Өйткені, адам 
– ғарыштың нұсқасы. Ежелгі гректердегі микродүние мен макродүниенің 
арасындағы үйлесімділік идеясы араб-парсы- түрік Ренессансында да 
осындай өз көрінісін табады. Осыдан келіп сопылық бағытт мистика деу 
идеологиялық жала екендігіне күмән жоқ. 
Құдай мен адам арасындағы алшақтықты жоюға ұмтылған сопы-
шайырлардағы негізгі күш – махаббат. «Диуани хикметте» Қожа Ахмет 
дүниенің тірегі деп адам мен махаббатты алады. Әл-Фараби өзі іздеген 
«Қайырымдылар қаласын» махаббат пен сүйіспеншілік үстемдік еткен, 
ақылды ел басы, әділетті заңдары, бақытты тұрғындары бар «Гүлстаннан» 
табады». Гүлстанға жетудің жолын халықтағы ізгі қасиеттер мен 
адамгершілікті дәріптеп, жамандықтан арылудан көреді: 
Ей ғафыл жан, зікірің тыйылмасын, 
Опасы жоқ дүние құр жыйылмасын, 
Жарандардың жан жылуы суынбасын, 
Жолын тапқан мұратына жетер, достар. 
Уа дариға, арманмен өмірім өтті, 
Нәпсім мені әбден-ақ бұзып кетті, 
Жаным құсы шарлап жүр зәулім көкті, 
Дидар көрем деген құл тыным таппас, 
Жүрсе, тұрса зікір сап аузын жаппас, 
Ондай құлдың тәне де қаңсып жатпас, 
Жаратқан Ием нұрын мол құяр, достар ( Қожа Ахмет Ясауи. Диуани 
хикмет (Даналық кітабы). – Тегеран: Әл-Хұда, 2000. – 162 б.).
Қазақстан жеріндегі Ренссанс көріністерінің бірі – Жүсіп Баласағұнның 
«Құтты білігі». Осыдан 9 ғасыр бұрын жазылған (1069-1070) бұл дастанда 
түрік мәдениетінің негізгі нышандары айқындалып, бақытты өмір сүру 
мұраттары тұжырымдалады. Жүсіп Баласағұн Хас-Хаджибтің бұл еңбегін 
шын мәнісінде ортағасырлық түрік мәдениетінің энциклопедиясы деп 
қарастыруға болады. 
Жүсіп Баласағұн Шығыс Ренессансының кемелденген кезінде өмір сүрген 
және әл-Фараби бастаған шығыс перепатетикасынан, әрі сопылық поэзиядан 
нәр алған. Сондықта оны білгілі бір мәдениет ағымына үзілді-кесілді қоса 


салу мүмкін емес. Ол өзіндік бір дәстүр бастаған ұлы тұлғалардың қатарына 
жатады. Тарихи-мәдени талай арнадан қуат алады. 
«Құдатғу білік» (Құтты білік») – 6520 бәйіттен тұратын философиялық-
тәлімдік шығарма. Дастанның аты Жүсіп Баласағұнның өмір тірегі құт, яғни 
парасатты, нұрлы өмір деген басты принципіне сүйенген. Жүсіп 
Баласағұнның түп-тамырларын тек Ренссанс идеяларынан ғана емес, ең 
алдымен тағдыры ұқсас түрік халықтарының ғасырлық мәдени мұралары 
төңірегінен іздеу керек. Яғни, «Құтты білік», кейбіреулердің айтатынындай, 
араб-парсы әдебиетінің көшірмесі емес. Дастанда X-XI ғасырлардағы Жетісу 
жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері көп 
жырланған.
«Құтты білік» кейіпкерлерінің есімдерінде бұрынғы тәңірлік дін 
нанымдарына қатысты. Басты бейне Күнтуды - әділ ел басшысының рәмізі. 
Бұл бейне «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») жазуларынан басталып, 
әл-Фараби мен Қожа Ахмет Ясауи армандаған түрік мәдениетіндегі үлгі, 
мұрат тұлғаның бастыс.келесі кейіпкер әділ патшаның уәзірі, ақыл-
парасаттылықтың иесі, елге бақ-дәулет, яғни құт әкелетін Айтолды бейнесі 
арқылы ашылған. Күн мен Ай қашаннан Кіндік Азия халықтарының пір 
тұтқан күш-қуаттары еді. Уәзірдің ақылды ұлы Ұғділміш – осы мәдениетке 
тән білімділік пен парасаттылықтың көрінісі. әдеп пен тәртіп, байсалдылық 
Ұғділміш бейнесінде философиялық тәсілмен суреттелген. 
Төртінші бейне – дәуріш Одғұрміш. Бұл жерде бірнеше терең ой айтылған. 
Ұғыну (Ұғділміш) пен Жүрекоттың (Одғұрміш) сұхбаттасуы бүкіл араб-
парсы-түріктегі мәдени өрлеу дәуірін толғандырған нағыз дүниетанымдық 
ізденіс еді. 
Ақыл мен сезімталдықтың, парасат пен түсінушіліктің, ақиқат пен 
махаббаттың арасындағы үйлесімділік тек Еуропа ғалымдарын ғана емес, 
сонымен бірге Шығыс ғұламаларын да көп толғандырған. Дәруіш Одғұрміш 
өзін жерұйыққа – хан сарайына қашама шақырғанымен өзінің қасиетті әлемі 
– бас бостандығынан айырылғысы келмейді. Күнтуды үшінші рет 
шақырғанда ғана, сопы дәруіш сұхбаттасу мақсатымен хан сарайына келеді. 
Бұл жерде үлкен мәдени сыр жатыр және осынс түсіне білген Жүсіп 
Баласағұн адамзаттың өркениетті болашағына терең болжам айтқан. Хан 
сұрақтарына дұрыс жауап бере білген Одғұрміш пендешілік ләззаттардың 
желегіне ермей, ескі дорбасын асынып, тау-тасты аралап кетеді. Бұл мистика 
да, аскеттік те емес. Қайта рухани тәкаппарлықтың жеңісі. Күнделікті 
пендешілік өмір тауға тас көтеріп, беталды әуре болатын Сизифтің әрекеті 
сияқты. Бақытқы жету жолы байлық жинау емес, басқаны алдау емес 
екендігін бұдан талай ғасырлар бұрын ата-бабаларымыз білген. 
Дәруіш – сопылар ерлігіне таң қала отырып, Жүсіп Баласағұн, алайда, 
бақытқа жетудің негізгі құралы деп парасаттылыққа тоқталады: 
Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, 
Білім – жарық, нұрын саған шашатын... 
Ақыл болса, асыл болар – болса ер, 
Білім болса, бектік қылар – қылса ер.


Ақыл кімде болса – болар асыл ол, 
Білім кімде болса – бек һәм басың ол. 
Ақылымен кісі асыл атанар, 
Бекке ел ісі білімімен жасалар. 
Талай ізгі іс атқарылды ақылмен (Баласағұн Ж. Құтты білік. 
– Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.).
Сөйтіп, 
Жүсіп Баласағұн қазақ және басқа туысқан түрік 
халықтарының рухани өрлеуіне үлкен үлес қосқан ғұламалардың бірі. Оның 
мұрасы – алтын қазына. 
Түрік тайпалары Шығыс Ренессансының жай ғана шеткі аймағы емес 
екенінің бір куәсі – Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі 
сөздерінің жинағы») атты туындысы. Бұл сөздікті тек тілтанулық құрал 
демей, сонымен бірге ортағасырлық түрік мәдениетінің озық өркениетке 
қосқан бір үлесі деп қарастырған жөн. Мұсылман әлемін баурап алған 
мәдениетке өзін әлемге таныту қажеттігі туды. Оны Махмұд өзінің теңдесі 
жоқ шығармасында ойдағыдай жүзеге асырады. Махмұд Қашқаридің негізгі 
зерттеген мәселесі – түрік тайпаларының мәдениеті. Осы мақсатпен ол бүкіл 
түрік тайпалары мекендеген кеңістікті аралап шыққан. «мен түріктер, 
түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар, қырғыздардың шаһарларын, қыстақ 
пен жайлауларын көп жылдар кезіп (аралап) шықтым, лұғаттарын жинадым, 
түрлі сөз қасиеттерін үйреніп, анықтадым. Мен бұл істерді тіл білмегенім 
үшін емес, қайта бұл тілдердегі кішігірім айырмашылықтарды да анықтау 
үшін істедім. Әйтпесе мен тілде олардың ең білгір адамдарынанмын, ең 
үлкен мамандарынан, көрегендерінен, тайпаларынан шыққан, соғыс істерінде 
мықты найзагерлерінен едім. Оларға ден қойғаным сондай, түріктер, 
түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар және қырғыз тайпаларының тілдері 
түгелдей көңіліме қонып, жатталып қалды. Солардың мұқият бір негізде 
жүйеге салдым» (Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 
192 б.).
Лұғатта тек Қарахандар мемлекетінің мәдени өмірі ғана емес, сонымен бірге 
ежелгі дәуірден келе жатқан түрік мәдениетіндегі миф-аңыздар, тұрмыс-салт 
ерекшеліктері, түріктердің Көк тәңірісі мен Күнге табынуы, табиғат 
құбылыстары тамаша суреттелген. Махмұд Қашқариді халық эпосын 
жазбаша түрік мәдениетінде алғашқы зерттеген ғұлама деп бағалауға болады. 
Жалпы айтқанда, Махмұд Қашқари – қазақ және басқа түрік халықтарының 
ішіндегі алғашқы мәдениет зерттеушісі. 
X-XII ғасырлар Қазақстан жеріндегі мәдени өрлеудің шынайы айғағы ретінде 
белгілі. Алайда XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстан мен Орта Азия 
мәдениеті үлкен сыннан өтті. Шыңғысхан шапқыншылығының салдарынан 
тамаша материалдық және рухани қазыналар жойылып кетті. Моңғол 
әскерлері гүлденіп тұрған қалалар мен елді мекендерді жермен жексен етті, 
бау-бақша мен егіс алқаптарын жойды. Дүниежүзілік өркениеттегі жоғары 
деңгейге жеткен Жетісу, Талас, Сыр аңғарлары қаңырап босқалды. IV 
Иннокентий папаның моңғол ханы Күйікке жіберген елшісі Плано Карпини, 


француз королі IX Людовиктің Мөңке ханға аттандырған елшісі Рубрук өз 
жазбаларында моңғолдарды мәдениет қиратушылары ретінде суреттейді.
Сонда моңғол шапқыншылығы терең ғасырлардан нәр алған түрік 
халықтарының бай мәдениетін мүлдем жойып жібере алмады. Шыңғысхан 
балалары Жошы мен Шағатай ұлыстарында билік еткен моңғол әкімдері 
ұзаққа бармай-ақ жергілікті халықтың тілі мен мәдениетін қабылдап, оларға 
сіңісіп кетті. Кейінірек Қазақ жерінің көпшілік бөлігін біріктірген Алтын 
Орда мемлекеті көршілерінде «қыпшақ елі» атанды. Алтын Орда 
Еуроазиялық даланы түгел дерлік қамтып және мамлюктік Мысырмен тығыз 
мәдени байланыста болды. Дешті қыпшақ елі моңғол соққысынан есіе жинап 
алған соң, бұрынғы мәдени салт-дәстүрлерді ары қарай жалғастырды. Жетісу 
жерінде XIV-XVI ғасырларда өмір сүрген феодалдық Моғолстан мемлекетін 
негізінен түрік тілдес тайпалар мекендеді. «Қазақтың көне тарихы» 
кітабында, Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы ежелден бері осы өңірде 
жасаған дулат, қаңлы, үйсін, керей т.б. тайпалар еді дей келіп: «Орта 
ғасырдағы тарихшыладың дернектеріне қарағанда, XIV ғасырда жоғарыда 
аталған ру-тайпалар «моғол» деп аталған. Бірақ бір кездегі «моғол» 
қалыптасқан халықтың аты емес, әскери-саяси одақтың аты болды». 
Осы дәуір мәдениетінің басты ерекшелігін Қазақстан жерінде Шығыс 
әсерлерінің күшеюі деп қарастыруға болады. Шығыс Ренессансының ықпалы 
қазақтың төл мәдениетінде мығым орын алған. Фердауси, Омар Хайям, 
Низами, Әлішер Науаи шығармаларын білмеген, «Мың бір түн», 
«Тотынама», «Шаһнама» сияқты шығыс дастандарын оқымаған қазақ 
ғұламалары болмаған. Осы туралы Абай өз шығармашылығында тура 
айтады. А.М. Горький шығыс ертегілерін қызық та ғажайып, ол бізге гүлдей 
жайнаған шығыс фантазиясын танытады десе, шығыстанушы ғалым Е.Д. 
Бертельс шығыс хикаяттарының адамға терең ой салып, ғибрат беретінін 
айтқан. Қазақ хандығы құралар алдында қыпшақ-оғыз тілдерінде талай 
ұтымды мәдени туындылар жазылған. Алтын Орда ақындары Насыраддин 
Рабғузи «Қисса – сұл әнбия», Саиф Сараи «Гүлстан», Хорезми « 
Махаббатнаме», Құтбы «Хұсрау уа шырын», Дүрбек «Жүсіп-Зылиха» 
дастандарын дала халқына түсінікті тілде өңдеп, жазып шықты. Бұл кезде 
(XIII-XV ғғ.) Карпат тауларынан Қытай, Моңғол жерлеріне дейінгі үлкен 
аймақты мекендеген қыпшақтар тілін еуропалықтар да білуге тырысқан. 
Олар қыпшақтарды кумандар деп атады. Осы өркениеттен қалған ұлы мұра – 
«Кодекс Куманикус». Ол XII ғасырдың аяғында құрастырылған, авторы 
белгісіз, қыпшақша-парсыша-латынша сөздік еді. Бұл үш тілдің ол кезде 
мәдени қатынастық маңызы зор болды. Латын тілі – Батыс Еуропаның дін, 
ғылым, мәдениетер құралы; парсыша білген адам Шығыста өзін еркін 
сезінеді; қыпшақ тілі үлкен әлеуметтік-мәдени ареалдың тілі болды. «Кодекс 
Куманикус» тек сөздік емес, сонымен бірге халықтық мәдениеттің жинағы, 
түрік тайпаларының энциклопедиясы қызметін атқарады.
Қазақ дүниетанымында өмір мәселесі күрделі этикалық ұстаным өмірдің
жалғастығы, мәңгі тіршілік ету ұстанымдарына әкеледі. Өлімді адам жеңе ала 
ма? – деген сұрақты Қорқыт ата да, Асан Қайғы да, Шәкәрім де қойған. Тек 


ізгі рух мәңгілікке апаратын көпір дейді ғұламалар. Адам ажалды болса да,
дейді Ж. Баласағұн, егер тірілердің есінде жақсы істері, ойлары, білімі, 
қайырымдылығы арқылы қалатын болса, ол қайта тууы мүмкін. Сөйтіп адам 
өмірінің мәні алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін белсенді түрде 
игеруде, ізгілікті істерінде екен; сонда тән өлгенімен жан мәңгі қалады: 
Тәннің үйі – қара жердің аясы, 
Шыбын жанның тән – баспана, саясы. 
Биік ұшса, жәннатқа енгені, 
Төмен түссе, бір пәленің келгені. 
Екеуінің бірі болар, алайда, 
Жаның мәңгі қалар тірі қалайда! 
Адам мұңлық болғанымен күнәсіз, 
Құрып тәні, өшер сөзі, шүбәсіз! 
Қайдан келді? Енді қайда барады? 
Қай жерде тұр? Енді қанша қалады? 
Біліктілер айта ала ма әрдайым? 
Білікті жоқ шешер мұның жұмбағын, 
Жалғыз алла қанық, білер сырларын (Баласағұн Ж. Құтты білік. – 
Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.).
Бұл 
сұрақтарға жауап іздеген біздің ғұламалар "мәңгілік –
адамгершілікте" деген түйінге келген. Абай айтқан "Адам бол!" 
ұстанымының мәнісі де осында жатыр. Адам болудың маңызды бір шарты- 
өзіндегі нәпсіқұмарлықты тежеу. Бұл жолда, деген Қ.А. Яссауи, адам өзіне 
өзі соғыс (жиһад) жариялауы керек. Нәпсіқұмарлықты тежеуде дін үлкен рөл 
атқарған. Әрине, исламда әкстремистік кейбір сарындардың болуы мүмкін. 
Бірақ, жалпы алғанда, этикалық мазмұны бойынша исламдық құндылықтар 
қазақ әдеп жүйесінде оң қызмет атқарған. Ойымыз көрнекі болуы үшін 
жоғарыдағы ақын ойларын ары қарай жалғастырайық: 
Рухым айтады: діннің ісін жақсылап жолға қойып, 
Ізгілік, жақсылық, жауыздық атаулыны айырып. 
Түн болса, тағат ғибадатпен тік отырып, 
Күндіз болса, салауат айтып ораза тұтамын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет