Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият»- қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан маариф (білімділік) және адаб (әдем, мораль) түсініктерімен байланысты
Алғашқыда агротехникалық термин (жерді өңдеу) ретінде қолданылды.
Ал, Цицерон болса алғаш рет оны ауыспалы мағынада «адам ақыл-есіне ықлал жасау»
үшін қолданды. Цицерон философияның адам өміріне ықпал жасау әдістерді
қарастыруды мақұл көрді. Тек осымен антикалық азаматтарды дайындау, ессіз баладан
ер адамдық деңгейге дейін қалыптасу жағдайлары сипатталады. Гректер бүл
жағдайды «пайдейя» (жас бала) түсінігімен белгіледі.Әйгілі римдік шешен,
философ Цицерон өзінің «Тускуландық сұхбаттар» атты еңбегінде алғаш рет мәдениет
сөзін егін шаруашылығынан бөлек мағынада, адам жанын рухани жетілдіру деп түсіндірген.
Ол философияны «жанның мәдениеті», «жанды жетілдіру» («cultura animae»),
онымен айналысатын адамды ақыл-ой мен рух мәдениетіне ие деп есептеді.
Сөйтіп, ол мәдениетті рухани құбылыстар қатарына жатқызды.
Антикалық мәдениет адамзат өркениетгілігінің
ең басты ошақтарының бірі деп есептелінеді.
Ол еуропалық мәдениеттің архетипіне жатады.
Зерттеушілер Антикалық мәдениеттің архаикалық,
классикалық, эллинистік және римдік кезеңдерін атап өтеді.
Антикалық мәдениеттің ақыры - 476 жыл.
Батыс Рим империясының құлауы.
Антикалық мәдениетте казіргі білімнің, философияның,
әдебиеттің, құқықтың, жалпы кітап мәдениетінің іргетасы
қаланады