Мәдениеттану



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#93153
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
мадениет

Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, ХVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн кәрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет