Мәңдерінің бірі –заттар салмағының сақталу заңын ашқан кедергі деңгейінде қалыптасып,әрі қарай даму дәрежесі жетті


Кешенді қосылыстың құрамдас бөліктерінің зарядтарын анықтау, формулаларын құру алгоритмдері



бет31/34
Дата17.03.2023
өлшемі1,36 Mb.
#172755
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Лекция анал химия 2

Кешенді қосылыстың құрамдас бөліктерінің зарядтарын анықтау, формулаларын құру алгоритмдері


Кешенді ион зарядын екі тәсілмен анықтайды.
1. Сыртқы сферадағы ион зарядына таңбасы жөнінен қарама-қарсы, ал абсолюттік мәндері бірдей болады, себебі қосылыс электрбейтарап.
Мысалы:
2· (+1) + х = 0
+2 + х = 0
х = -2
2. Ішкі сфераға кіретін иондар зарядтарының алгебралық қосындысына тең болады.

Кешен түзушінің зарядын да екі тәсілмен анықтайды.
1. Егер кешенді қосылыс формуласы берілсе, мына ережеге сүйенеді:
Кешенді қосылысты құрайтын бөлшектер зарядының алгебралық қосындысы нольге тең.

2. Егер кешенді ион заряды белгілі болса, ол құрамдас бөліктерінің зарядтарының қосындысына тең болады деп есептеп анықтауға болады.



Кешенді қосылыстар формуласын құру алгоритмі
1. Кешен түзушілер таңбаларын, тотығу дәрежелерін көрсетіп жазу.
Pt2+ Cu2+ Fe3+
2. Кешен түзушінің координациялық санын ескеріп, ішкі сфераның формуласын құру.
а) бейтарап кешен формуласын құру үшін кешен түзуші зарядын бейтараптағанша теріс зарядты лигандтарды жазып, соңынан координациялық санын қанықтырғанша бейтарап лигандтар жазу.

ә) катионды кешен үшін кешен түзуші жанына координациялық санын қанықтырғанша бейтарап лигандтарды жазу.

б) анионды кешен үшін кешен түзуші жанына координациялық санын қанықтырғанша теріс зарядты лигандтарды жазу.

3. Кешенді ионның зарядтарын анықтау.

4. Кешенді қосылыстың сыртқы сферасын жазу.

5. Кез келген қосылыс электрбейтарап екендігін ескеріп, қосылыстардың формуласын жазу.



Кешенді қосылыстардың жіктелуі

1. Электр өткізгіштігіне байланысты


а) электролиттер: K4[Fe(CN)6], NH4Cl, т.б.
ә) электролит еместер: [PtCl4(NH3)2]o
2. Кешенді ионның зарядына байланысты.
а) катионды кешенді қосылыстар: [Zn(NH3)4]Cl2
ә) анионды кешенді қосылыстар: K3[FeF6], K3[Al(OH)6]
б) бейтарап кешенді қосылыстар: [Pt(NH3)2Cl2]o, [Fe(CO)5]o
в) бикешенді қосылыстар екі кешенді ионның бірігуінен түзіледі:

г) көп ядролы кешенді қосылыстар: [(NH3)5Cr – O – Cr(NH3)5]Cl4
3. Функционалдық белгілеріне байланысты.
а) қышқылдар H[BF4], H2[SO4]
ә) негіздер: [Cu(NH3)4](OH)2
б) тұздар: К3[FeF6]
4. Лиганд табиғатына байланысты
а) акво кешенді қосылыстар (L – H2O)
ә) ацидокешенді қосылыстар (L – қышқыл қалдықтары)
б) гидроксокешенді қосылыстар (L – OH-)
в) аммиакаттар (L – NH3)
г) карбонилдер (L – CO)
ғ) полигалидтер (L – )
5. Ішкі кешенді қосылыстар (хелаттар)
Мұндай кешенді қосылыстарда лиганд кешен түзушімен екі түрлі механизммен байланыс (алмасу және донорлы-акцепторлы) түзу арқылы топтасады.
H2C – NH2 H2N – CH2
| Cu |
C –– O O –– C
O O
Мыс (ІІ) гликоляты
Ішкі кешенді қосылыстың алынуы және қасиеттерін зерттеуде көп еңбек еткен ғалым – Л.А.Чугаев.
6. Түзілу тәсіліне байланысты
а) қосылу арқылы:
Al(OH)3 + NaOH → Na[Al(OH)4]
NH3 + HCl → [NH4]Cl
ә) арасына кіру арқылы:
AgCl + 2NH3 → [Ag(NH3)2]Cl
CuSO4 + 4NH3 → [Cu(NH3)4]SO4




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет