Мектебімізде 17 қараша күні мектепішілк олимпиада өтті. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы, биология пәндерінен өткізілді. Олимпиада қорытындысы шығарылып, жеңімпаз оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. Жоғары көрсеткішке қол жеткізген 8-9-сынып оқушылары аймақтық олимпиадаға қатысуға жолдама алды. 26 қараша күні аймақтық олимпиадаға қатысқан оқушылар 8-сынып оқушысы Ескенова Асель биологиядан 1- орын, Волобуев Василий математикадан 1 - орын, Сағди Шыңғыс қазақ тілінен 2 – орын, Дауылбай Ақниет –қазақ тілінен 3 орын, Тасбергенова Эльмира георгафия пәні бойынша 1 орынға ие болды. Желтоқсан айында өткен аудандық олимпиадаға мектебімізден Тасбергенова Эльмира география пәні бойынша қатысып келді.
Мектебімізде жерлес жазушы, білгір журналист Мәди Хасеновтың 80 жасқа толуына байланысты «Мәди Хасенов 80 жаста» атты еске алу кеші өтті. Кешті қазақ тілі мен әдебиет іпәні мұғалімі Калымжанова С.Т. өткізді. Еске алу кешінде жүргізуші жазушының өмірі мен шығармашылық жолына байланысты неше түрлі мазмұнды әрі мағыналы әңгімелер айтса, 8-сынып оқушысы Сағди Шыңғыс жазушының шығармашылық жолына байланысты презентациясымен таныстырып өтті. Жазушының немере келіні Хасенова М.К. жазушының жастық шағы туралы, адамгершілік ізгі қасиеттері туралы қызықты әңгімелерімен бөлісті. Оқушылар журанлист туралы әріптестерінң пікірлерін, өлеңдерін нақышына келтіріп орындап берді. Кеш соңында Калымжанова С.Т. жазушының мақалалары мен шығармаларында қолданған нақыл сөздерді жинақтап, «Бабадан қалған асыл сөз» атты шағын кітапшасын Хасенова М.К.-ға табыс етті.
Жазушының 80 жылдық мерейтойын облыстық М.Жұмабаев атындағы әмбебап кітапханасы да «Ұлағаты биік өр тұлға» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл іс-шараға мектебімізден Хасенова М.К., Каымжанова С.Т. және 8-сынып оқушысы Сағди Шыңғыс қатысып келді. Бұған қоса 2 желтоқсан күні Көкшетау қаласында өткен облыстық ғылыми жобалар байқауына Сағди Шыңғыс «Мәди атам ардақты» атты ғылыми жобасымен қатысып келді.
І жарты жылдықта жүргізілген жұмыстарды саралай келе, ІІІ тоқсанда алдымызға келесі міндеттерді қойдық:
жас мамандармен жүргізілетін жұмыстарды одан әрі нығайту,
оқушыларды ОЖСБ-ға сапалы дайындау,
мұғалімдер мен ата-аналардың, оқушылардың Күнделік KZсайтымен жүйелі түрде жұмыс жүргізуін қадағалау,
1-сыныптың жаңартылған бағдарлама бойынша сапалы білім алуына жағдай жасау,
1 және 5-сыныптың бейімделуін бақылауға алу,
мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуын қадағалау мақсатында нақты жоспар құру
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар:
Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі- адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.
Үздіксіз тәрбиенің негізі –ұлттық тәлім-тәрбие.
Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.
Тәрбие-жүйесінің барлық буынында ана тілін пайдалану.
Тәрбие жүйесінің барлық сатыларымен салаларында тәрбиенің сабақтастығымен үздіксіздігін, талап бір
Достарыңызбен бөлісу: |