Медицина факультеті


Әлсіз электролиттер диссоциация процестеріне әсер етуші массалар заңның қолданылуы. Оствальдтың сұйылту заңы, оның математикалық теңдеуі



бет12/62
Дата01.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#155961
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
Байланысты:
1. Ацидоз кезінде ш ыл к мек ретінде натрий гидрокарбонатыны е

10. Әлсіз электролиттер диссоциация процестеріне әсер етуші массалар заңның қолданылуы. Оствальдтың сұйылту заңы, оның математикалық теңдеуі.
Әлсіз электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3%-тен төмен болады. Мысалы, СН3СООН (сірке қышқылы) 1,3%, NН4ОН (аммоний гидроксиді) 1,3%, Н2СО3 (көмір қышқылы) 0,17%, Н2S (күкіртті сутек қышқылы) 0,07%, т.с.с.
Электролиттердің диссоциациялану дәрежесіндегі айырмашылықты олардың электрөткізгіштігі арқылы анықтауға болады. Ол үшін концентрлі сірке қышқылының ерітіндісіне электрөткізгіштікті тексеретін аспаптың электродтарын батырып, ток көзіне қосамыз. Электр шамы әлсіз жанады. Енді электродтарды дистилденген сумен жуып, концентрациясы сірке қышқылының концентрациясындай тұз қышқылының ерітіндісіне салып ток көзіне қосамыз, аспаптың шамы жарқырап жанады. Сірке қышқылында диссоциацияланған молекулалар саны аз, сондықтан электр шамы әлсіз жанады, яғни электрөткізгіштік ерітіндідегі иондар санына байланыты болады. Ал тұз қышқылының ерітіндісінде диссоциацияланған молекулалар саны өте көп болғандықтан электр шамы жарық жанады.
11. Судың диссоциациялануы. Судың иондық көбейтіндісі, оның мәні. Сутектік және гидроксилді көрсеткіштер. Индикаторлар дегеніміз не? Олардың химиялық практикада қолданылуы.
Сутектік көрсеткіш теріс таңбамен алынған сутек иондарының молярлық концентрациясының ондық логарифмі. рН деп белгіленеді. Таза судың электр өткізгіштігін өлшеу арқылы, ондағы сутек иондарының және әрине оған тең гидроксид иондарының концентрациясын есептеп шығаруға болады.Ол 10 моль/л тең
Судың диссоциалануына әрекеттесуші массалар заңын қолданып,диссоциалану контантасын жазуға болады: Судың диссоциациялануы өте нашар болғандықтан, диссоцияланбаған молекулалар концентрациясын- [H₂O] тұрақты шама деп қарауға болады. Сутектік көрсеткіш.Ерітіндінің қышқылдығын немесе сілтілігін жоғарыда қолданылғандай теріс мәнді көрсеткіші бар сандармен жазу, жұмыс кезінде қиындық туғызады, сондықтан оған басқа ыңғайлырақ әдісті қолданады:сутек иондарының нақты концентрациясының орнына ,оның теріс таңбамен алынған ондық логарифм көрсетеді.Ол сутектік көрсеткіш деп аталып,РН арқылы белгіленеді:
рН = -Ig[Н+].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет