Медицина факультеті



бет48/62
Дата01.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#155961
түріҚұрамы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62
Байланысты:
1. Ацидоз кезінде ш ыл к мек ретінде натрий гидрокарбонатыны е

Олигосахаридтер – молекуласында гликозидті байланысқан 2-ден 10-ға дейін моносахарид қалдықтары болатын көмірсулар. Қалдықтар санына байланысты олигосахаридтер дисахарид, трисахарид, т.б. болып бөлінеді. Олигосахаридтер бос күйінде көптеген өсімдіктерде (мысалы, қызылша мен қант құрағында сахароза), сиыр сүтінде (дисахарид, лактоза), ана сүтінде (гексасахаридтер) кездеседі. Олигосахаридтер түссіз, қатты (балқу температурасы нақты емес) немесе тұтқыр сұйықтықтар; суда ерігіштігі молекула массасы мен құрылым жүйеленіміне тәуелді. Олигосахаридтер полисахаридтердің гидролизінен алынады. Тамақ өнеркәсібінде қолданылады..
Дисахаридтер – құрамында екі моносахарид қалдығы бар көмірсулар. Тотықсызданбайтын (сахароза, трегалоза) және тотықсызданатын (лактоза, мальтоза) кейбір Дисахаридтер табиғатта бос күйінде таралған. Жоғары олигосахаридтерді немесе полисахаридтерді біртіндеп гидролиздеу арқылы алады. Дисахаридтер молекулалары өзара оттек атомы арқылы жалғасқан моносахаридтердің екі қалдығынан құралады. Құрылыстары жай эфирлерді еске түсіреді: R' - О - R"
R' мен R”— моносахаридтер қалдықтары оттек "көпіршесі" арқылы жалғасқан. Дисахаридтерге: сахароза, лактоза, мальтоза, т.б. жатады.
Мальтоза — екі глюкоза қалдығынан құралған табиғи дисахарид; С12Н22О11. Ол крахмалдың құрылымдық фрагменті. Бос күйінде көптеген өсімдіктерде, әсіресе өнген арпа құрамында кездеседі. Мальтоза жартылай ацетальгидроксилінің кеңістікте орналасуына байланысты. Суда жақсы, пиридинде шектеулі түрде ериді, ал спиртте, эфирде ерімейді. Дәмі тәтті. Мальтозаны синтетикалық жолмен D-глюкозадан және крахмалға амилазамен әсер ету арқылы алады. Мальтоза микробиологияда құнарлы орта компоненті болып табылады.
Лактоза немесе сүт қанты — дисахаридтер тобына жататын көмірсутек, ақ түсті, тәтті дәмі бар. Сиыр сүтінде 4-6% мөлшерде болады. Лактозаны сүттің сарысуын буландыру арқылы алады. Суда нашар ериді. Лактоза айран, қымыз ашыту үшін және медицинада, бактериологияда (қоректік орта дайындау үшін) қолданылады.
Сахарроза — жүзім және жеміс қанттары қалдықтарынан құралған дисахарид. Сахароза глюкоза мен фруктозадан тұратын дисахарид, оның формуласы - C12H22O11. Ол сәбізде, қауында, үйеңкі, қайың шырындарында, қант қызылшасы мен қант қамысында кездеседі. Сахароза біздің өмірімізде маңызды зат болып табылады.


38. Полисахаридтерге анықтама беріңіз. Гомополисахаридтер. Крахмал. Амилозаның, амилопектиннің құрылымы. Химиялық қасиеттері, крахмалға сапалы реакциясы. Гликоген. Биологиялық қызметі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет