9. Сарғаюдың қай түрінде несепте билирубин және уробилиноидтар анықталады?
A. бауырлық
B. бауыр астылық
C. бауыр үстілік
D. барлық түрлерінде
E. «жалған» сарғаюда
10. Бауыр-жасушалық жетіспеушілік синдромы кезінде қанда қандай ферменттің мөлшері төмендейді?
A. аспарагиндік аминотрансферазаның (AST)
B. аланиндік аминотрансферазаның (ALT)
C. сілтілі фосфатазаның
D. лактатдегидрогеназаның
E. қандағы холинэстеразаның
Клиникалық есептер.
ЕСЕП 1.
Науқас А., 20 жаста, гастроэнтерология бөлімшесіне келесі шағымдарымен түскен: тамақтан соң 2 сағаттан кейін, түнде және аш қарынға эпигастрий аймағының бүріп ауырсынуы, қышқыл дәммен кекіру, лоқсу, іш қату, бас айналу, жалпы әлсіздік.
Анамнезінен: Науқасты 4 айдан бері лоқсу, эпигастрий аймағының ауырсыну, іш қату мазалайды. Ауруын тамақтану тәртібін сақтамаумен байланыстырады. Науқас таңертең көп мөлшерде «кофе қойыртпағы» тәрізді құсқан.
Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 88 рет. АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Ішін қарағанда патологиялық белгілер жоқ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.
Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Қай жүйенің ауруы деп ойлайсыз?
ЕСЕП 2.
50 жастағы науқас әйел дәрігерге мынадай шағымдармен келді: оң жақ иыққа, жауырынға тарайтын, әсіресе майлы тағамнан кейін пайда болатын оң жақ қабырға астының сыздап ауырсынуы, ауызына ащы дәмнің келуі, лоқсу, жеңілдік әкелмейтін құсу, әлсіздік.
Науқас бірнеше жылдан бері ауырады. Медикаментозды ем қабылдамаған.
Жалпы қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 18 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 75 рет. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Ішін қарағанда патологиялық белгілер жоқ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.
Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Қай жүйенің ауруы деп ойлайсыз?
ЕСЕП 3.
35 жастағы ер кісі физикалық күштемеден кейін және тамақтан соң оң жақ қабырға астында тұрақты түрде ауырлық сезімнің болуына, лоқсу, тәбетінің төмендеуі, іш көлемінің ұлғаюына, терісінің қышуына, қызыл иегінің қанағыштығына, іш қатуға, жалпы әлсіздікке, жұмысқа қабілетінің нашарлауына, тез шаршағыштыққа шағымданады.
Анамнезінен: Науқас 2 жыл бұрын болған ауыр жол апатынан көп мөлшерде қан жоғалтуына байланысты қан құйылу манипуляциясын алған соң бірнеше айдан кейін вирусты С,D гепатитпен ауырған. Стационардан ем қабылдап, жағдайы жақсарумен шыққан. Алайда сол уақыттан бері қызыл иегінің қанағыштығы, жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілетінің нашарлауы мазалап келеді. Науқас 5-6 айдан бері салмағы азайғанын байқаған. Жоғарыда аталған шағымдар бір аптадан бері мазалайды.
Объективті қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі сарғыш бозғылт, тілі мен ерні ашық қызыл түсті, теріде петехиялық бөртпелер, алақандарында эритемалар. Іші ұлғайған, тері астылық веналары білеуленген.
Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары анық, ырғақты. Пульс минутына 64 рет. АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Қағу белгісі екі жағында теріс мәнді.
1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Объективті тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
3. Қай жүйенің ауруы деп ойлайсыз?
ЕСЕП 4.
Науқас С., 26 жаста, ауыр халде жедел жәрдеммен клиникаға жеткізілді.
Шағымдары: бас айналу, құлағы шулау, көз алды қарауытады, шөлдеу, кенеттен жалпы әлсіздік, оқтын-оқтын естен танып қалады.
Анамнезінде: Он екі елі ішектің жара ауруымен ауырады. Соңғы екі күнде үлкен дәреті қара май түсті болған.
Қарағанда: Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, ылғалды, дене қызуы төмендеген. Өкпесінде везикулалық тыныс, ТАЖ минутына 24 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Пульс минутына 96 рет. АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды.
1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Объективті тексергенде анықталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
3. Қай жүйенің ауруы деп ойлайсыз?
4. Науқастың ауыр халін немен түсіндіруге болады?
ЕСЕП 5.
Науқас М., 63 жаста, 15 жыл бойы қышқылдығы төмен созылмалы гастритпен ауырады, көп жыл бойы тәбеті төмен болған соңғы кезде тағамға қарай алмайды, әсіресе етті тағамға, шіріген иіспен кекіру, үнемі лоқсу мазалайды.
1. Науқастың шағымдарының даму механизмін түсіндіріңіз.
2. Объективті тексергенде не анықталуы мүмкін?
3. Қай жүйенің ауруы деп ойлайсыз?
ЕСЕП 6.
Науқас 23 жаста, оң қабырға астында салмақ басқандай ауырсыну, сарғаю, дене салмағын жоғалту, буындарда ауырсыну, әлсіздік.
Анамнезінде: балалық шағында жедел вирусты гепатитпен ауырған.
Объективті: тері жамылғыларында сарғаюмен телеангиоэктазиялар бар. Бауыр ұлғайған – оң қабырға асты доғасынан 2 см шығыңқы. Талағы пальпацияланбайды. Биохимиялық тексерулерде: трансаминаза – 3 есе жоғары, жалпы билирубин – 32,8 мкмоль/л. Тимол сынамасы – 9,3 Б.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Негізгі шағымдардың даму механизмін түсіндіріңіз?
3. Науқасты объективті қарағанда анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?
4. Лабораториялық зертеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді талдаңыз және себебін түсіндіріңіз.
ЕСЕП 7.
Ер кісі 45 жаста, көп мөлшерде және ащы тағам, спиртті ішімдік ішкеннен кейін жедел түрде ауырған. Оң қабырға астында және эпигастрий аймағында сыздап ауырсыну пайда болған. Тері жамылғысының және склерасының сарғаюы, тәбетінің төмендеуін байқағаннан кейін, 3 тәуліктен соң дәрігерге қаралған. Бұдан алдын дәрігерге қаралмаған.
Объективті: Науқас жүдеген. Тері жамылғылары және көзге көрінетін кілегей қабаттарда сарғайған. Кеуде және мойын терілерінде «тамырлық жұлдызша» тәрізді телеангиоэктазия көрінеді. Қол саусақтарының треморы бар, тілі ақ жабындымен қапталған, ылғалды. Іші жұмсақ, оң қабырға астында ауырсыну. Бауыр қабырға доғасының астынан 3 см шығыңқы, шеті сүйір, тығыз, беті тегіс. АҚҚ 115/60 мм.сын.бағ. ЖСЖ- 68 рет 1 минутына. Лабораториялық тексерулердің нәтижесі: АСТ және АЛТ 2 есе жоғары, сілтілі фосфатаза қалыпты.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Негізгі шағымдардың даму механизмін түсіндіріңіз?
3. Науқасты объективті қарағанда анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?
4. Лабораториялық зертеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді талдаңыз және себебін түсіндіріңіз.
ЕСЕП 8.
Науқас С., 49 жаста, оң жақ қабырға астындағы оң қолға берілетін ауырсынуға, өт аралас құсуға шағымданып ауруханаға түсті. Ауырғанына 18 жыл болған. Объективті: тәбеті жоғары, көздің ағы сарғыш, оң жақ қабырға астында ауысыну, Ортнер симптомы оң. Қанда: лейкоциттер – 12*109 /л, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Өтті зерттеу – барлық үш порцияда - шырыш, лейкоциттер, IІ порцияда- лямблиялар.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Негізгі шағымдардың даму механизмін түсіндіріңіз?
3. Науқасты объективті қарағанда анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?
4. Лабораториялық зертеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді талдаңыз және себебін түсіндіріңіз.
ЕСЕП 9.
Науқас С 56 жаста, механик, клиникаға эпигастрийдегі, екі жақты қабырға астындағы ауырсынуға, сарғаюға, зәрдің қоңырлауына және нәжістің түссізденуіне, терінің қышуына, тәбетінің төмендеуіне және әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 3 ай болған. Объективті: терісі аздап сарғайған, тырнақ іздері бар. Қанда: ЭТЖ - 50 мм/сағ, Нв - 100 г/л, жалпы билирубин - 90 мкмоль/л, тікелей - 65 мкмоль/л, тимол сынамасы - 5 Б, АЛТ – 0,65 мкмоль/л. Холангиографияда 12-елі ішектің үлкен (Фатеров) емізікшесінің аймағында контрасты заттың өткізгіштігі бұзылған.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Негізгі шағымдардың даму механизмін түсіндіріңіз?
3. Науқасты объективті қарағанда анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?
4. Лабораториялық және аспаптық зертеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді талдаңыз және себебін түсіндіріңіз.
ЕСЕП 10.
Клиникаға 68 жастағы науқас, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Созылмалы алкоголизммен ауырады. Объективті: терісі мен көзінің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар бар. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ, жалпы билирубин (тікелей фракциясы есебінен) - 58 мкмоль/л.
1. Науқаста қандай синдром анықталады?
2. Негізгі шағымдардың даму механизмін түсіндіріңіз?
3. Науқасты объективті қарағанда анықталған өзгерістерді қалай түсіндіруге болады?
4. Лабораториялық зертеулер нәтижесінде анықталған өзгерістерді талдаңыз және себебін түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |