|
ОҚЫТУДЫҢ СОҢҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
|
бет | 2/58 | Дата | 04.09.2022 | өлшемі | 1,07 Mb. | | #148683 |
| Байланысты: УМКД БС ОМ каз 2012-132.4 ОҚЫТУДЫҢ СОҢҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
“Биологиялық статистика” курсын меңгеру нәтижесінде
студент білуі тиіс:
бас және таңдама жиынтықтар;
өлшеу шкалалары;
сәйкестік және келісім критерийлері;
таңдаманың репрезентативтілігі;
зерттеулердегі бағалардың жүйелік қателерінің түрлері;
қалыпты таралу заңының негізгі қасиеттері;
статистикалық жорамалдар, статистикалық критерийлер;
жорамалдарды тексерудің параметрлік емес критерийлері;
бірфакторлы,екіфакторлы дисперсиялық талдаулар;
Фишердің нақты критерийі;
эпидемиологиялық талдаудың негізгі критерийлері;
өміршеңдікті зерттеу;
корреляциялық тәуелділік;
Пирсонның корреляция коэффициенті, Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті;
медицина-биологиялық тәжірибенің кезеңдері;
компьютерлік статистикалық қолданбалы бағдарламалар пакеті: SPSS, Statistica, SAS;
Игеруі тиіс:
биостатистикадағы өлшеулердің сенімділігі мен шынайылығын бағалау, айырмашылықтардың статистикалық мәнділігін анықтау;
таңдама жиынтық үшін бірлікті таңдау;
таралудың статистикалық қатарларын анықтау және олардың теориялық таралу заңдарына сәйкестігін бағалау;
статистикалық қатардың сандық сипаттамаларын анықтау және олардың дәлдігі мен сенімділігін бағалау;
бас жиынтықтың дәлдік және аралық бағаларын табу;
критерийдің қуаттылығын анықтау;
полигон мен гистограмма тұрғызу;
бірфакторлық, екіфакторлық дисперсиялық талдаулардың негізгі әдістерін қолдану;
статистикалық жорамалдарды тексеру;
корреляцияның таңдама коэффициентін есептеу;
қорытынды кесте алу: жағдайлар саны,орта, стандарттық қате, орта қате.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|