18. Көру өткірлігінің жарық сезінуден, қол қозғалысының 0,03-ке дейін төмендеуі, жақсы көрінетін көзде түзетумен және/немесе жақсы көрінетін көзде көру өрісінің барлық бағыттарда бекіту нүктесінен 15 градусқа дейін тарылуы.
19. Қайта куәландыру кезінде интеллектуалдық-мнестикалық функциялардың айқын білінетін бұзылуларымен тұрақты эпилептиформалық жай-күйлер (эпистатус, ағымның жиі ұстамалылығы кезінде айына 5-6 рет тырысу жиілігі бар).
20. Аутизм, қайта куәландыру кезінде организмнің тіршілік-тынысының айқын шектелуі бар болған жағдайда.
21. Краниопластикаға жатпайтын ауданы 12 сантиметр және одан жоғары бас сүйегінің ақауы.
Еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарды арнайы автокөлікпен қамтамасыз етуге арналған медициналық көрсетілімдердің тізбесі
1) бір аяқтың салдануы немесе айқын көрінген парезі;
2) параплегия, аяқ-қолдың айқын парапарезі;
3) гемиплегия, айқын гемипарез;
4) ІІІ-ІV дәрежелі созылмалы артериялық жеткіліксіздігі бар аяқ-қолдың тромбооблитерациялаушы аурулары;
5) ІІІ-ІV дәрежелі созылмалы веноздық жеткіліксіздігі бар аяқ-қол веналарының ауруы;
6) бірнеше анкилоздар немесе бір немесе екі аяқтың екі ірі буындарының кем дегенде 2 ірі буындарының айқын көрінген контрактуралары;
7) Шарп бойынша екі табанның өскіндері (табан сүйектерінің бастарын кесумен) және табанның факультетаралық жоғары деңгейлері;
8) жіліншік тұқылы және аяқтың жоғары ампутациясы;