Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу үшін негіздер. Куәландыру (қайта куәландыру), сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) кезінде МӘС-ке жолдау тәртібі


Организмнің негізгі функцияларының бұзылуын және тіршілік тынысының шектелуін жіктеу



бет22/25
Дата01.10.2024
өлшемі189,39 Kb.
#205488
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
иөж Адия 1

Организмнің негізгі функцияларының бұзылуын және тіршілік тынысының шектелуін жіктеу

  • 1. Адам организмінің негізгі функцияларының бұзылуын жіктеу:
  • 1) организмнің психикалық функцияларының бұзылуы (аңғару, зейін, еске сақтау, ойлау, сөйлеу, эмоциялар, жігер, парасат, сана, мінез-құлық, психомоторлық функциялар);
  • 2) сезіну функцияларының бұзылуы (көру, есту, иісті сезу, түйсіну және сезімталдықтың бұзылуы);
  • 3) статикалық-динамикалық функциялардың (бастың, кеуденің, аяқ-қолдың қозғалу функцияларының, статиканың және қозғалыс үйлесімдігінің) бұзылуы;
  • 4) қан айналымы, тыныстау, ас қорыту, сыртқа шығару, зат пен энергия алмасу, ішкі секреция, қан түзілуі, иммунитет функцияларының бұзылуы.
  • 2. Организм функцияларының бұзылуын біліну дәрежесіне қарай жіктеу:
  • 1) функциялардың шамалы білінетін бұзылуы;
  • 2) функциялардың орташа білінетін бұзылуы;
  • 3) функциялардың айқын білінетін бұзылуы;
  • 4) функциялардың едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылуы.

3. Тіршілік-тынысының негізгі санаттарын жіктеу:

  • 3. Тіршілік-тынысының негізгі санаттарын жіктеу:
  • 1) өзін өзі күту қабілеті – негізгі физиологиялық қажеттіктерін өз бетімен қанағаттандыра алу, күнделікті тұрмыстық әрекет жасау және жеке гигиена дағдыларын орындай алу қабілеті;
  • 2) өз бетімен жүріп-тұру қабілеті – кеңістікте өз бетімен қозғала алу, кедергілерден өту, өзі орындайтын тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік қызметтер шегінде денесін тепе-тең қалпында ұстай білу қабілеті;
  • 3) оқу қабілеті – (дәрістік, кәсіби және басқа да) білімді қабылдап және түсіне алу, дағдылар мен машықтарды (әлеуметтік, кәсіптік, мәдени және тұрмыстық) игеру қабілеті, сондай-ақ білім беру мекемелерінде оқу мүмкіндігі;
  • 4) еңбек қызметіне қабілеті (еңбек қабілеті) – жұмыстың орындалу мазмұнына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеті;
  • 5) бағдарлана білу қабілеті – уақытта және кеңістікте бағдарлана білу қабілеті;
  • 6) қарым-қатынас жасау қабілеті – адамдар арасында ақпаратты қабылдау, қайта өңдеу және алмасу жолымен қарым-қатынас орнату қабілеті;
  • 7) өзінің жүріс-тұрысын бақылау қабілеті – өзін сезіне білу және әлеуметтік-құқықтық нормаларды ескере отырып барабар мінез-құлыққа қабілеті;
  • 8) ойын және танымдық қызметке қабілеті – құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау, алатын тәжірибесінің болмысы мен елесін талдау қабілеті, бала жаста жас ерекшеліктерін ескере отырып оқу және даму қабілеті;
  • 9) белсенді қозғалу қабілеті – баланың денесінің жай-күйін өзгерту, кеңістікте қозғалу арқылы әртүрлі қимылдарды орындау, объектілердің орнын ауыстыру, қозғалту немесе манипуляциясы, жүру, жүгіру, кедергілерден өту және әртүрлі көлік түрлерін пайдалану қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет