4. Тіршілік-тынысының шектелуін біліну дәрежесіне қарай жіктеу:
4. Тіршілік-тынысының шектелуін біліну дәрежесіне қарай жіктеу:
1) өзіне өзі қызмет көрсету қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып, өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
екінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып және (немесе) өзге адамдардың көмегімен өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті;
үшінші дәреже – өзін өзі күтуге қабілетінің болмауы және басқа адамдарға толық тәуелді болуы;
2) өз бетімен жүріп-тұру қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – қажет кезінде көмекші құралдарды пайдалана отырып, неғұрлым көп уақыт жұмсап және қашықтықты қысқарту арқылы өз бетімен жүріп-тұру қабілеті;
екінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып және (немесе) басқа адамдардың көмегімен өз бетімен жүріп-тұру қабілеті;
үшінші дәреже – өз бетімен жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болуы;
3) оқуға қабілетінің шектелуі:
3) оқуға қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – оқу процесінің арнайы режимін сақтай отырып және (немесе) қосымша құралдарды пайдалана отырып жалпы үлгідегі оқу орындарында оқуға қабілеттілігі;
екінші дәреже – тек арнайы оқу орындарында немесе арнайы бағдарламалар бойынша үй жағдайында және\немесе көмекші құралдарды пайдалана отырып және (немесе) өзге адамдардың көмегімен оқуға қабілеттілігі;
үшінші дәреже – білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабілетсіздігі;
4) еңбек қызметіне қабілетінің (еңбек қабілетінің) шектелуі:
бірінші дәреже – біліктілігін төмендеткен немесе өндірістік қызметтің көлемін азайтқан жағдайда, еңбек қызметін орындауға қабілеті, өз мамандығы бойынша жұмысты орындау мүмкіндігінің болмауы;
екінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып, арнайы жасалған жағдайларда және (немесе) арнайы жабдықталған жұмыс орындарында және (немесе) басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметін орындауға қабілеті;