Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ


Кейсті орындау бойынша тапсырмалар



бет20/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)

Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. ҚР АК 917-бабының нормаларын зерделеу негізінде зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерiн анықтаңыздар.
2. ҚР АК 4 параграф нормаларын талдау арқылы моральдық зиянды өтеу негіздерін анықтаңыздар.
3. «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысы) моральдық зиянды өндіріп алу туралы сот шешімінің негізділігін анықтаңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Медициналық қызмет көрсету шартында келтірілген залал мен моральдық залалады өтеу негіздері болу қажет па?
2. Медициналық қызмет көрсету сапасы қандай тәртіппен анықталады?
3. Тәуелсіз сараптама тағайындалу үшін қандай талаптар қоылады?
4. Кейстегі моральдық залалдың соммасы дұрыс анықталған ба?


Кейс 4
Жазатайым оқиға 2019 жылдың 1 желтоқсанында болған. 7 жасар Данияр ас үйде отырғанда қаламын жерге түсіріп алады, оны көтергісі келген кезде, кездейсоқ жағдада қайнаған сорпа бар ыдысты өзіне төгіп алады. Бала бірнеше секунд ішінде денесінің көп бөлігін (75%) күйдіріп алады. Баланың ата-анасы халық еміне жүгініп, ол күйіктерді қаздың майымен жағып емдейдеі. Баланың жағдайы жақсармағандықтан ертенгі күні ауылдық амбулаторияның дәрігерін шақырады. Ауылдық амбулаторияның дәрігері тек кешкі уақытта ғана келіп, баланы аудандық ауруханаға жедел апаруға кеңес береді. Ал өзі ондай көмек бере алмайтының айтады. Бірақ нәресте хирургияға келесі күні сағат 11-де ғана жеткізілді. Бала ауруханада қайтыс болды. Даниярдың ата-анасы оның өліміне ауыл дәрігері кінәлі деп есептейді. Себебі, ата-ананың ойы бойынша дәрігер шақыртқан уақытта бірден көмекке келмегені және баланың жағдайы нашарлығын ата анасына дұрыс түсіндірмгендіктен, бала ауруханаға тек келесі күні ғана кешектіріп жеткізілді. Айтылған жағдай баланың дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, сапалы медициналық көмек алуына кедергі болды дейді. Даниярдың қайтыс болуына байланысты және ата анасының арызына сай медициналық оқыс оқиға жағдайын (оқиғаны) айқындау мақсатында ішкі сараптама тағайындалды. Сараптама қандай қортынды береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет