Байланысты: 04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)
4. Демалыс уақыты 4.1. Жұмыскерге 24 (жиырма төрт) күнтізбелік жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, Жұмыс берушімен бекітілген еңбек демалыс кестесі бойынша ұсынылады, айлық жалақысы сақталып қалады.
4.2. Демалыс күндері Жұмыс берушінің ішкі актілеріне сәйкес ұсынылады.
4.3. Жылдық еңбек демалысы Жұмыс берушінің ұсынысымен және Жұмыскердің келісімімен тоқтатылуы мүмкін (еңбек демалысын кері қайтарып алу). Осыған байланысты орындалмаған еңбек демалысының жартысы екі жақтың келісімімен ағынды жылдың жұмыс күндері кезінде алуға немесе Жұмысшының ықыласымен келесі жылғы енбек демалысына қосылады, немесе ақшалай өтелуі мүмкін. Жұмыс берушінің келісімімен Жұмысшыға демалыс басқа уақыттарда да беріліуі мүмкін.
4.4. Пайдаланбаған еңбек демалысы үшін
өтемақылар ҚР еңбек заңнамасына сәйкес төленеді.
4.5. Екі жақты келісім бойынша жылдағы ақылы еңбек демалысын бөліп алуына болады.
4.6. Жұмыс беруші Жумысшының жазбаша арызы негізінде некеге тұрған кезінде, баласы тұған кезде және жақын туысқандары қайтыс болған кезде бес күнтізбелік кунге дейін еңбек ақысы сақталмаған демалыс беруге міндетті.
4.7. Жұмыс берушінің шешімі бойынша дәлелді себептеріне байланысты жазбаша арызының негізінде жұмысшыға еңбек ақысы сақталмаған демалыс берілуі мүмкін. Осы келісім шарттың тармақшасында қаралған жағдайлардан басқа жұмыс жылында алған ақысыз еңбек демалысының жиынтығы осы Келісім шарттың 3.7. тармақшасында қарастырылғандай, 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспауы қажет
4.8.. Жұмыс беруші Жұмысшыға баласы үш жасқа толғанға дейін еңбек ақысы сақталмаған демалыс беруге міндетті№ Бала күтуге арналған үш жасқа дейінгі ақысыз демалысты Жұмысшының қалауы бойынша оның жазбаша арызының негізінде толық пайдалануға немесе бөліп алуына болады.Үш жасқа дейінгі бала күтуге байланысты алған демалысы кезінде Жұмысшының жұмыс орынықызметі сақталады. Қазақыстан Республикасы зандарында басқа жағдай қаралмаған болса, үш жасқа дейінгі бала күту үшін алған ақысыз демалыс уақыты жалпы еңбек өтіліне, мамандығы бойынша еңбек өтіліне кіреді.