Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ



бет43/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)

3. Тараптардың міндеттері
8. Қызмет беруші:
-ауруларды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес аталған нозологиялар бойынша хаттамалар болмаған кезде – жалпыға бірдей қабылданған тәсілдерге және дәлелді базаға сәйкес медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге;
-Тапсырыс берушінің емдеу нәтижелерімен қанағаттанушылығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға;
егер ақылы медициналық қызметтерді ұсыну кезінде кенеттен болған қатты аурулар, жай-күйлер, асқынулар, созылмалы аурулар кезінде пациенттің өміріне қауіпті жою үшін шұғыл көрсетілімдер бойынша қосымша медициналық қызметтерді ұсыну қажет болған жағдайда, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес медициналық көмекті ақы алмай ұсынуды қамтамасыз етуге;
-жасасқан Шарт шеңберінде осы немесе өзге де қызметтерді көрсетуге жағдайлар болмаған жағдайда, осы қызметті басқа денсаулық сақтау ұйымында көрсетуді ұйымдастыруға және оған ақы төлеуге;
-Тапсырыс берушіге көрсетілген медициналық, диагностикалық және сервистік қызметтердің түрлері мен көлемдерін көрсете отырып, белгіленген мерзімде шот ұсынуға;
-Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін барлық қажетті медициналық және қаржылық құжаттаманы ұсынуға міндетті.
9. Тапсырыс беруші:
-жұмыс тәртібі мен режимін айқындайтын денсаулық сақтау ұйымында белгіленген қағидаларды сақтауға;
-Шарт қызметтерін алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
- қызметті немесе қызметтердің бір бөлігін алудан бас тарту туралы Қызмет берушіні уақтылы хабардар етуге;
- көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді уақтылы жүргізуге міндетті.
4. Тараптардың құқықтары
10. Тапсырыс берушінің:
ақылы бөлімшеде (палатада) жұмыс істейтіндер қатарынан емдеуші дәрігерді таңдауға;
жүргізілген емнің сапасы мен дәрігерлік тағайындаулардың негізділігіне сараптаманы жүзеге асыруға құқығы бар.
11. Қызмет берушінің тапсырыс беруші аурухана режимін бұзған және дәрігерлік ұйғарымдарды орындамаған жағдайда емдеуді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар.
12. Міндеттемелер шартта белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, Тарап екінші Тарапқа мән – жайлардың басталғаны туралы, ал олар тоқтатылғаннан кейін мән-жайлардың тоқтатылғаны туралы 1 күн ішінде хабарлауға міндетті. Бұл ретте, шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін Тараптар осындай мән-жайлар мен олардың салдарлары қолданылған уақытқа мөлшерлес ұзартуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет