Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ



бет34/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)

Бақылау сұрақтары
1. Қандай жағдайларда медициналық қызметкер кәсіби қызметтегі құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады?
2. ҚР ҚК қандай баптары медицина қызметкерінің қызметтік қылмыстары үшін жауапкершілігін қарастырады?
3. Медицина қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін қандай қылмыстар қызмет санатына жатады?
4. Қандай жағдайларда медицина қызметкерінің кінәсі болған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылады?
5. Төтенше қажеттілік ұғымы дегеніміз не? Медициналық тәжірибеден мысалдар келтіріңіз.


Кейс 1.
06.04.2015 жылы туған азамат А 2020 жылдың 19 қыркүйегінен 23 қыркүйек аралығында облыстық клиникалық ауруханада емделді. 25.09.2020 ж. А. аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Прокуратура ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ата-аналаның шағымы бойынша Прокуратура жүргізген сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша баланы емдеу кезінде медициналық көмек толық көлемде көрсетілмегені анықталды. Тергеу нәтижесі бойынша Дәрігер М. емдеуді дұрыс жүргізбегені, пациентін өмірін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдамағаны, атап айтқанда, қажетті диагностикалық шаралар жүргізілмей, негізгі ауру диагнозының кеш анықталуына және сәйкесінше тиісті емнің болмауына әкелгені анықталды.
Дәрігер М. ға қатысты айыптау қорытындысымен қылмыстық іс сотқа жіберілді. ҚР ҚК 68-бабының 1-бөлігі негізінде дәрігер М.қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Істі тергеу барысында адвокаттар іс бойынша жәбірленуші деп танылған қайтыс болған баланың дәрігері мен ата-анасын татуластыру мақсатында медиация рәсімдерін пайдаланды. Жәбірленушілермен 250000 теңге моральдық зиянды өтеу және татуластыру туралы шарт жасалды. Нәтижесінде тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастар тоқтатылды.
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР қылмыстық заңнамасының нормаларын зерделеу негізінде (ҚР ҚК 68-б., 317-б. 3-б.) кейстегі жағдайға талдау жүргізіңіз, сот шешімінің негізділігі мен заңдылығын анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет