Кейсті орындау бойынша тапсырмалар: 1. Берілген ақпаратты бағалаңыз, жағдайды талдаңыз. Мәселені тұжырымдаңыз.
2. Осы жағдайда әрекет етуші тұлғалардың әрекетін ҚР заңнамасына сәйкес бағалаңыз.
3. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен танысыңыздар
4. Жалпы практика дәрігеріне қатысты ӘҚБтК аталған құқықбұзушылық бойынша қандай жауапкершілік көзделген?
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын қандай суюъектілер бере алады?
2. Жіті немесе созылмалы аурулар асқынған және жарақаттар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын қанда мерзімге бере алады?
3. ӘҚБтК аталған құқықбұзушылық бойынша қандай жауапкершілік көзделгенің анықтаңыздар
10 Тақырып. Медициналық қызметтегі кәсіби құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық
Тақырып сұрақтары: 1. Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар түінігі және медициналық оқыс оқиғадан айырмашылығы
2. Медицина қызметкерлерінің кәсіби және лауазымдық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік: тартудың негіздері мен тәртібі.
2. Лауазымды тұлғаның түсінігі.
Тапсырмалар: 1. ҚР ҚК 4-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтың негіздерін атаңыз.
2. «Қылмыс» және «қылмыстық құқық бұзушылық» ұғымдарына анықтама беріңіз.
3. ҚР ҚК-нің 10-бабын зерделеп, ҚР ҚК-де көзделген қандай да бір іс-әрекеттің белгілері формальды түрде бар, бірақ маңызы аз болғандықтан қоғамдық қауіп төндірмейтін іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық құқық бұзушылық деп таныла ма деген сұраққа жауап беріңіз.
4. ҚР ҚК-нің нормаларын (мысалы, ҚР ҚК-нің 320-бабы) зерделеп, қасақана жасалған қылмыстардың мысалдар келтіріңіздер.
5. ҚР ҚК «Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар» 12-тарауында көзделген ең өзекті қылмыстардың ішінен абайсыз қылмыстарға сипаттама беріңіз: медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы; клиникалық зерттеулер жүргiзу тәртiбiн және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдану тәртiбiн бұзу; медициналық көмек көрсетпеу; медицина қызметкері құпиясын жария ету.
6. Ұсынылған кейстерді шешіңіз.