Кейсті орындау бойынша тапсырмалар: 1. Жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 Нормативтік қаулысын зерделеу негізінде моральдық зиянды өндіріп алу туралы сот шешімінің негізділігін анықтаңыз.
3. ҚР Азаматтық Кодексіне және Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы ҚР Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілде N 9 Нормативтік қаулысына талдау жасап, талапкер Ф. материалдық залалды өндіре алатынын анықтаңыздар.
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Моральдық зиянды өндіріп алу туралы сот шешімі заңды ма?
2. Емделушінің емделу мерзімінің ұзаруына, қайта ота жасау қажеттілігіне және т. б. байланысты физикалық және терең адамгершілік азабы зиян келтіруі мүмкін бе?
3. Пациенттің еңбекке қабілеттілігінен айырылуымен байланысты денсаулыққа зиян келтіру жағдайында материалдық залалды қандай тәртіппен өндіріп алу керек?
Кейс 5. Ведомствоның мәліметінше, 28 жастағы дәрігерге шабуыл 21 мамырда Ескелді аудандық орталық ауруханасында болған. Науқас коронавирусқа қарсы вакцина алу үшін қабылдауға келді. Процедурадан бұрын дәрігер түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады. Басынан бастап ер адам агрессивті болды, өзін дұрыс ұстамады және маманмен өте дөрекі сөйлесті. Дәрігер оған ескерту жасады және ол өзін медициналық ұйымда болғандықтан дұрыс ұстау керек екенін еске салды. «Сол кезде науқас балағат сөздер айта бастады. Одан әрі дәрігерге шабуыл жасап, басынан ұрып, тұншықтыра бастаған, дәрігердін беті мен мойынына бірнеше соққы жасаған», - деп хабарлады Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Оқиға орнына полиция наряды шақырылған. Қазір зардап шегуші бас миының шайқалуы, көптеген қанталауы, беттің және жұмсақ тіндердің жарақаты диагнозымен амбулаториялық ем қабылдауда. Агрессивті ер адамға құқық қорғау органдарына арыз берілді.
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар: 1. Берілген ақпаратты бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР АК нормаларына, ҚР Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" Нормативтік қаулысын зерделеу негізінде дәрігердің моральдық зиянды өндіріп алу жолдарын анықтаңыздар.
3. Дәрігер еңбекке қабілеттілігінен айырылуымен байланысты денсаулыққа зиян келтіру жағдайында материалдық залалды қандай тәртіппен және кімнен өндіріп алу керектігін анықтаңыздар