Талқылауға арналған сұрақтар: 1. С. ата-анасының талаптары негізделген бе?
2. Моральдық зиянды өндіріп алу бойынша қандай сот шешімі қабылдануы мүмкін?
3. «церебральды сал ауруы» диагнозы пациентке физикалық және терең адамгершілік азабы зиян келтіруі мүмкін бе?
Кейс 3. Азаматша Д. қалалық №3 перзентханасынан моральдық зиянды өтеу туралы 1500000 теңге сомасында талап арызбен сотқа жүгінді. Азаматша Д. өзінің талаптарын 02.09.2017 ж. қалалық №3 перзентханасында «кесарь тілігі» отасын жүргізу кезінде іш қуысында дәке салфеткасы қалдырылғандығымен негіздеді.
Талапкер 2019 жылдың сәуіріне дейін іштің қатты ауырсынуын бастан өткерді. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде іш қуысында бөгде зат табылған жоқ. Талапкерге операция жасалынып, іш қуысынан бөгде зат алынып тасталды. Жауапкер 2017 жылдың қыркүйегі мен 2019 жылдың сәуірі аралығында талапкерге басқа медициналық мекемелерде операциялар жүргізу туралы дәлелдер ұсынған жоқ. Қаланың аудандық сотының 16.11.2020 жылғы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды, ал жауапкерден 400000 теңге мөлшерінде өтемақы өндіріліп алынды. Сот шешіміне шағым түскен жоқ.
Тапсырмалар: 1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 Нормативтік қаулысын зерделеу негізінде моральдық зиянды өндіріп алу туралы сот шешімінің негізділігін анықтаңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Азаматша Д. талаптары негізделген бе?
2. Моральдық зиянды өндіріп алу туралы сот шешімі заңды ма?
3. Емделушінің емделу мерзімінің ұзаруына, қайта ота жасау қажеттілігіне және т. б. байланысты физикалық және терең адамгершілік азабы зиян келтіруі мүмкін бе?
Кейс 4. Бостандық аудандық сотының 23.08.2017 ж. шешімімен азамат Ф.-ның қалалық ауруханаға моральдық зиянды өтеу туралы талабы 500000 теңге сомасында қанағаттандырылды. Сот талапкер Ф. 16.12.2016 жылы қалалық ауруханаға түскен кезде оған «оң жақ жамбас мойнының толық емес сынуы» диагнозы дұрыс қойылмағанын, нәтижесінде қате емдеу жүргізілгенін, аталған жағдай оң жақ жамбас мойнының дұрыс бітпеуіне және мүгедектіктің басталуына әкелгенін анықтады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша ауруханада қойылған диагноз рентген мәліметтеріне сәйкес келмей, дұрыс ем жүргізу шараларын жүргізілмеген. Жарақаттың сипаты талапкерге ауруханада көрсетілген көмек жеткіліксіз болғанын дәлелдеді.