Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ


Кейсті орындау бойынша тапсырмалар



бет25/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)

Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. Халықтың денсаулығы Кодексіне, Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен танысыңыздар
3. №1 аурухана мен облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің жедел медициналық қызмет көрсету кезінде медициналық қызмет көрсету стандарттарын сақтағаны немсе бұзғанын анықтаңыздар.
4. Шымкент қалсындағы №1 аурухана мен облыстық балалар ауруханасы ӘҚБтК сай жауапкершілікке тарту нагіздерін анықтаңыздар.
5. №1 аурухана мен облыстық балалар ауруханасының медииналық қызмет көрсету сапасына байланысты медициналық қызметтер (көмек) көрсету лицензиясы мен дәрігерлердін аттестациясына қалай әсер ететінің анықтаңыздар
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Азаматтардың жедел медициналық жәрдем алу құқықығы қандай тәртіппен жүзеге асырылады?
2. №1 аурухана мен облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын сақтады ма?
3. ӘҚБтК қай бабында жедел медициналық жәрдем алу стандарттары сақтамаған үшін жауапкершілікке тартуға болады ма?
4. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті аталған жағдай бойынша қандай шешім қабылдауы керек?
8 Тақырып. Медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдарды азаматтық-құқықтық жауаптылыққа тартудың негіздері мен тәртібі


Тақырып сұрақтары:
1. Медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің туындауының шарттары мен тәртібі.
2. Материалдық залал және моральдық зиян туралы түсінік.
3. Медициналық қызметтерді тиісінше көрсетпеу салдарынан өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу тәртібі.
4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы қолдану ерекшеліктері.
5. Дауларды сотқа дейін шешу жолдары мен тәртібі.
Тапсырмалар:
1. Халықтың денсаулық туралы Кодексінің ережелеріне талдау жасау арқылы медициналық қызмет ұғымын анықтаңыз. Ерекшеліктері. Медициналық қызметтің объектісін анықтаңыздар. «Медициналық көмек» және «медициналық қызмет» ұғымдарының ара-қатынасын және айырмашылығын анықтаңыздар.
2. ҚР Азаматтық кодексінен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздерін белгілейтін бабпен танысыңыздар. Науқастың денсаулығына зиян келтіргені үшін медициналық ұйымдарды жауапқа тарту негіздерін атаңыз (мысалдар келтіріңіз).
3. Сапасыз медициналық қызмет көрсету жағдайлары бойынша мысалдар келтіріңіз. Зиянды өтеу міндеті кімге жүктелуі мүмкін? Жауапта заң нормаларына сілтеме жасаңыз.
4. ҚР АК 273 бабында «Мiндеттеменi орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмеуi» және ҚР АК 404 бабындағы «Шартты орындаудан бiржақты бас тарту (шарттан бас тарту)» нормасын талдаңыз.
5. Қандай жағдайларда Тараптардың бірі шартты орындаудан бас тартуға құқылы? Орындаушыға ұсынылатын медициналық қызметтерді орындаудан бас тарту мүмкіндігі орынды ма?
6. Ұсынылған тақырыптардың бірі бойынша эссе дайындаңыз: «Медициналық көмек көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу арқылы өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу», «Асыраушысының қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен адамдарға зиянды өтеу», «Азаматтық құқықтарды қорғаудың дербес тәсілі ретінде моральдық зиянды өтеу», «Медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне тарту тәртібі» , «Пациенттердің тұтынушылар ретіндегі құқықтарын қорғау».
7. Медициналық қызмет көрсету кезінде азаматтардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіру мәселелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды табыңыз. Медициналық қызметтерді дұрыс көрсетпеу немесе көрсетпеу салдарынан зиян келтіру жағдайлары бойынша мысал келтіріңіз.
9. Ұсынылған кейстерді шешіңіз.

Кейс 1.


«Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысына сай жеке тұлғаларға тумысынан немесе заң бойынша тиесiлi өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды сот арқылы қорғаудың, сондай-ақ оларға келтiрiлген моральдық зиянды өтеудiң адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың тиiмдi кепілі болып табылатынына соттардың назары аударылсын».
Моральдық зиян деп азаматтың өзіне тиесiлi өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың заңға қайшы бұзылуының, кемсiтiлуiнің немесе олардан айырылуының нәтижесінде туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет.
Жан азабы (адамның эмоциялық-еріктік уайымдары) деп оның басынан кешкен қорлануына, ызалануына, қысым жасалуына, ашулануына, ұялуына, түңілуіне, залал шегуіне, қолайсыз жағдайға болуына және т.б. қатысты сезiмдерiн түсiну қажет. Мұндай сезiмдер жәбiрленушiнiң өзiнің, сондай-ақ оның жақын туыстарының, жұбайының/зайыбының өмiрi мен денсаулығына құқыққа қарсы қол сұғылудың; бас бостандығынан заңсыз айырылудың немесе шектелудің, не емiн-еркiн жүрiп-тұру құқығынан заңсыз айырылудың; денсаулығына зиян келтірілуiнің, оның iшiнде адамның бет әлпетiне танымастай болып жарақат пен сызат түсiретiн; отбасылық, жеке немесе дәрiгерлiк құпиясы ашылуының; хат-хабар алмасу, телефон немесе телеграф ақпараты құпиясы бұзылуының; азаматтың қадiр-қасиетi мен ар-намысына кiр келтiретiн, шындыққа жанаспайтын мәлiметтердiң таратылуының; өз атына, өз бейнесiне құқықтарының бұзылуының; оның авторлық құқығының және аралас құқықтарының бұзылуының және т.б. салдарынан келтірілуі мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет