Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ



бет48/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)

5. Жұмыскердің еңбек ақысын төлеу
5.1. Жұмыс беруші Жұмыскерге еңбек ақысын штаттық кестеге сай, әр айдың 10-нан кешіктірілмей төленеді.
5.2. Еңбек ақы төлемі екі жақ келісімімен қабылданады.
5.3. Жұмыскердің өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауына байланысты, өз кәсіби біліктілігін жоғарылатуына және осы шарттың талаптарын сақтап, өзін шығармашылық жағынан көрсете білген адамдардың еңбек жалақысы көтерілуі мүмкін.
5.4. Жұмыс беруші ҚР заңнамасына сәйкес еңбек ақының жалпы мөлшерінен барлық ұсталымдарды алып қалады.
5.5. Белгіленген уақытынан артық жұмыс «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексына» сәйкес жүзеге асырылады.
5.6. Жұмыскердің кінәсінен туындаған бос уақыт төленбейді.
5.7. Жұмыскердің кінәсінен туындаған уақыттың төлену тәртібі мен шарты еңбек шартымен анықталып, орташа жалақының елу пайызынан кем болмайды.
5.8. Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау барысында жұмыс орны сақталады. Куәгер ретінде сотқа шақырылғанда жұмыс орны және айлық төлем ақысы сақталады (тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда).
6. Тараптардың құқықтары
мен міндеттемелері
6.1. Жұмыскердің құқығы:
6.1.1. Осы Шартты ҚР еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте Жұмыс берушімен жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
6.1.2. Ешбір кемсітусіз тендей еңбек үшін жалақыны алуға;
6.1.3. Қауіпсіздік пен гигиенаның талаптарына жауап беретін демалыс пен еңбек жағдайына;
6.1.4. Еңбек қызметін атқару кезінде денсаулығына не болмаса мүлігіне келтірілген зиянның орнын өтеуге;
6.1.5. ҚР заңнамасына сәйкес кепілдіктерге, өтемақыларға және жеңілдіктерге;
6.1.6. Кәсіби біліктілігін арттыруға;
6.1.7. Жұмыс берушіден осы келісім шарттың шарттарының орындалуын талап ету.
6.1.8. Еңбек шарты мен еңбекті қорғаудың жағдайы туралы толық мәлімет алуға.
6.1.9. Осы келісім шарт пен Еңбек Кодексының шарттарына сайкес уақтылы және толық көлемде жалақысын төлеу.
6.1.10. Жылдағы ақылы еңбек демалысы.
6.1.11. Өзінің өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық келісім шартты дайындауға, сонымен бірге қол қойылған ұжымдық келісім шартпен танысуға.
6.1.12. Еңбек Кодексында қаралған мамандығы бойынша дайындыққа қайта даярлауға, және өзінің біліктілігін көтеруге.
6.1.13. Қазақстан Республикасының зандарында қарастырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жағдайында.
6.1.14. Барлық занға қайшы емес әдістермен өзінің құқықтары мен занды қызығушылықтарың қорғауға.
6.1.15. Еңбек туралы таласты шешу үшін келістіруші комиссияға, таңдауы бойынша сотқа жүгіну.
6.1.16. Қауыпсіздік және енбекті корғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына.
6.1.17. Өзінің өміріне және денсаулығына зиян келтіретін жұмыстардан бас тартуға және бұл жөнінде өзінің тікелей басшысына немесе Жұмыс берушінің өкіліне хабарлауға.
6.1.18. кауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болмай, жұмыс тоқтап қалған кезде айлық табыстың орташа есебінің сақталуы.
6.1.19. Жұмыс берушінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі әрекеті бойынша шағымдануға.
6.1.20. Біліктілігіне, еңбектің күрделігігіне, орындалгған жұмыстың саны мен сапасына, сонымен бірге еңбектің шарттарына сәйкес жалакының төленуіне.
6.1.21. Еңбек Кодексы және басқа Қазақстан Республикасының қуқықтық-нормативтік актылерінде қарастырылған басқарма ұйымдарына катысуға.
6.2. Жұмыскердің міндеті:
6.2.1. Қызметтік-лауазымдық нұсқауда, осы Шартта және ҚР заңнамасында аталған еңбек міндеттемелерін әділ орындауға;
6.2.2. Еңбек, өндірістік және қаржылық тәртіпті сақтауға;
6.2.3. Жұмыс кезінде Жұмыс берушіге мүліктік зиян келтірмеуге, ұрлық, опат пен зиян келтіру Жұмыс берушінің мүліктік мүдделерін қорғайтын ойға қонымды шараларды қолдануға және Жұмыскердің құзырында болатын Жұмыс берушінің кез келген мүлігіне жауапкершілікте болуға;
6.2.4. Еңбек сақтығы, техникалық қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария бойынша пайдалану ережелерін орындауға, сапалы жұмыстың кепілі болатын жұмыс орнын тазалық пен жинақылықта ұстауға;
6.2.5. Осы Шартқа, қызметтік-лауазымдық нұсқау мен Жұмыс берушінің өзге де актілеріне сәйкес сеніп тапсырылған қызметтік, коммерциялық мәлліметтер мен Заңмен қорғалатын құпияны жарияламауға;
6.2.6. Адамдардың өмірі мен денсаулығына, Жұмыс берушімен мен Жұмыскердің мүлігіне төніп тұрған қауіпты жағдайлар туралы хабарлауға;
6.2.7. Ауысымға кіру не болмаса оны тапсыру кезінде қабылдау мен өткізуді Ңұсқауға (егер мұндай нұсқаулар Жұмыс беруші мен оның өкілетті тұлғасымен бекітілсе) сәйкес жүргізуге;
6.2.8. Жұмыс берушінің қызығушылығына сай келмейтін басқа жеке, заңды тұлғалардың қызығушылығын қолдамау және Жұмыс берушінің экономикалық қызығушылығына сай келмейтін істермен айналыспау.
6.2.9. Әкімшілікке және Жұмыс берушінің басқа да қызметшілеріне байланысты қызмет бабындағы сыйластықты сақтау.
6.2.10. Қызметшілерге, іскерлік әріптестерге, қонақтарға, клиенттерге сыйластық пен тілектестік көрсету.
6.2.11. Жұмыс берушінің іскерлік беделін қолдау, Компанияның/ Жұмыс берушінің атына кір келтірмеу, Компанияның/ Жұмыс берушінің дағдысын сыйлау.
6.2.12. Әрқашан өз кәсіби дәрежесін жетілдіру, өз білімін толықтыру және одан ары дамыту, жетілдіру, оқыту программаларына (курстарына), семинарларға және т.б. қатысу.
6.2.13. Осы шарт қолданысы кезінде ұлттық және басқа да халықаралық конкурстарға тек Жұмыс берушінің Компаниясының қызығушылығы негізінде және осы Компанияның атынан қатысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет