Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ



бет12/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)
Рупи Каур - Milk and honey, ИВБДВ, zheltuhi okvar hhh, Эпид 2, ойын инттеллектуалды, Власть социология, продолговатый мозг Костенко Светланы 115Б, Tuition-and-fees-2023-24 rus
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. ҚР денсаулық сақтау Кодексінде ақылы медициналық қызмет көрсетудің нормативтік негіздері бекітілген ба?
2. Ақылы медциналық көмек көрсету шартында пациенттін қандай құқықтары мен міндеттері бекітілуі қажет?
3. Шарт бекітуді талап ететін медициналық қызмет түрлері заңнамада айқындалған ба?


Кейс 5.
Азаматша Д. өзінің 20 жасар ұлымен бірге өткен жылдың 11 желтоқсанында «Қарағанды қаласының № 4 емханасына» медициналық көмекке жүгіну мақсатында келген болатын. Медициналық мекемеге бару жағымсыз оқиғамен аяқталды. Жазылған уақытта дәрігер қабылдап үгермегендіктен Азаматша Д. мен оның баласы дәрігердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын әдепсіз сөздермен балағаттады. 14 желтоқсанда медициналық мекемеге келушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Сот отырысында науқас пен оның баласы кінәсін мойындады.
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР заңнамасына сай медициналық қызметкерлердін құқықтары мен міндеттерін анықтаңыздар.
3. Азаматтар мен пациенттердің медициналық қызметкерлердін құқықтарын сақтауға байланысты қандай міндеттері бар екенін анықтаныздар.
4. Пациенттерді дәрігердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттеріне байланысты туындайтын әкімшілік және азаматтық құқықтық жауапкершілік негіздерін анықтаныздар.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Медициналық қызметкерлер қандай құқықтарға ие?
2. Медициналық қызметкерлердін құқықтары қандай құқықтық актілерде бекітілген?
3. Медициналық қызметкерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттер үшін қандай құқықтық жауапкершілік туындайды?
Тақырып бойынша бақылау сұрақтар:
1. Азаматтардың денсаулық сақтау құқықтық қатынастарының субъектілері ретіндегі құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері қандай? Заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы құқықтық қатынастарының субъектілері ретінде?
2. ҚР азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерін атаңыз.
3. ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қалай жүзеге асырылады?
4. Медициналық қызмет саласында құқықтық қақтығыстардың пайда болуын ерекшелейтін нақты белгілер қандай?
5. Пациенттердің құқықтарын қорғау жүйесінің нормативтік-құқықтық базасын қандай құжаттар құрайды?
6. Пациенттердің құқықтарын қорғаудың сотқа дейінгі деңгейінің негізгі нұсқаларын атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.
7. Пациенттердің құқықтарын қорғаудағы қоғамдық ұйымдар мен кәсіби медициналық бірлестіктердің рөлі мен маңыздылығын талдаңыз.
8. Пациенттердің құқықтарын қорғаудағы прокуратура органдарының рөлін анықтаңыз.

5 Тақырып. Медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтық қатынастары саласындағы құқықтары






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет