Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ



бет23/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)
Рупи Каур - Milk and honey, ИВБДВ, zheltuhi okvar hhh, Эпид 2, ойын инттеллектуалды, Власть социология, продолговатый мозг Костенко Светланы 115Б, Tuition-and-fees-2023-24 rus
Кейс 1.
«Нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірген» деген айыптаумен Атырауда дәрігерлерге қатысты соттың айыптау Үкімі шықты.
Шала туған баланың өліміне байланысты акушер Ж. Құлбатырова 2021 жылғы 18 қаңтардағы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 15 жылға сотталды. Ж. Құлбатырова сот шешімімен келіспей, себебін сол күні жасаған келесі әрекеттерімен негіздейді. Ж.Құлбатырова өзінің әрекетіне келесідей түсініктеме береді. «Менің барлық кінәм- жаңа туған нәрестеге көмектесуге тырыстым, дәрігерлерді оған қажетті көмек көрсетуге шақырдым және дәрігерлердің нұсқауларын орындадым». Ж.Құлбатырованың айтуынша әріптесі Д.Касанова жаңа туған нәрестені оған әкеліп береді. Ол оны №1 палатаға орналастырды. Айыпталушы Ж.Құлбатырова Д.Қасановаға жұмылдыру процедурасына сай кезекші неонатолог пен жауапты акушер-гинекологты шақыруды тапсырды. Бұл жерде Ж.Құлбатырова өзінің ұялы телефоны арқылы неонатолог Әлімбаеваны шақырмағанын және қасында Б.Тұрарованың болғанын атап өтеді. Ж.Құлбатырованың айтуынша сол уақытта біреу есікті ашып: «бұл Тұрымбетованың баласы ма?» деп сұрады, оның дәрігер А.Қайыржан екенін байқап қалдым:"Иә, Қасанова алып келді", - деп жауап бердім - дейді. А.Қайыржан: «бұл түсік» деп есікті жапты, одан басқа ол тағы бір нәрсе айтты, бірақ мен естімедім- деп сол уақыттағы әрекетін айтты. Қайыржанның айтуынша, бұл нәрестенің өлі екенін түсіндім. Содан кейін сағат 13:18-де кезекші Неонатолог Алимбаева келді. Мен жаңа туған нәрестенің кіндігіне қол тигіздім және әлсіз пульсацияны сезіндім, ол туралы дереу Неонатолог-дәрігерге Әлімбаеваға баяндадым. Кезекші Неонатолог Алимбаева жаңа туған нәрестені тексеріп: "алғашқы көмек қажет емес, бала өлі, жаңа туған нәрестені өлшеңіз және жұмысынызды жасаңыз", - деді. Содан кейін ол кеттіп қалды. Мен жаңа туған нәресте қайтыс болды деген қорытындыға сәйкес қажетті рәсімді орындауға кірістім және шамамен 15 сағат 38 минутта, баланың қолына бирка бекіткен кезде, сәбидің кіндігінен қан ағып жатқанын байқадым. Ұялы телефон арқылы кезекші дәрігер Алимбаеваны бірден шақыртып алдым. Алимбаева екінші рет 15:48-де келіп, баланың қайтыс болғанын айтты, бірақ оны жылы жерге қоюды бұйырды. Біз екеуміз жаңа туған нәрестені №1 палатаға жылы жерге қойдық. Ж.Құлбатырованың түсініктемесіне сай Алимбаевада баланың қайтыс болғанына күмәнді болған сияқты, себебі баланы жылы жерге орналастыру туралы тапсырма берген болатын. Содан ары қарай неонатолог Алимбаева баланы қарауға келмеді және кезекші неонатолог дәрігерлерге баланың жағдайы туралы мәлімет бермеген. Алимбаева кезекшілікті тапсырғаннан кейін үйіне кеттіп қал,ан. Ал Ж.Құлбатырова сағат 18:31-де №1 палатаға барып, баланы қарап шыққан.
Ж.Құлбатырованың әрекетіне сай өмірдің нышандарын байқамағандықтан, ол баланы орап, 18:32-де оны тоңазытқышқа салады. Жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа салғаны туралы хабарлау үшін ординаторға барып, онда ешкімді таба алмайды. Бір минуттан кейін Ж.Құлбатырова баланы медальонды бекіту үшін тоңазытқыштан шығарады және күмәнданбау үшін оны кезекші дәрігерлерге тағы бір рет көрсетуге бел буады. Дәрігерлер келгенге дейін ол баланы кушеткаға орналастырады, оны тексеруге дайындадым. Сағат 19:00 шамасында Ж.Құлбатырова баланы орап, зарарсыздандыру бөлмесіндегі кушеткаға қойып қойды. Ж.Құлбатырованың кезекшілік уақытында осы нәрестеге қатысты күмәні болғандықтан, ол акушер-гинеколог А.Қайыржанды ұялы телефон арқылы шақырады. Сағат 19:18-де телефон арқылы түнгі ауысымға түсетін кезекші неонатолог дәрігерлер Нұрмұхамбетов пен Жұмабаева баланы қарауға шақырылады. Екі кезекші неонатолог дәрігер 19:27-де келгеннен кейін А.Қайыржан, Ж.Құлбатырова, Нұрмұхамбетов пен Жұмабаева төртеуі зарарсыздандыру бөлмесіне барып, нәресте көк-қызыл түсті болғанын көріп, баланың өлі екенің растады. Балада өмір белгілері болмағандықтан өлі екеніне көз жеткізгеннен кейін, Ж.Құлбатырова нәрестені зарарсыздандырылған жаялыққа орап, медальонды бекітіп, оны шамамен 19:33-те тоңазытқышқа қайтадан салды.
Ж.Құлбатырованың айтуы бойынша ол мүмкіндігінше өз міндеттерін орындап, дәрігерлерге дер кезінде ескерту жасаған, сол себептен ол өзінің лауазымдық қызметіне сай әрекеттер жасағанын айтады. Сол себептен оған ҚК сай 15 жыл бас бостандығынан айыру туралы шығарылған соттың шешімімен келіспейтіні және аппеляцияға беретінің айтып өтті. Соттын Ж.Құлбатыроваға белгілеген жауапкершігі негізді ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет