Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ


Кейсті орындау бойынша тапсырмалар



бет24/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)
Рупи Каур - Milk and honey, ИВБДВ, zheltuhi okvar hhh, Эпид 2, ойын инттеллектуалды, Власть социология, продолговатый мозг Костенко Светланы 115Б, Tuition-and-fees-2023-24 rus
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпараттың маңыздылығын бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. ҚР Қылмыстық Кодексінің баптарына талдау жасап, акушер мейіргерді қандай баппен жауапкершілікке тартқаның анықтаңыздар.
3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен танысып, акушер мейіргер біліктілік сипаттамаға сай баланы құтқару үшін толық әрекет жасағанын анықтаңыздар.
4. Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1027 бұйрығымен танысып, стандарт бойынша акушер мейіргер медициналық қызметті стандарт нормалары сақталуына талдау жасаңыздар.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Қылмыстық іс бойынша акушерді 15 жылға сотталуы дұрыс па?
2. Мейіргер акушер тарапынан медициналық қызмет көрсету стандарттары сақталғанба?
3. Мейіргер акушердің түсініктемесіне сай акушер лауазымдық міндеттерінде көрсетілген медициналық манипуляцияларды толық орындаған ба?
4. Мейіргер акушер лауазымдық міндеттерін орындау үшін дәрігерлердін нұсқауын күтуі қажет па?


Кейс 2.
2020 жылы Шымкентте дәрігерлердің қателігінен 8 жасар бала қайтыс болды. Қызметтік тергеу 28 тамызда түнде баланың асқазаны ауырып, құсу басталғаннан кейін, таңертең оны жедел жәрдемге аппендицит күдігімен №1 ауруханаға апарғанын анықтады. Бірақ содан кейін дәрігерлер баланың қант мөлшері жоғары деп шешіп, оларды эндокринологиялық диспансерге жіберді. Баланың ата-анасы баласын облыстық балалар ауруханасына апарды, бірақ олар да көмек көрсетуден бас тартып, тұрғылықты жеріндегі ауруханаға оралуға кеңес берді. Ауруханалардың арасында 11 сағат жүргеннен кейін Әлихан көлікте, анасының қолында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама баланың некроздан және ішек тамырларының тромбозынан қайтыс болғанын анықталды. Әлиханның ата-анасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетіне №1 аурухана мен облыстық балалар ауруханасы жедел медициналық жәрдем көрсету қағидасын сақтамады деп арыз берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет