Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ


Кейсті орындау бойынша тапсырмалар



бет32/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)
Рупи Каур - Milk and honey, ИВБДВ, zheltuhi okvar hhh, Эпид 2, ойын инттеллектуалды, Власть социология, продолговатый мозг Костенко Светланы 115Б, Tuition-and-fees-2023-24 rus
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпаратты бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. Дәрігерлік зертханасының дәрігерінің функционалдық қызметтерін анықтаңыздар.
3. Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының Қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылу туралы актінің күшін жою үшін арыз жазыныздар.


Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Дәрігерлердің функционалдық қызметі қандай құқықтық актімен реттеледі?
2. Хромтау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығын дәрігерді негізсіз жауапкершілікке тартуға байланысты әрекеті үшін қандай жауапкершілікке тартуға болады?


Кейс 3.
«Фармацевтикалық компанияның дәрі-дәрмектерін заңсыз таратқаны үшін емхана басшысының орынбасары жауапқа тартылды».
Сот 2020 жылғы 12 мамырда короновирустық инфекцияның таралуы кезеңінде дәрігер жұмыс орнында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарнамалау мақсатында «Vitaman» ЖШС фармацевтикалық компаниясының өкілінен фармацевтикалық компанияның дәрілік заттарды жарнамалау, дәрілік заттарды сату және ілгерілету үшін 4000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы алғанын анықтады
Әкімшілік соттың қаулысымен жоғары санаттағы невропатолог Б. ӘҚБтК-нің 424-бабының 5-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекет кірісіне 194 460 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Павлодар облыстық соты шағымның дәлелдерін тексеріп, бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.
Кейсті орындау бойынша тапсырмалар:
1. Берілген ақпаратты бағалаңыз, жағдайды талдаңыз, мәселенің мәнін түсініңіз.
2. Осы жағдайда әрекет етуші тұлғалардың әрекетін ҚР заңнамасына сәйкес бағалаңыз.
3. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-294/2020 бұйрығына сай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық ілгерілету қағидаларымен танысыңыздар.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Халық денсаулығы Кодексінде дәрілік заттарды жарнамалауға тыйым салатын нормалар бар ма?
2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілету мақсатында өндірушілердің, дистрибьюторлардың немесе уәкілетті өкілдердің медицина және фармацевтика қызметкерлерімен олардың жұмыс уақытында және жұмыс орнында жеке байланыс жасауын бола ма?
3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің өзара іс-қимылы кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ілгерілету этикасының бұзушылығына не жатады?


Кейс 4.
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын беру тәртібін бұзғаны үшін қала клиникаларының бірінің жалпы практика дәрігеріне қатысты екі әкімшілік істі қарастырды. Сот отырысы барысында азаматша С. 6 күннен астам уақытқа уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын бірнеше рет жазғаны анықталды, осылайша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын шығару ережелерін бұзды. Сот қандай шешім қабылдау керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет