Медициналық ҚҰҚЫҚ ПӘні бойынша практикалық тапсырмалар мен кейстер жинағЫ



бет44/60
Дата27.11.2023
өлшемі180,6 Kb.
#193737
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Байланысты:
04.06МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША КЕЙСТЕР ЖИНАҒЫ (2) (1)

5. Тараптардың жауапкершілігі
-13. Қызмет беруші ақылы медициналық қызметтер көрсету бойынша бұзушылық жағдайларына жол бергені үшін жауапты болады:
1) медициналық қызметтерді тиісті көлемде және сапада көрсетпеу;
2) ТМККК-ға және МӘМС кіретін қызметтер үшін Тапсырыс берушіден ақы алу;
3) нақ сол медициналық қызметті көрсеткені үшін екі рет ақы алу (пациент қаражатының және бюджет қаражатының есебінен).
- 14. Осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
-15. Тапсырыс беруші Қызмет берушіге іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі үшін шығындарды уақтылы өтемегені үшін жауапты болады.
- 16. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәкес шешіледі.
- 17. Тапсырыс беруші тарапынан Медициналық көмек көрсетуге арналған шарттың 2, 3-тармақтары бұзылған жағдайда Қызмет беруші мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың сомасынан ____ % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстап қалады.
6. Форс-мажор
-18. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар ол үшін жауапкершілікте болмайды.
- 19. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.
- 20. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
- 21. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет