Медициналық бұйымдарды бағалау әдістері
Жоғарыда айтылғандай, бұйымдардың маңызды қасиеттері сандық көрсеткіштермен көрсетіледі, оларды өлшейтін құрал – аспаптар мен приборлардың көмегімен анықтауға болады. Егер бұйымның бүкіл қасиеттерінің деңгейін сандық көрсеткіш арқылы сапасын анықтасақ, эксплуатациялық деңгейін біле алсақ, онда сол заттық сапалық бағасын да анықтау қиын болмас еді. Ол үшін тек өлшем оны талаптармен салыстыра бүкіл мақсатқа жетуге болатын еді, бірақ бұйымның кейбір сапалық сипатын өлшем арқылы ғана анықтау жеткіліксіз, себебі оларда тікелей өлшеуге мүмкін емес.
Мұндай әдістер сыртқы кемістіктің бар не жоғы туралы фактілерді анықтауға қолданылады.
Сапа көрсеткіші сандық өлшемдік белгілері мен анықтауды әртүрлі өлшеу аспаптары мен приборларын қолдану арқылы тексереді, ол дәлме-дәл нақты қажетті өлшемді береді.
Сондықтан, заттың сапасын тексеру – өте күрделі және еңбек талап ететін үрдіс, көбінесе қымбат аппараттарды қолдануға тура келеді және де бұйымның бұзылуы, беріктілікке тексеріледі.
Сондықтан бүкіл тексеріс комплексі – бұйымның сапасын бағалау зауытта өтеді және оның пайдалану мерзімі, сақтау, қолданудың ең төменгі сандық циклін бекітеді. Сонымен бірге өндіріс орындары қолданыстағы материалдарды да бақылау жасауда қамтамасыз етеді, зауыттың ОТК-сы зауытқа әкелетін шикізат материалдары мен жартылайфабрикаттарды да бақылау жасайды.
Тұтынушы тарапынан сапасына бақылау жасау өте қарапайым зауыттағы қарағанда, көбінесе көзбен көріп, не қарапайым стандартты аспаптар мен қарапайым сынақ әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Бұйымдардың ең жақсы үлгісін таңдау үшін анда-санда сапаның интегральді көрсеткішін қолданады – ол комплексті көрсеткіш, бұл көрсеткіш бұйымды эксплуатациядағы пайдалы эффектісінің, ол бұйымды сатып алу және эксплуатация жасау үшін қаражаттың суммарлық арақатынасын бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |