табиғи патологиялық
Өлімнің сатылары: жантәсілім алды, ақтық үзіліс, агония, клиникалық өлім, биологиялық өлім
Реанимация –организмді тірілту. Өлімнің қайтымды сатыларында жүргізуге мүмкіндік бар.
Тірілтудің ұстанымдары:
жүрек қызметін қалпына келтіру
тынысты қалпына келтіру
бұзылған гомеостазды қалпына келтіру
Көрнекті материал:
1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
2. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 6-22.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 12-17.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.63-89
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 18-30.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-14.
Қосымша
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 11-19.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 25-37.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 25-31.
Адо А.Д. Вопросы общей нозологии. - М.: Медицина, 1982 . - 240 с.
Ударцева Т.П. Гипокинезия как предболезнь //Вестник КагГМУ, 2001. - № 12, с. 56-60.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
аурудың нышандары.
ауру алды нышандары.
жұқпалы аурулардың сатылары.
өлім кезеңдері.
тірілтудің ұстанымдары.
№ 3 тақырып ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ. ЖАЛПЫ ПАТОГЕНЕЗ
Мақсаты: жалпы этиология мен патогенезінің негізгі түсініктерін меңгеру.
Дәріс жоспары:
Этиология, анықтамасы. Ауру туындауындағы себеп пен жағдай туралы түсінік. Ауру дамуындағы себеп пен жағдайдың маңызы.
Этиологиялық жайттардың жіктелуі. Ауру дамуында организм ерекшелігі мен сыртқы орта жайттарының маңызы. Этиологияда тұқымқуалаушылықтың маңызы.
Патогенез туралы түсінік. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынас. Біріншілік зақымдану патогенездегі алғашқы тізбек ретінде. Зақымдану деңгейлері. Патогенездің «бастапқы тізбегі» және патогенездегі «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсінік.
Ауруларды этиотропты және патогенездік алдын алу мен емдеу ұстанымдары.
Дәріс тезистері
Этиология (грекше aitia – себеп, logos-ілім) - аурулардың себептері мен себепкер жағдайлары туралы ілім.
Себеп – ауруды дамытатын және оған арнайы белгі беретін жайт.
Себепке тән:
Ауру дамуының алдында әсер етеді
Аурудың ауыртпалығы мен ауру туындатушы жайттардың қарқындылығы арасында тепе-теңдік бар
Ауру туындатқан жайтты аластатқанда ауру белгілері жойылады және науқастың сауығуы дамиды
Себепті пайдалана отырып аурудың үлгісін жануарларда алуға болады.
Жағдай – аурудың пайда болуына кедергі немесе жағдай жасайтын жайттар
Патогенез (грекше pathos – ауру, дерт, genesis - даму) – аурудың даму тетіктері, ағымы, аяқталуы туралы ілім.
Патогенез – ауру кезінде туындайтын организмнің бейімделуі мен зақымдануының өзара байланысты үрдістерінің жиынтығы.
Патогенездегі негізгі тізбек – патогенездің келесі тізбектерінің дамуына әкелетін және аурудың арнайы көріністерін беретін тізбек.
Патогенездегі кері айналып соғу шеңбері (circulus vitiosus) – патогенездің тізбектерінің арасында соңғы тізбек алдыңғысын күшейте түсетін, патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастың тұйықталуына әкелетін және салдар себептің әсерін күшейтетін оң кері байланыстың түзілуі.
Аурулардың алдын алу мен емдеудің этиотропты ұстанымы – аурудың себебін аластатуға және организмнің төзімділігін арттыруға бағытталған шаралар
Патогенездік ем – патогенездің негізгі және басқа да тізбектерін жоюға бағытталған шаралар.
Көрнекті материал:
1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
2. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22 – 25, 75-80.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 73-87
Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14.
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 19-21, 23-25.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Этиология анықтамасы, түсінік.
Патогенез анықтамасы, түсінік.
Патогенездегі негізгі тізбек.
Ауруларды этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары.
№ 4 тақырып. ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІНІҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Мақсаты: аурудың туындауы мен дамуында организм реактивтілігінің маңызын анықтау.
Дәріс жоспары:
Организм реактивтілігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организм жауабының түрлері.
Организмнің төзімділігі, анықтамасы, төзімділіктің түрлері.
Реактивтіліктің түрлері, сипаттамалары.
Реактивтіліктегі жастың, жыныстың және организм конституциясының маңызы
Дәріс тезистері
Реактивтілік (Re – қарсы; action - әсер)- сыртқы ортаның әсерлеріне организмнің белгілі бір жолмен жауап қайтару қасиеті (Н.Н.Сиротинин).
Реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарының әсерлеріне организмнің, оның жекелеген ағзалары мен жүйелерінің тіршілігін өзгертіп жауап қайтару қасиеті немесе қабілеті (А.Д.Адо).
Реактивтілік белгілі бір тітіркендіргішке (жылдамдығы, қарқындылығы және әсерлердің ұзақтығы) организмнің серпілісін сипаттайды.
Реактивтіліктің көріну түрлері:
Нормергия – әдеттегі тітіркендіргішке организмнің қалыпты жауабы, мұнда нормергиялық жауап серпілісі туралы айтылады
Патергия- қалыптан тыс жауап:
гиперергия – реактивтіліктің жоғарылауы
гипергия – органихм реактивтілігінің төмендеуі (аурулар сылбыр, белгілері айқын болмай өтеді) (қарттардың реактивтілігі)
анергия - реактивтіліктің мүлде болмауы (өзі ауырмай микробтардың тасымалдаушылары болады, терең кома, сілейме, наркоз жағдайларындағы)
дизергия - қалыптан тыс, бұрмаланған жауап (төмен температураға тамырлардың кеңеюі, жарыққа көз қарашығының кеңеюі)
Организм төзімділігі – ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы (resisteo-қарсы тұру). Төзімділік белсенді және енжар, біріншілік (туа біткен) және екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді
Белсенді төзімділік: гипоксия кезінде эритропоэздің әсерленуі, қабынудағы фагоцитоз, иммунитет, уларды бейтараптау.
Енжар төзімділік: тері және шырышты қабаттар, скелет, асқазан сөлінің тұз қышқылы.
Реактивтіліктің түрлері
Түрлік – реактивтіліктің жалпы түрі, бүкіл бір түрдің жауап қайтару ерекшелігі (құстардың мекенін ауыстыруы, сүтқоректілердің қысқы ұйқысы, түрлік иммунитет)
Топтық - түрдің ішіндегі кейбір топтардың жауап қайтару ерекшелігі (жыныс, жас, конституция, нәсілдік ерекшелік, қан топтары, ж.б.)
Даралық - еке тұлғалардың реактивтілігі, әр адам қайталанбайтын тұлға екендігін көрсетеді.
Реактивтілік физиологиялық (организмнің қалыпты жауабы)
және патологиялық (организмнің қалыптан тыс жауабы) болып бөлінеді.
Арнайыланған немесе иммунологиялық реактивтілік – антигеннің әсеріне антидене немесе жасушалық серпілістер кешенін (физиологиялық) түзіп жауап беруі Патологиялық арнайыланған реактивтілік – иммунитеттің ақаулары (аллергия, иммунодепрессивті, иммуннотапшылықты жағдайлар). Бейнақты реактивтілік – сыртқы орта ықпалдарына организмдегі иммундық жауаппен байланыссыз өзгерістер.
Дене бітімі (лат. constitutio – жағдай, қасиет) – тұқым қуалаушылықтың және жүре пайда болған қасиеттер негізінде қалыптасқан, жеке тұлғалардың құрылымдық, функциялық және жандүниелік ерекшеліктерінің жиынтығы.
Жеке тұлға ерекшеліктерін ажырату үшін көптеген жіктеулер ұсынылды. Сиго мен Кречмердің жіктеуінде құрылымдық ұстаным жатыр. И.П.Павлов пен Богомольцтің жіктеу негізіне реттеуші жүйелердің қызметі алынған. Құрылымдық және қызметтік ұстаным М.В.Черноруцкийдің жіктеуінің негізіне алынған. Бұл жіктеу кең қолданылады, себебі дене бітімі белгілі бір топқа жататын адамдардың патологиясының ерекшелігін анықтауға болады. Гиперстениктер семіруге, қан қысымының көтерілуіне, қантты диабет ауруына бейім, катехоламиндер әсері күшейген. Астениктер анемияға, гипотензиялық жағдайларға бейім, туберкулез, Адиссон аруы жиі кездеседі. Нормостениктерде артриттер, тыныс алу жүйесі аурулары жиі кездеседі.
Адамның жасы жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Ерте жастағы балалардың реактивтілігі үш түрлі жайттармен анықталады:
Жүйке және эндокрин жүйесінің құрылымдық және функциялық дамуы аяқталмағандығымен.
Иммундық жүйенің қызметінің жетілмегендігімен
Физиологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен.
Қарт адамдарға патолоияның келесі ерекшеліктері тән:
Ауру көріністерінің мардымсыз болуы (гипоергиялық жауап).
Аурулардың созылмалы түрде өтуі.
Патологияның көптігі
Ауру кезінде бейімделу жүйелерінің тез қалжырауы
Иммунитет жүйесінің жеткіліксіздігі, өспе ауруларының жиі кездесуі.
Жыныс ерекшеліктері жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Әйелдер суыққа, аштыққа, қансырауға, гипоксияға төзімді, оларда эндокрин жүйесі аурулары жиі кездеседі. Ерлер стрессорлардың әсеріне төзімсіз, дезадаптация аурулары: жүректің ишемиялық авуруы, асқазанның ойық жара ауруы, артериялық гипертензия жиі кездеседі.
Көрнекті материал:
1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
2. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 308-324, 232-307
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89.
Қосымша
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 21-23, С. 26-42.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41 - 44.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149
Назаренко Н.М. Патофизиология раннего онтогенеза, Алматы, 1998.– 175с.
Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. – 162б.
Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
реактивтіліктің түрлері.
төзімділіктің түрлері.
М.В. Черноруцкий бойынша конституцияның жіктелуі.
№ 5. тақырып ОРГАНИЗМНІҢ ЗАҚЫМДАНУҒА ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ
Сабақтың мақсаты:
Организмнің зақымдануға жалпы әсерленістерінің (жедел кезеңнің жауабы, стресс, сілейме, кома) этиологиясы, патогенезін және организм үшін маңызы туралы білімін қалыптастыру
Дәрістің жоспары:
Зақымдануға жалпы әсерленістер туралы түсінік, мысалдар келтіру.
«Жедел кезеңнің жауабы», себептері, дәнекерлері және олардың әсері. «Жедел кезең жауабының» нәруыздары, олардың қызметі. Организм үшін жауаптың «жедел кезең жауабының» маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдромы туралы түсінік.
Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, кезеңдері, даму тетіктері. Стрестің қорғаныстық – бейімделулік және дерттуындатулық маңызы. Адаптация дерттері туралы түсінік.
Сілейме. Этиологиясы және патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, қанайналымы және микроциркуляцияның өзгерістері.
Кома, түрлері, даму тетіктері.
Дәріс тезистері
Этиологиялық жайт
↓
|
Тіндердің зақымдануы
|
Жергілікті серпілістер жалпы серпілістер:
|
(қабыну жедел кезеңнің жауабы, қызба, стресс, сілейме)
|
Жедел кезеңнің жауабы немесе иммундық жауап – зақымдануға организмнің бейнақты серпілісі, жүйелік қабынулық жауаптың бір құрамбөлшегі.
Жедел кезең жауабы бактериялық, саңырауқұлақтар, вирустық жұқпалар, қабыну, жарақат, күйік, өспелер, тіндердің ишемиясы, иммундық дерттік үрдістерге дамиды. Клиникалық жағынан аурудың бейнақты белгілері: ауыру сезімі, жайсыз сезіну, буындардағы ауыру сезімі, ұйқышылдық, тәбеттің төмендеуі, жүдеу хабаршы кезеңнің көріністеріне сәйкес келеді. Бұл өзгерістердің патогенезінде «жедел кезең жауабы» дәнекерлері – цитокиндердің жүйелі әсерінің және гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің (стресс) әсерленуінің маңызды орны бар.
Жедел кезең жауабының негізгі әсері
Гипоталамус
|
Дене қызуының жоғарылауы ( қызба)
|
Гипоталамус гипофиз – бүйрек үсті бездері жүйесі
|
Кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауы – АКТГ ↑ → глюкокортикоидтардың ↑ ( стресс)
|
Зат алмасу
|
Катаболизмнің күшеюі, теріс азоттық тепе –теңдік, несеп арқылы фосфаттар, сульфаттар, калий және амин қышқылдарын, креатинин және несеп қышқылын жоғалту. Май, гликогеннің ыдырауы, глюконеогенездің күшеюі. Энергияның ішкі қайнар көзін пайдалану.
|
Иммундық жүйе
|
Т және В лимфоциттерінің әсерленуі
|
Қан плазмасы
|
- Калликреин – кинин, комплемент, қан ұйытатын, ұюға қарсы жүйелердің әсерленуі
- Диспротеинемия
- Сиал қышқылдарының көбеюі (гликопротеидтердің құрамбөлшектері)
- ЭТЖ –ң жоғарылауы
|
Қан түзу жүйесі
( сүйек кемігі)
|
Нейтрофилдік лейкоцитоз
Ретикулоцитоз
|
Нейтрофилдер
|
Лактофериннің шығуы → қанда темірді байланыстыру ( трансферин-нен,бактериялардан) → гипосидеремия
|
Бауыр
|
«Жедел кезеңнің жауабы» глобулиндерінің түзілуінің күшеюі: фибриноген, С - әсерлі нәруыз (қалыпты жағдайда болмайды), А және Р амилоидтар, гаптоглобин, церулоплазмин, орозо-мукоид, ферритин, антигемофилиялық глобулин, қан уюының ҮІІ, ІХ факторлары, қан уюына қарсы С және $ нәруыздарының, антитромбин ІІІ, плазминоген, а 2 – макроглобулиннің, барлығы 30 жуық).
«Жедел кезеңнің жауабы» глобулиндерінің қызметі:
антиоксиданттық (церулоплазмин, амилоид, гаптоглобин, С - әсерлі нәруыз, транскобаламин, а2 – макроглобулин)
микробтарға қарсы (С - әсерлі нәруыз, лактоферрин, комплемент факторлары). Олар темір және цинктің тінге түсуін азайтады → бактериялардың өсіп - өнуі төмендейді
гемостазға қатысуы (қан ұйытқыш және ұюға қарсы жайттар).
|
«ЖЕДЕЛ КЕЗЕҢ ЖАУАБЫНЫҢ» ОРГАНИЗМ ҮШІН МАҢЫЗЫ
Жедел кезеңнің нәруыздары микробтарға қарсы, антиоксидантты әсер көрсетеді. Цитокиндер ағзалар мен жүйелердің қызметін өзгертеді, қызбаны тудырады, фагоцитозды әсерлейді, стресс дамытады. Цитокиндер зақымдануға жедел жауап беретін бөліктерге қордағы метаболиттердің (аминқышқылдары сүйек кемігіне, лимфа тіндеріне, бауырға бағытталады) қайта бөлінуін қамтамасыз ете отырып зат алмасуының түбегейлі қайта құрады. Соның нәтижесінде бұзылған гомеостаз қалпына келіп, өліеттенген тіндер шығарылып, артық тіндік протеазалар байланыстырылып, жойылады, тіндердің қалпына келуіне жағдай жасалады.
Цитокиндердің артық әсері организмге теріс әсер етеді. Әсіресе ішек қимылы мен мембраналық асқорытуды тежейтін ИЛ-1 мен ӨТЖЖ біріккен әсерінен құсу, іш өту, гепатоциттердің құрылымдық бұзылысы дамып, гиперкалиемия мен ацидозды күшейте түседі. Бұл цитокиндердің көп мөлшерде бөлінуі және қанағымында ұзақ айналып жүруі ауыр бактериялық жұқпаларда дамитын сепсистік сілейменің дамуын тудырады. ИЛ-1 мен ӨТЖЖ АҚ төмендеуін, микроциркуляцияның жүйелік бұзылыстары, көпағзалық жеткіліксіздік. ИЛ-1 миокардтың жиырылғыштық қасиетіне теріс әсер етеді, тромбопластин түзілуін арттырып, ТШҚҰ-синдромы дамуына әкеледі.
Цитокиндердің жүйелі әсері жүйелік қабынулық жауап синдромын тудырады (Чикаго, 1991 ж.).
Жүйелік қабынулық жауап синдромының клиникалық критерилері:
Дене қызымы 380 немесе 360-дан төмен
Жүрек соғу жиілігі 90
Тыныс жиілігі 20 немесе артериалық гипокапния 32 мм с.б.-нан төмен
лейкоцитоз 12 х 109 /л-ден артық немесе лейкопения 4х109 /л аз немесе 10%-дан артық лейкоциттердің жетілген түрлері болуы
Жүйелік қабынулық жауап синдромы кемінде екі клиникалық – зертханалық критериі болуы тиіс.
СТРЕСС
СТРЕСС (анг. stress – напряжение) – жағымсыз тітіркендіргіштердің әсерінен дамитын және бейімделудің бейнақты тетіктерінің әсерленуімен қабаттасатын организмнің бейнақты серпілісі. Терминді Г.Селье (Selye) енгізген.
Стресстің себебі – стрессорлар:
физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік жайттар.
Стресс жалпы адаптациялық синдром түрінде көрінеді
Селье үштігі:
тимус пен лимфоидты тіннің кері дамуы;
бүйрекүсті бездерінің гипертрофиясы;
асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы.
Достарыңызбен бөлісу: |