Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет235/245
Дата08.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#122335
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   245
Байланысты:
оқу сауаттылығы

2.25-мәтін
Кішкене Қасым бірде кінәлі болып қалды. Әкесіне шындықты айтудың орнына ол бар 
кінәні басқа біреуге жаба салды. Әкесі оған еш нәрсе демеді, бірақ ұлының өтірік 
айтқаны жанына батты. 
Бірнеше апта өтті. Қасым тағы кінәлі болып қалды. Оны мойнына алу қиын болып, 
тағы да шындықты айтқан жоқ. 
Сол кезде әкесі Қасымды бақтың ішіне шақырып алды. 
– Мына өскінді жұлып алшы, – деп әкесі оған кішірек ағаштың жас өскінін көрсетті. 
Әкесінің айтқанын Қасым бұлжытпай орындады. 
– Қалай, жұла алдың ба? 
– Иә, деді Қасым көңілдене. 
– Енді мына ағашты жұлып көрші, – деп ол баласына өздері көлеңкесінде саялап 
тұрған үлкен еменді корсетті. 
– Бұл өте үлкен, оны жұлу ауыр болады ғой. 
Әкесі ұлының иығына қолын қойып, былай деді: 
– Міне, көрдің бе? Қазір ол кішкене болғандықтан, сен оны оңай жұлып ала аласың, 
ал үлкен болып өскен кезде, оған шамаң келмейтін болады. Сенің өтірігің де осы 
өскін мен ағаш сияқты. Сен оны кеудеңнен кішкене өскін сияқты кезінде алып 
тастауың керек еді, бірақ сен олай етпедің. Енді саған бұл қателігіңмен алысу қиын 
болар. Бірақ әлі де кеш емес. Байқа, қателігіңнің ұлғайып кетуіне жол беріп алма. 
Кейін одан құтыла алмайсың. 
Қасымның екі беті қызарып кетті. 
1.Мәтін мазмұнына катысты мақалды табыңыз: 
A)Әркімнің шыққан тауы биік 
B)Атасын сыйлаған абыройға бөленер 
C)Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің 
D)Ақылды мақтанса, істі тындырар 
E)Жамандықты көп қусаң, құтылмас пәле жолығар 
2.Әкесі Қасымға неліктен қынжылды? 
A)Жалғандыққа құмарлығына 
B)Жалқаулығына 


C)Мақтанқұмарлығына 
D)Тентектігіне 
E)Сотқарлығына 
3.Мәтіннің қорытынды бөлімінде әкенің қай қасиеті көрінеді? 
A)Қарапайымдылығы 
B)Ойшылдығы 
C)Даналығы 
D)Бірбеткейлігі 
E)Қаталдығы 
4.Неліктен Қасымның беті қызарды? 
A)Ентігіп жүгіруінен 
B)Ұялғандығынан 
C)Өзінің ұяңдығынан 
D)Күннің ыстықтығынан 
E)Қатты шаршағанынан 
3.1-мәтін 
Дәріс 
Бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет жол шетінде жатқан 
тозығы жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына: 
– Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын 
бір жерге жасырынып қалай абдырап, сасқанын қызықтайық, – дейді. Сонда ақылды 
ұстазы: 
– Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз 
адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа 
айналдырмай, керісінше, аяқ киіміне ақша салып қояйық. Сонан кейін ғана не қызық 
болатынын тамашалайық, – дейді. Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне қонған 
шәкірт айтқанын орындайды. Көп ұзамай екеуі жақын тұрған ағаштың артына барып 
жасырынады. Сәлден соң жүзі күн көзіне әбден тотыққан, жұпыны киімді бір шаруа 
келеді. Аяғын аяқ киіміне сұққаны сол еді, ішіндегі затты сезіп, аяғын дереу қайта 
суырып алады. Қолын салып еді, ақша екен. Екінші сыңарынан да сондай ақша 
шықты. Ақшаға бір, жан-жағына бір қарап, таң-тамаша болып тұрып қалды. Көз 
жетер жерде ешкім байқалмады. Ақшаны қалтасына салды да, жерге тізерлеп отыра 
кетті. Жасаураған жүзімен жан-жағына қарап сөйлей бастады: «Ей, адам! Кім болсаң 
да сен менің хәлімді өзімнен артық білгендейсің. Әйелімнің ауру екенінен, 
балаларымның аш-жалаңаш екенінен хабардар болдың. Бәрімізді басқа түскен 
қиындықтан құтқардың. Шүкір, шүкір...». Осылайша, ұзақ уақыт жасын төккен күйі 
өзіне белгісіз адамға алғыс айтып, шүкірлігін білдіріп отырды. 
Манадан бері одан көз жазбай қарап отырған шәкірт қос жанары жасқа толып, қатты 
әсерге бөленді. Шәкіртінің бойындағы өзгерісті байқап отырған ұстазы: 
– Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың. Алғашқы 
ойыңды іске асырғанда қандай күйде болар едің?! – дейді. Шәкірті: 
– Иә, ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз! – дейді. 
1.Ақшаны көргендегі егіншінің алғашқы әрекеті 
A)Тізерлеп отыра кетті 
B)Таң-тамаша болды 
C)Аяғын аяқ киіміне сұқты 
D)Ақшаны қалтасына салды 
E)Дауыстап сөйлей бастады 
2.Мәтін мазмұнына сай келетін мақал-мәтелді анықтаңыз 
A)Жақсы ниет – жарым ырыс. 
B)Пейілі кең – кемімес, 
Пейілі тар – кеңімес. 
C)Ұялған тек тұрмас. 
D)Жарлы болсаң да, арлы бол. 
E)Адам санасын ар түзейді. 
3.Мәтін мазмұнының реттілігін анықтаңыз 
1.Тозығы жеткен аяқ киім 
2.Шәкірт бойындағы өзгеріс 
3.Егінші қуанышы 
4.Ұстаз ұсынысы 


A)4, 3, 2, 1 
B)2, 1, 4, 3 
C)3, 2, 1, 4 
D)4, 3, 1, 2 
E)1, 4, 3, 2 
4.Шәкіртті шаттыққа бөлеген сәт 
A)Шаруаның алғысы 
B)Аяқ киімді тауып алуы 
C)Шаруаның ақша тауып алуы 
D)Ұстазына алғыс білдіруі 
E)Аяқ киімге ақша жасыруы 
5.Әңгіменің түйіні 
A)Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын. 
B)Алтын көрсе періште жолдан таяды. 
C)Еңбектің наны тәтті. 
D)Алып қуанғаннан, беріп қуанған 
артығырақ. 
E)Жүйрік алысқа, жігіт намысқа. 
6.Мәтін мазмұнынан алшақ қатар 
A)Шәкірт пен ұстаз, шексіз алғыс 
B)Жақсы дәріс, риза егінші 
C)Ұстаз ақылы, бақытты шәкірт 
D)Егін алқабы, шаршаған шаруа 
E)Жоғалған аяқ киім, егіншінің реніші 
3.2-мәтін 
Әлем елдерінің Жаңа жылды қарсы алуы 
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Жаңа жылды тойлауда әр елдің 
түрлі салт-дәстүрлері бар. 
Болгарияда сағат тілі түнгі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. 
Дастарқанға міндетті түрде самса қойылады екен. 
Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгрлер құстардың 
барлығын «Бақыт құсының» туыстары деп есептейді екен. Итальяндықтар ескі 
жылдың соңғы сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкімнен қарыз ақша 
алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйлерінен сынған 
ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шығарып тастайды екен. 
Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жана жылда сабаннан жасалған 
қарақшыны ескінің символы ретінде далада отқа өртеп жібереді. 
Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға тырысады екен. Бұл күні 
мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай, кетерінде сыйлықтар 
береді екен. 
Үндістанда Жаңа жыл – Дивали «жарық пен оттар мерекесі» деп аталады екен. Айтса 
айтқандай, осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай 
жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені көре алмайды 
екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, 
топырақ сеуіп, шырақтар жағып, көркемдейтін көрінеді. 
Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы 
қойылады. Бүл тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді. 
Бирмада Жаңа жылда күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір-бірінің үстеріне 
су шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған адамдарды жиі 
ұшыратуға болады. 
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән 
салатын көрінеді. 
Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен. 
Қытайда Жаңа жыл мерекесін көшеде барабандар, темір тарелкалар соғылып, 
отшашулар атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. 
Дастарқанға нарцисс гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге 
созылады. Бұл қаңтардың аяғы мен ақпан айынын басына келеді. 
Ұлыбритания алғаш ашықхаттарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. 
Сондықтан да Жаңа жылда осы елдің әр отбасысы таныстарын ашықхат арқылы 
құттықтағанды ұнатады. 
Қазақстанда жыл басы – Наурыз мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн 
есебі бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар 
көтеріңкі көңіл күйде болып, бір-біріне жылы сөз, жақсы тілек айтады, ешкімді 


ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн 
мен түн теңеседі. 
1.Мерекелерде ашықхаттармен құттықтау бізге қай елден келген? 
A)Қытайдан 
B)Голландиядан 
C)Үндістаннан 
D)Ұлыбританиядан 
E)Ресейден 
2.Жаңа жылдық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет 
A)Қытай 
B)Үндістан 
C)Ресей 
D)Голландия 
E)Қазақстан 
3.Жаңа жыл дастарқанына құс етін қоймайтын ел 
A)Венгрия 
B)Эквадор 
C)Франция 
D)Болгария 
E)Италия 
4.Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали» деп аталуының себебі 
A)Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандықтан 
B)Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан 
C)Сағат он екіде көшеге шыққандықтан 
D)Салынған суреттерге ұн, топырақ сепкендіктен 
E)Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан 
5.Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай, 
кетерінде сыйлықтар беруінің себебі 
A)Қолы ашық екенін көрсету үшін 
B)Адалдығын көрсету үшін 
C)Ырымдарға сенгендіктен 
D)Ұстамдылығын байқату үшін 
E)Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін 
6.Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер 
A)Гвинея – Эквадор 
B)Қытай – 
Ұлыбритания 
C)Венгрия – Эквадор 
D)Голландия – Куба 
E)Үндістан – Куба 
3.3-мәтін 
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. 
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында 
орындалатын әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы 
Қорқыттың шығармалары. Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық 
жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Сарыжайлау», «Көбік шашқан»), 
тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», 
«Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер 
(«Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), 
адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар 
суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, 
тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып 
жіктеледі. 
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. 
Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты 
күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі күйшілік 
өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, 
Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі 
тұлғалар елеулі үлес қосты. 
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай төкпе 
және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен 
өлшемде орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып 


орындалады. 
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл 
өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас 
Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 
1.XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер 
A)Қазанғап, Дина 
B)Махамбет, Дәулеткерей 
C)Ықылас, Айрауық 
D)Есжан, Байжігіт 
E)Тәттімбет, Баламайсан 
2.Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап 
A)Қобыз 
B)Жетіген 
C)Домбыра 
D)Дауылпаз 
E)Сырнай 
3.Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа 
A)Шертпе күй 
B)Дауыс ырғағы 
C)Орындау мәнері 
D)Домбыра әуені 
E)Қобыз күйі 
4.Шертпе күйлері қалай орындалады? 
A)Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен 
B)Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен 
C)Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен 
D)Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен 
E)Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен 
5.Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі 
A)Психологиялық, батырлық күйлер 
B)Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер 
C)Тарихи күйлер, эпостық күйлер 
D)Тартыс күйлер, саяси күйлер 
E)Арнау күйлер, лирикалық күйлер 
6.Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері 
2.Күйлердің тақырыптары 
3.Күйдің өрістеп дамуы 
4.Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі 
5.Күй – аспаптық жанр 
A)4,3,1,5,2 
B)5,2,4,3,1 
C)2,4,3,1,5 
D)3,1,5,2,4 
E)1,5,2,4,3 
3.4-мәтін 
Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй 
орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, 
олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әрқилы болып келеді. 
Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Домбыра негізінен екі ішекті болып келеді. Үш 
ішекті домбыралар да бар. Домбыраны арнайы ағаштардан (қайың, үйеңкі және т.б) 
жасайды. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің 
домбыралары ел арасында көп пайдаланылады. 
Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл 
аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. 
Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан 
жасалады. Ертеде қобызды бақсылар науқасты дертінен айықтыруда құдіретті күш 
ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне 
байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. 
Жетіген – көп ішекті музыкалық аспап. Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі «жеті 
байлық», «жеті қазына» дегенді білдіреді десе, кейбір аңыздарда ол «жеті хан» деген 
сөзден шыққан делінеді. «Жетіген» деген атау «жеті» және «ән» сөздерінің бірігуінен 
құралуы мүмкін дейтін де пікір бар. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанағы 
көн терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады. 
Шертер – шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық 
аспаптарының бірі. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді. Құрылысы жөнінен 


домбыра, қобыз аспаптарына да ұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер 
орындалады. 
Асатаяқ – ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақ халқы мәдениетінде ұлттық 
билерді сүйемелдеу үшін қолданылған. Халқымызда қоңырау, сақпан, тұяқтас, 
шартылдақ сияқты сілкіп ойнайтын аспаптар да бар. 
Шаңқобыз – көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады. 
Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол 
жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай 
аспаптардың темір текшелерден жасалған түрлері де бар. Бұл аспапта көбінде әйел 
адамдар ойнайтын болған. Аспапты күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен 
қалыңдығына байланысты. 
Сыбызғы – қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалынатын көне үрлемелі музыкалық 
аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған. 
Сазсырнай – үрлемелі аспаптар тобына жатады. Ол саз балшықтан жасалынып, отқа 
күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші 
қуыс, қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы болады. 
Қазақтың ұлттық аспаптары сан алуан, ал музыкалық мұрасы өте бай. 
1.Ертеректе сыбызғы кімнің сүйікті аспабы болған? 
A)Қойшылардың 
B)Батырлардың 
C)Әйел адамдардың 
D)Байлардың 
E)Бақсылардың 
2.Ескі наным бойынша, адамды дерттен айықтыру мақсатында қолданылған аспап 
A)Домбыра 
B)Жетіген 
C)Асатаяқ 
D)Қобыз 
E)Сыбызғы 
3.Жасалатын табиғи материалы басқалардан өзгеше музыкалық аспап 
A)Домбыра 
B)Шаңқобыз 
C)Жетіген 
D)Сыбызғы 
E)Сазсырнай 
4.Музыкалық аспаптардың ұлттық құндылығы 
A)Егемен елдігіміздің 
айғағы 
B)Бейбітшіліктің символы 
C)Табиғи ескерткішіміз 
D)Тәуелсіздігіміздің 
нышаны 
E)Мәдени мұрамыз 
5.Мәтіннің мазмұнына сай тақырып 
A)Ұлттық аспаптар 
B)Ішекті аспаптар 
C)Сілкімелі аспаптар 
D)Жаңа заман 
аспаптары 
E)Үрмелі аспаптар 
6.Тиек орнына асық қолданылған музыкалық аспап 
A)Жетіген 
B)Шаңқобыз 
C)Сазсырнай 
D)Асатаяқ 
E)Сыбызғы 
3.5-мәтін 
Отырар кітапханасы 
Ежелгі Отырар қаласы Сырдарияның Арыс өзеніне құяр жерінде, Ұлы Жібек 
жолының бойында орналасқан. Айналасы – ат шаптырым терең ор, биік қорған. Төбе 
басында хан сарайы, жан-жағында тас, болат тамдар және қару-жарақ, теңге соғатын 
ұстаханалары, шәкірттер дәріс алатын бірнеше медресе (мұсылман университеті) 
болған. Қалаға тырнаша тізілген, иір мойын түйелер күндіз-түні келіп жатқан. 
Қаланың батыс жағындағы қақпа арқылы орыс көпестері, шығыс жағынан монғол, 
қытай кезбелері кіретін. Ал түстіктен Шаш, Бұқара қалаларынан шыққан араб 
саудагерлері, терістіктен башқұрт, саха ханзадалары жіберген керуен тізбектері 
келетін. Бұл керуендермен саудагерлер әртүрлі әшекей бұйымдар, маталар, тең-тең 
кітаптар әкелетін. Әр жақтан әкелген кітаптар Отырар қаласының үлкен 
кітапханасына жиналған. Бұл кітапхана заманында түкпір-түкпірден жиналған сирек 
кездесетін кітаптарымен аты шыққан. 
Отырарда жұлдыз санаған сәуегейлер, ойшылдар, ғалымдар, дүниенің сырын 
болжаған көріпкелдер өмір сүрген. Олар Отырар кітапханасынан сол кездегі барлық 
кітаптарды алып оқыған. Өздері ғажайып дастандар жазған. Әлемге аты шыққан 


ғалымдардың басым көпшілігі осы кітапханада болған. Білімге ұмтылған қаншама 
зерек шәкірт осынау кітапхана шырағданы астынан ғұлама атанды. Кейінгілерге ойлы 
сөздерін қалдырды. Отырар медресесін бітірген шәкірттерден қалған қағазға, 
сақтиянға (теріден жасалған кітап), қамысқа жазылған қолжазбалар Қазақстанның әр 
жерінен табылып жатыр. Көне заман кітаптары тек қана қолмен, қауырсын қаламмен 
жазылған. Бабаларымыз өздерінің тарихын, келер ұрпаққа арнаған сөзін қышқа, тасқа 
ойып қалдырған. Сүйекке, ыдысқа, теріге сіңіріп келтірген сөз, сөйлемдер қаншама?! 
Бабаларымыз ерте кезде Тараз қаласының маңында терісінен қағаз жасау үшін кілең 
ақ ешкілер өсіріпті. Ол үшін ешкі терісін алдымен иге салады. Майы кетіп, тұз сіңіп 
сірескен жарғақты көлеңкеге кептіреді. Содан кейін қағаздай жұқа болғанша илеп, иін 
қандырады. Дайын болған жұқа тері-қағаздар қатталып, оралып, түйеге тиеліп, 
шартарапқа жөнелтілген. Тараз ешкісінің терісіне түскен әріптер өшпеген. Олар 
жүздеген жылдар бойы сақталған. 
Отырар кітапханасы сөрелерінде ақ теріге жазылған, алтын жалатқан кітаптар көз 
жауын алатын. Мұнымен қоса күйген қышқа түсірген, ыдысқа ойған, тасқа, ағашқа 
қашап қалдырған бабалар қолтаңбасы да мол болған. 
Аңыз бойынша әлемге аты шыққан кітапхананы Шыңғысхан әскерлері өртеп кеткен. 
Алайда біраз кітапты қала қорғаушылары құмыраларға салып, жер астына тығып, 
сақтап қалған деседі. Елімізде қолжазба ескерткіштерін іздеу жұмыстары жүргізілуде. 
Астанада «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ашылып, табылған жазба деректер 
жинақталуда. Көп ұзамай мың жылдық тарихы бар білім ордасы – Отырар 
кітапханасы екінші өмірін бастамақ. 
1.Мәтін бойынша ақ ешкілердің пайдасы 
A)Сүтті көп беретін болған. 
B)Еті түрлі сырқатқа ем. 
C)Жарғағына жазу жазатын болған. 
D)Жер талғамайтын мал. 
E)Өсімтал мал болған. 
2.Отырардың батыс жақ қақпасынан қатынайтын керуен 
A)Араб 
B)Саха 
C)Қытай 
D)Орыс 
E)Башқұрт 
3.Мәтін бойынша керуен тізбектерінің келу себебі 
A)Тауарларын сатуға келеді. 
B)Жиын өткізуге келеді. 
C)Сирек кездесетін құмыралар әкеледі. 
D)Саяхаттауға келеді. 
E)Жорыққа дайындалуға келеді. 
4.Шыңғысхан әскерінің кітапханаға қатысы 
A)Кітаптарды жер астына тығуға көмектесті. 
B)Өртеніп жатқан кітапхананы аман алып қалды. 
C)Қолжазба жұмыстарын іздеуге септігін тигізді. 
D)Саяхатшылардың көп келуіне ықпал етті. 
E)Күл-талқан етіп жағып жіберді. 
5.Мәтін бойынша бабалар аманатын бізге жеткізу тәсілдерінің бірі 
A)Өлең түрінде жазып қалдырған. 
B)Таспаға жазып қалдырған. 
C)Қышқа ойып жазып қалдырған. 
D)Том-том кітаптар жазып қалдырған. 
E)Папирус жапырағына жазып 
қалдырған. 
6.Отырар кітапханасының құндылығы 
A)Ойшылдар барлық кітаптарды алып оқыған. 
B)Көріпкелдер кітап алып оқитын болған. 
C)Кітапханадан кітап алып оқығандар ғұлама болған. 
D)Сирек кездесетін кітаптарымен аты шыққан. 
E)Кітаптарды оқығандар ойлы сөздер қалдырған. 


3.6-мәтін 
Жаз шыға бәріміз (әпкелерімді айтамын) апам есіп берген жіпті алып, тоғайға отынға 
аттанатынбыз. Бір-бір арқа отын көтеріп, ең алда апам, содан кейін құндыздай 
шулаған біздер, күліп-ойнап келе жатар едік. Ол шақта қыстық шөпті де ала жаздай 
арқалап тасып, қораны маяға толтырып қоятынбыз. Қысқы соғым мен ұн ғана әке-
шешеміздің мойнында. Бақша, шұрқыраған қаз, тауық, екі сиыр мен ұсақ малымыз 
бар еді. 
Шынымды айтсам, бізді, тіпті бізді ғана емес, ертеректе әкемізді, оның іні-
қарындастарын асыраған апамның теректен ойып жасаған келісі мен ескі астауы еді. 
Осы келі мен астау тіпті әкемнен де үлкен, олар апамның төркінінен ала келген аса 
қымбат заттары болатын. Кейде қазіргідей қараша туа темір пешке отты маздатып 
жағып тастап, пештің жыртығынан саулаған жарық түсіп, ала көлеңкеленген қоңыр 
үйде отырып апамның әңгімесін тыңдайтынбыз. Тегінде, ол кісі әңгімеге сараң, көп 
сөйлемейтін, тек өз ісімен ғана жүретін, қақ-соғы жоқ, инабатты, жуас адам еді. 
Дүниеде өсек-аяң, қулық-сұмдықты білмейтін, не болмаса тірі пенденің бетіне "әй, 
сен сондайсың" деп қарамаған, тірі пендеге тілі тимеген, ораза-намазы бұзылмаған, 
таза да тәкаппар әйел еді. 
Қазір ойлаймын, егер қазақтың әйелдері атқарар бүкіл ісмерліктің қолөнер 
институтын немесе фабрикасын ашып, менің апамды бастық сайласа, тұтас бір он 
саусағынан өнер тамған ұрпақ дайындап шығарар еді. Иә, ол кісі кезінде ешкім елеп-
ескермеген, алтын қолды құдіретті әйел еді. Қазақта осыншалық мықты, осыншалық 
ақылды әйелдер болғаны қандай жақсы?! Бірақ біздер, жиырмасыншы ғасырдың 
азаматтары, көп ретте осындай асылымызды байқамай айналып өтеміз. Айырылып 
қалған соң ғана сан соға өкінер едік. Өзгені қойып, мықтымсып жүрген мына менің 
өзім сол апам бар кезде неге ғана барлығын: киіз басып, үй тігуді, арқан есуді, тері 
илеп, өңдеп киім тігуді, алаша тоқып, өрнектеп сырмақ тігуді, саба, сүйретпе, торсық 
істеуді тәптіштеп жазып алмағанмын. 
1.Мәтін мазмұнынан алшақ сөйлем 
A)Апамнан ісмерлік өнерді үйренем деушілер көп болатын. 
B)Шөпті арқалап тасып, қораны маяға толтырып қоятынбыз. 
C)Апам әңгімеге сараң, көп сөйлемейтін. 
D)Дүниеде өсек-аяң, қулық-сұмдықты білмейтін. 
E)Қаз-тауық, екі сиыр мен ұсақ малымыз бар. 
2.Автордың балалық естелігін анықтаңыз 
A)Әпкелеріммен бірге тоғайға отынға баратынмын 
B)Апам бастық боп, өнерлі ұрпақ тәрбиелеп шығарды 
C)Біздің ауылда қолөнер фабрикасы болатын 
D)Әкем қораны маяға толтырып тастайтын 
E)Апам сөзге шебер, әңгімешіл жан болатын 
3.Әңгімелеушінің апасын ісмерліктің фабрикасы мен өнер институтының бастығына 
лайық санау себебі 
A)Шапшаң, ұғымтал, зерек болғандықтан 
B)Қолөнердің түр-түрін меңгерген ісмер болғандықтан 
C)Тумасынан жуас, момын, көнбіс болғандықтан 
D)Инабатты, ибалы, пысық болғандықтан 
E)Тәрбиелі, мәдениетті, иманды болғандықтан 
4.Әңгімелеушінің апасының келісі мен астауын қымбат зат деп көрсетуінің себебі 
A)Теректен ойып жасалған соң. 
B)Көп адамдарды асыраған соң. 
C)Ауылда басқа ешкімде болмаған соң. 
D)Ағаштан шебер ойылып 
жасалғандықтан. 
E)Әкесінен үлкен болған соң. 
5.Мәтіннің мазмұнына сай келетін даналық ой 


A)Сый қылсаң, сыпыра қыл. 
B)Шын жомарт жоқтығын білдірмес. 
C)Қолда барда алтынның қадірі жоқ. 
D)Сыйластықта шекара жоқ. 
E)Арымақ, семірмек – көңілден. 
6.Мәтіннің екінші бөлігінде байқалатын әңгімелеушінің көңіл күйі 
A)Шаттану, күйіну 
B)Алаңдау, күйіну 
C)Сүйіну, өкіну 
D)Мазасыздану, өкіну 
E)Қуану, өкіну 
3.7-мәтін 
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір 
1.Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан 
бөлініп, жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс 
Моғолстанның Шу мен Талас өзендері аралығындағы Қозыбасы аймағына 
қоныстанды. Осындай тарихи оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің 
тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен өткен кезеңдерден сыр шертеді. 
2.Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих-и Рашиди” атты еңбегінде көрсетілген Керей 
мен Әз Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері – Шу бойындағы 
Қозыбасы. Ол шоқы Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу 
өзенінің арнасы сол кезде Қозыбасы биігіне жақын болыпты. 
3.Қозыбасы, Қозыбашы – атауына келер болсақ, тарихи түп дерек көздеріндегі Қазақ 
мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-
төбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар 
Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу 
бойы мен Қозыбасыда деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы – тарихи-
географиялық тұрғыдан алғанда XIV-XV ғасырларда билік еткен Моғолстан 
мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар жер атауы. Қазақ хандығы 
осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген. 
4.Көне тарихқа үңілсек, Талас пен Шу өзендерінің аңғарлары ерте заманнан адам 
баласынын тұрағы – мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге көптеп жолығамыз. 
Тарихи дерек көздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу 
және Талас өңірлерін қамтыған. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі 
мезгілде Шу өңіріндегі Суябта, Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз 
заманында қайнаған саяси өмірдің куәсі болды. 
5.Осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы 
Қазақстан аумағында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды 
қорытындысы екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі әрбір тарихи 
кезеңде өзіне тән айрықша белгілермен ерекшеленеді. Сондай ерекше кезеңге XIV-
XV ғасырлардағы этноүрдістер жатады. Бұл кезеңнің басты белгілерінің біріне – 
қазақ халқының этнос ретінде тарих төріне шығуы жатса керек. 
6.Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі-оғыз текті 
ұлыстар негізінде қалыптасқан ортақ тіл, дәстүр, территория, менталитеттегі байырғы 
этностың қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, 
бұрыннан әртүрлі аталып келген этнос (сақ, ғұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, 
т.б.) жаңа этнонимге ие болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этнониміне 
байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ хандығы» деп аталды. Жаңа атауға және жаңа 
статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ хандығы 
ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы, мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі-
сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, 
оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі «мемлекет» өлшемімен 
қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі тарихи мәнге ие. 
Оған ұдайы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек. Өйткені, 
Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекеттер 
біздің бүгінгі ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бере алмайтын. Демек, 


Қазақ хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа мен Азияның кез 
келген елімен тең тұра алатын. 
1.Мәтіннен 1 және 2-бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігін табыңыз 
A)Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады. 
B)Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады. 
C)Қасиетті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады. 
D)Қазақ хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады. 
E)«Қазақ» деген жаңа аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылады. 
2.Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дұрысы 
1.Қозыбасы – Жамбыл тауындағы шоқы 
2.Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты 
3.Қазақ халқының негізін түркі-оғыз текті ұлыстар құрады 
A)Үшеуі де дұрыс 
B)Екінші мен үшінші 
C)Бірінші мен үшінші 
D)Бірінші мен екінші 
E)Тек екінші 
3.Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуі 
2.Жаңа этнонимнің пайда болуы 
3.Алғаш ту тіккен жер 
4.Қозыбасы атауы 
A)2, 4, 3, 1 
B)3, 4, 2, 1 
C)1, 2, 3, 4 
D)4, 2, 1, 3 
E)1, 3, 4, 2 
4.Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз 
A)Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді? 
B)Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды? 
C)Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған? 
D)«Қозыбасы» атауының этимологиялық мағынасы қандай? 
E)Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда тойланды? 
5.Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға, жаңа статусқа ие болғандығы туралы айтылатын 
бөлігі 
A)2 
B)4 
C)1 
D)3 
E)5 
6.Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны 
көрсетіңіз 
A)Қозыбасы аймағында қоныстанған. 
B)Еуропа мен Азияның кез келген елімен теңдесе алады. 
C)Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. 
D)Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы болған. 
E)Батыс Моғолстан, Шу, Талас өзендері бойында орналасқан. 
3.8-мәтін 
Қыран тағдыры 
Ақ сағымы бұлдыраған шетсіз-шексіз сайын дала бүгінде ерекше құлпырып тұр. 
Жасыл желекке оранып, самал желі зырлай соғып, жаныңа жайлылық берердей 
құшағын айқара ашуда. Құдды жап-жасыл кілем төсеп қойғандай болып, көк майса 
шөптері, әр жерге абайсызда төгіліп кеткен бояу сынды қызылды-жасылды гүлдері, 
сол гүлдерден балшырын іздеп шарқ ұрып жүрген бал аралары, таудан бастау алып 
сылдырай аққан мөлдір бұлағы мына далаға айрықша сән беріп, көңілмен ұғар 
жарасымдылық тапқандай. Сол даланың маңғаз салтанатындай болып ақ шағалаға 
ұқсап кіршіксіз әрі тұла бойы ою-өрнекке тұнған еңселі киіз үй тұр. Ежелгі хан 
ордасы осы мекен деп қалғандайсың. 


Киіз үй ішінде төр жақта реттеліп қойылған жүкаяқ үстінде қат-қат көрпелер, сәл 
беріректе төр көрпе, текемет, алаша сияқты көздің жауын алар әсем дүниелер 
қабаттаса жайылыпты. Мұнан бөлек үй іші түлкі, қасқыр, қоян сынды ірілі-ұсақты аң 
терілеріне малынып тұр. Бұның өзі киіз үйге өзгеше сән беріп тұрғандай. Оң босаға 
жақта бірден көзге ұрып, мен мұндалап тұратын басқалардан ерек бір нәрсе бар. Ол 
нәрсе алтындалған тұғыр үстінде қайратты қанаттарын қомдап, жан-жағына отты 
көзін жарқылдата тігіп отырған қыран бүркіт еді. Пышақтай өткір тегеурінімен 
тұғырды сығымдай ұстап, әрі-бері қозғалақтап қояды. Жіліншігіне тағылған қызыл 
жібек бау да қыранның ерен айбатын білдіргендей. Анда-санда жем тілегендей 
“шаңқ” етіп қояды. Бірақ неге екені белгісіз, даусы әлсіз, талмаусырай шығады, енді 
бірде аспан мұхитын еркін шарлағысы келгендей түндіктен алып күнге өткір жанарын 
қадай қарайды. Сөйтеді де тас мүсіндей қатады да қалады. Бәлкім, өз тағдырын, 
өткенін сан мәрте қайталай ойлайтын шығар. Кім білсін? 
1.Мәтінде кездеспейтін нұсқа 
A)Қыранның аспан мұхитын еркін шарлағысы келетіндей. 
B)Оң босаға жақта мен мұндалап тұрған ерекше нәрсе бар. 
C)Жасыл жібек бау қыранның ерен айбатын білдіреді. 
D)Қызыл жібек бау қыранның ерен айбатын білдіреді. 
E)Қызыл жібек баулы қыран шаңқ етіп қояды. 
2.Автордың болжамы бойынша, қыранның алып күнге өткір жанарын қадай қарауы 
A)Алысты көргісі келуі 
B)Иесімен аңшылықты аңсауы 
C)Күнге көзі шағылысуы 
D)Жем іздеуі 
E)Еркіндікті аңсауы 
3.Мазмұн реттілігін анықтаңыз 
1.Еңселі киіз үй 
2.Тұғырдағы қыран 
3.Құлпырған сайын дала 
4.Көз жауын алар дүние 
A)1, 2, 3, 4 
B)2, 4, 1, 3 
C)2, 3, 4, 1 
D)3, 1, 4, 2 
E)3, 4, 1, 2 
4.Қыранның айбатын асырып тұрған зат 
A)Алтын тұғыр 
B)Жібек бау 
C)Ащы дауыс 
D)Өткір жанар 
E)Қайратты қанат 
5.Үй ішіндегі өзге дүниеден ерекше нәрсе 
A)Жүкаяқ 
B)Бүркіт 
C)Текемет 
D)Аң терілері 
E)Алаша 
6.Мәтінде суреттелген жыл мезгілі 
A)Жазғытұрым 
B)Күз 
C)Көктем 
D)Мизам 
E)Жаз 
3.9-мәтін 
Дау – қазақы ортада ру немесе тайпа арасындағы егестерді және осының өршіген түрі 
– сан алуан тартыстарды білдіретін ұғым. Сондай-ақ, дауға ерекше өршіп, ру-қауым 
деңгейіне жеткен тұлғааралық дау-дамай да жатқызылады. «Жеті жарғы» заңдар 
жинағында көрсетілгендей дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктелген. Ертеде 
қазақы ортада даугерлер ел арасындағы құрметті, қадірменді ақсақалдарға жүгініп, 
дауларын халықтың жөн-жоралғысымен қарап, билік айтуын сұраған. Олардың 
билігіне разы болмаса, онда даудың әділ шешімін табу үшін халықтың әдет-ғұрыптық 
заңдарын жақсы білетін, елге танымал биге барып шағымданған. Қазақтың 
тұрмысында, әлеуметтік өмірінде үлкен дау-жанжал көбінесе жерге, жесірге, малға, 
құнға қатысты болған. Дауласушылардың, куәгерлердің қатысуымен өтетін дәстүрлі 
билер жиынында, негізінен, байырғы ортаның дау мұраты – бітім қағидасы бойынша, 
екі тарапты татуластыру, бәтуалы бітімге шақыру мақсаты көзделген, яғни қазақ 


қоғамындағы құқықтық мәдениеттің негізгі принципі басшылыққа алынған. Онда 
дауласушы жақтардың сөз ұстаған билері шығып, қамшы тастап, өздерінің дәлелдерін 
дәйекті түрде жеткізіп отырған. Дауда шешендік, тапқырлық, қарсы жақтың осал 
жақтарын дәл басатын біліктілік керек. Дауға төбе би төрелік айтады. Төбе бидің 
шешіміне даугерлер де тоқтауға тиіс. Ертеректе шешімі қиын даумен би алдына 
жүгініске барған кісілер ақ және қара қылдан ескен жіп ала барған. Егер дауласқан екі 
жақ та би шешіміне тоқтаса, билік айтушы айттым – бітті, кестім – үзілді деп, даудың 
шешілгенін білдіреді де, жіпті қақ ортасынан қияды. Бұл – билік айтқан адамның «ақ» 
пен «қараны» ажыратып, қара қылды қақ жарған әділдігін білдіретін семиотикалық 
таңба. Дау дұрыс шешімін тапқан жағдайда айыпкер жасаған қылмысының көлеміне 
қарай ат-тон айыбын төлеп құтылған. Қазақы ортада ру немесе тайпа арасындағы 
талас-тартысты туыстық-рулық қатынастардың шежірелік жосынмен негізделген 
іргелі принциптері мен нормалары арқылы шешіп отырды. Мұндайда «Алдыңа келсе, 
атаңның құнын кеш» деген мақалға негізделген принципке жүгінген. 
1.Қазақтың семиотикалық таңба түстері нені білдіреді? 
A)Бітім мен шешімді 
B)Әділетсіздік пен жаланы 
C)Шындық пен жаланы 
D)Бітім мен құн айыбын 
E)Әділдік пен шындықты 
2.Мәтіндегі нақыл сөз неге шақырады? 
A)Сыйлы болуға 
B)Қажырлы болуға 
C)Кешірімді болуға 
D)Білімді болуға 
E)Сабырлы болуға 
3.Дауды шешуде не басшылыққа алынған? 
A)Құқықтық мәдениеттің негізгі принципі 
B)Даудың шиеленісу деңгейі 
C)Жер, жесір, мал дауы 
D)Халықтың жөн-жоралғысы 
E)Ру мен тайпа арасындағы егес 
4.Мәтінге қатысты дұрыс тұжырымдар 
1.Төрелік айтушы адамға қажет біліктіліктер: шешендік пен тапқырлық. 
2.Қазақтың тұрмысында дау-жанжал жерге, жесірге, малға, құнға қатысты болған. 
3.«Жеті жарғы» жинағында дауды шешу батырларға жүктелген. 
A)Бірінші, екінші 
B)Екінші, үшінші 
C)Үшеуі де дұрыс 
D)Бірінші, үшінші 
E)Тек екінші дұрыс 
5.Айыпкер қалай жазаланған? 
A)Қылмысына қарай айыбын төлеген 
B)Қылмысын мойындату үшін ел алдында жазалаған 
C)Қылмысының ауырлығына қарай абақтыға қамалған 
D)Қылмысын қайталамау үшін елден қуылған 
E)Қылмысын жеңілдету үшін айыппұл төлеген 
6.Дауды шешу кімдерге жүктелген ? 
A)Екі тараптан тұратын жиынға 
B)Ру мен тайпаларға 
C)Билер мен ақсақалдарға 
D)Куәгер адамдарға 
E)Билік пен шешімге 
3.10-мәтін 
Астана және Адамзат. Бейбітшілік пен келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі 
діндер лидерлерінің V съезі өтті 
Осынау қос ұғымның құстың қос қанатындай үндескеніне пәлендей таңданудың 
қажеті жоқ-ау. Қарт тарихтың кер жолына қайталай үңілсек, біздің дәуірімізге дейін 
де, одан бергі ғасырлар бедерінде де асыл бабаларымыз пенде атаулыны түр-түсіне, 
діни сеніміне, мәдениетіне қарай бөлмепті. Және солай етем деушілерге көнбепті. 
Жазира жеріміздің төсінен дәстүрлі өз дінімізбен қатар, будданың да, православиенің 
де археологиялық артефактілерінің арагідік табылып жатуы соның бір көрінісі. 
Демек, адамзаттың бәрін «бауырым» деп кеудесіне қысқан кешегі әлемге өркениет 


жайған еңселі жұрт ұрпағының мынау зымыран дүниеде елдің алдына шығуы – 
табиғи да желісті дүние. 
2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 
съездері жалпы жарық дүниеге шапағатты сәулесін молынан түсіретін ғаламдық 
жиынға айналды. Мұндай бағаны беріп отырғандардың өзі – сол әлемдік деңгейдегі 
саясаткерлер мен ірі дінбасылары. Адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды 
одан әрі нығайтуға, діндер мен мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік пен келісімге 
деген қажеттіліктің бүгінгідей тіптен артып тұрған шағында Астанадағы Бейбітшілік 
пен Келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің өтуі 
маңызы асқан шаруа дер едік. Оның жұмысына төрткүл дүниенің 42 елінен 80-нен 
астам делегациямен бірге небір атынан ат үркетін шетелдік және халықаралық ұйым 
өкілдерінің, оның ішінде, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының қатысуы да 
біздің қадірімізді арттыра түссе керек. 
– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің 130-дан астам этнос пен 40-
қа тарта конфессия тату тіршілік етіп жатқан Қазақстанда өтуі тегіннен-тегін емес. 
Қазақстанда адамдар келісімде, бірлікте және әлеуметтік тұрақтылықта өмір сүріп 
жатыр. Бұл Қазақстанның өзіндік бір үлгіні қалыптастырғандығын дәлелдейді. Бұл – 
барлық қоғамға, барлық мемлекетке келе беретін әмбебап үлгі. Демек, көп ел 
Қазақстанның 
жолымен 
жүруі 
тиіс 
деп 
санаймын, 
– 
деген 
Буддистер 
қоғамдастығының Бас хатшысының айтуынша, барша ел әлемдегі зұлымдықты 
тоқтатуға бірлесе күш салуы тиіс. Дүниежүзілік буддистер қоғамдастығы әлемдегі 
кейбір елдерде орын алып жатқан зорлық-зомбылықтарға, сенім мен мүдделердің 
қарама-қайшылығынан туындаған қақтығыстарға үлкен алаңдаушылық танытуда. 
Ендеше, бұл – нағыз бірлесе, топтаса әрекет ететін кезең. Себебі бейбітшілік пен 
тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жұмыла кіріспесек, әлемнен өзгерістерді күтуге 
болмайды. 
Дәстүрлі басқосуда сөз алған шешендер пікірлерінің түп төркіні, сайып келгенде, 
бейбітшілік пен ізгілік, кикілжің мен түсініспеушілікке душар болған тараптарды 
өзара үнқатысуға шақыруға, этностық, тілдік, діни және мәдени айырмашылықтарға 
қарамастан толеранттық тізгінін бекем ұстауға тоғысты. Бұл ретте, сөз жоқ, қазақ 
елінде қалыптасқан тұрақтылық пен келісімнің жарқын үлгісін, яғни адамдардың бір-
бірімен бейбітшілікте және рухани келісімде ғұмыр кешуінің қазақстандық жолын 
темірқазық етіп ұстанамыз деп тарасты. 
1.Мәтін мазмұнына қатысты дұрыс нұсқа 
1.Қазақстан. Астана. Тұңғыш Президент мұражайы. 
2.Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне 42 елден 80-нен астам 
делегация қатысты. 
3.Қазақстанда 130-дан астам этнос пен 40-қа тарта конфессия тату өмір сүруде. 
A)1,3 
B)1,2,3 
C)2,3 
D)1,2 
E)тек 3 
2.«Қазақстан – тұрақтылық үлгісі» деген пікірдің иесі 
A)Буддистер қоғамдастығының Бас 
хатшысы 
B)Православие өкілі 
C)Иудаизм өкілі 
D)Мұсылмандық қауымдастығының өкілі 
E)БҰҰ-ның бас хатшысы 
3.Съезде сөз алғандардың пікірлері неге түйісті 
A)Съезд бағдарламасына толықтырулар қосуға 
B)Толеранттық тізгінді бекем ұстауға 
C)Үлкен саясат мәселелерін қадағалауға 
D)Әлемдік мәдениетке үлес қосуға 
E)Экология мәселесін көтеруге 
4.Мәтін стилін анықтаңыз 


A)Ғылыми 
B)Публицистикалық 
C)Көркем әдебиет 
D)Ауызекі сөйлеу 
E)Ісқағаздар 
5.Буддистер қоғамдастығы Бас хатшысының пікірінше съездің Қазақстанда өткізу 
себебі 
A)Қазақстан дамушы мемлекет болғандықтан 
B)Қазақстанда бірнеше этнос пен конфессия өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі 
C)Қазақстанның мәдени мұрасы бай болғандықтан 
D)Қазақстан экономикалық тұрғыдан тиімді болғандықтан 
E)Қазақстан географиялық тұрғыдан қолайлы орналасқандықтан 
6.Съезге «Шапағатты сәулесін мол төгетін ғаламдық жиын» деп баға бергендер 
A)Белгілі саясаткерлер мен атақты әншілер 
B)Халықаралық ұйым өкілдері 
C)Шетелдік ұйым өкілдері 
D)БҰҰ Бас хатшысы 
E)Әлемдік деңгейдегі саясаткерлер мен дін басшылығы 


3.11-мәтін 
1.Халық бала тәрбиелеуде олардың жасына, ақыл-ойы мен дене құрылысының 
жетілуіне қарай, тәрбиені қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте ауырлатып
қиындатып отырған. 
2.Ер балалардың 7 мен 10 жас аралығын «қозы жасы» деп, бұл жастағы балаларға 
төрт түлік мал мен оның төлдерінің белгі, қасиеттерін жыға тану талабын қойған. 
3.Ал, 10 жастан 20 жасқа дейінгі жасты «қой жасы», «Отан жасы» деп атап, осы он 
мен жиырма жас аралығындағы ер балаларға асау үйрету, қойдың қырық қайырымын 
білу, астық жинаудың «ұрық таңдау, айдау, баптау, ору, жию, қамбалау» сияқты алты 
әдісін, бағбандықтың көшет отырғызу, баптау, жалғау, бұтау, үзу, сақтау сияқты 
амалдарын толық меңгеру талабы қойылған. 
4.20 жастан 30 жасқа дейінгі жасты «жылқышы жасы» деп атап, бұл жастағы 
азаматтарға ел танып, жер танып, тың жол тауып, жаңа бастама көтеріп, жылқының 
жиырма қасиетін меңгеріп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп-қатерге 
жолыққанда ерлік көрсете алатын, батыл да батыр болу талабы қойылады. 
5.Ал қырық жасты «жігіт ағасы», «дүр жігіт» деп атап, қырыққа келген әрбір азаматқа 
елге тірек, әлсізге қорған болып, ел-жұртының кеткен кегі мен өткен өшін алып, 
Отаны мен халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтау парызын жүктеген. «Ез тірліктен 
ер өлім», «Ерлік – жігіттің жігіттігін танытатын бағалы қасиет» деп, ел намысы, ер 
намысы үшін сын сағатта өзінің бас амандығы мен жеке мүддесін күйттеп, ел намысы 
мен ер намысын қорғай алмаған еркекті «ез, намыссыз, жетесіз» деп айтқан. 
6.Ұрпақтарды жасына қарай талап қойып тәрбиелеу – тәрбиенің тиімділігін 
арттырады. Мал бағып, от жағу, егін егіп, бау-бақша өсіру, қажетті мезгіл мен сын 
сағаттарда елінің, жерінің, халқының, Отанының ар-намысын қорғап, азаматтық 
таныту – саналылығын өсіреді. Ар-намысты, атақ-даңқты жеке басы мен өз 
мүддесінен жоғары қою сияқты ұлы мұрат, асқақ арман орнатуының негізін қалайды. 
1.Егіншілік ісін меңгеру талаптары қойылатын жас 
A)7-10 
B)10-30 
C)20-30 
D)30-40 
E)10-20 
2.Мәтін бойынша ел намысын қорғай алмайтын жігіттердің сипаты 
A)Өзінің жеке басын күйттеген 
B)Әскери әдіс-тәсілді білмеген 
C)Мінезі қызу қанды, сабырсыз болса 
D)Сертінде тұра алмайтын 
E)Айтқан тілді алмайтын 
3.Мәтін мазмұнына лайықты мақал-мәтел 
A)Ақ серке қой бастайды, Ақын жігіт той бастайды. 
B)Жалғыз-жарым жігіттің шығар-шықпас жаны бар. 
C)Жігітке жеті өнер де аз. 
D)Жаңбыр жауса, жерге сый, Жігіт туса, елге сый. 
E)Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған. 
4.Мәтіндегі негізгі ой 
A)Балаларды батырлыққа тәрбиелеу 
B)Балалардың шығу тегіне байланысты ұлттық тәрбие 
C)Балаларға төрт түлікпен байланысты ұлттық тәрбие беру 
D)Балаларға жылқы малының қасиеттерін таныта білу 
E)Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық тәрбие 
5."Қой жасындағы" балаларға қойылмайтын талап 
A)Бағбандықты үйрену 
B)Ат баптау 
C)Асау үйрету 
D)Мал бағу 
E)Найза ұстау 
6.Қырық жастағы жігіттерге жүктелген міндет 
A)Төрт түлік малды тану 
B)Астық жинаудың түрлерін меңгеру 
C)Қойдың қырық қайырымын білу 
D)Елге тірек, әлсізге қорған болу 
E)Бағбандықпен айналысу


3.12-мәтін 
Мақсатқа жету жолындағы қиындықтар 
1.– Ұстаз, – деді бір күні шәкірті бірдеңе сұрамақ болып, – өз әлсіздігімізді сездіретін, 
жолымыздан тайдырғысы келетін, мақсатымызға жетуге кедергі келтіретін 
қиындықтар неге туындайды? 
2.– Сенің қиындық деп отырғаның, – деді Ұстаз, – негізінде мақсатыңның бір бөлігі. 
Мұнымен күресуді доғар. Жол таңдағанда жай ғана осыны ойла да, есепке ал. Садақ 
атып жатқаныңды елестетші. Жерге қалың тұман түскендіктен сен нысананы 
көрмейсің. Алайда сен тұманмен күресесің бе? Жоқ, сен жел соққанды күтіп, тұман 
өздігінен тарап кеткенін күтесің. Енді нысана көрінді дегенде, жебеңді жел басқа 
жаққа ұшырып әкетеді. Сен желмен күресесің бе? Жоқ, сен оның бағытын аңдып, 
садақты басқа бұрыштан атуға кірісесің. Садағың да қатты әрі ауыр, кейде садақтың 
адырнасын тартуға күшің жетпей жатады. Сондайда садақпен күресесің бе? Жоқ, 
бұлшық еттеріңді жаттықтырып, күн өткен сайын адырнаны жеңіл тартасың. 
3.– Бірақ желсіз, жайма-шуақ күні жеңіл әрі иілгіш садақтан ататын адамдар бар ғой, 
– деді шәкірт өкпелеп. – Негедәл менің атысым өз жолында көптеген қиындыққа 
ұрынады? Әлде тағдыр менің алға ұмтылуыма қарсы ма? 
4.– Ешқашан ешкімге қарама, – деп жымиды Ұстаз. – Әр адам өз садағын, өз 
нысанасын және атуға қолайлы уақытты өзі таңдайды. Біреулер дәл тигізуді мақсат 
тұтады, басқалар – атып үйренгісі келеді. 
Ұстаз даусын бәсеңдетіп, шәкіртіне тура қарай: 
5.– Саған тағы бір құпияны ашайын, балам. Тағдыр саған қарсы шықпайды және 
көмектеспейді де, ол сенің ісіңе араласпайды. Тұман сенің атысыңа кедергі болу үшін 
түспейді, жел оғыңды басқа жаққа ұшырып әкету үшін соқпайды, ал садақшы садақты 
адамдар өз әлсіздігін ұғынсын деп жасамайды. Мұның бәрі сенің қалауыңнан тыс іске 
асады. Барлық қиындыққа қарсы тұрып, нысанаға дөп түсемін деген – өз ойың. 
Сондықтан, қиындыққа шағымдануды доғар немесе менменшілдікке салынбай, өз 
қолыңнан келетін мақсатты таңда. 
1.Мәтіндегі ұстаздың пікірінше «тұманның түсуі, желдің соғуы, садақтың 
қаттылығы» немен байланысты? 
A)Әлсіздерді әшкерелеу үшін болады 
B)Қалауыңнан тыс болады 
C)Тағдырдың қарсылығымен болады 
D)Адамдарды сынау үшін болады 
E)Жолы болмайтындар үшін болады 
2.Мәтіндегі шәкірттің ойынша жолында кездесетін қиындықтардың себебі 
A)Басына түскен істі қиынсынуы 
B)Кедергінің көп болмауы 
C)Ештеңені үйренгісі келмеуі 
D)Өзінің әлсіздігі 
E)Тағдырдың қарсылығы 
3.Мәтін бойынша шәкірт садағының оғын нысанаға дөп тигізуге кедергі болмайтын 
жағдай 
A)Шәкірттің садақ ата алмауы 
B)Қатты желдің соғуы 
C)Қалың тұманның түсуі 
D)Бұлшық еттерін жаттықтыру 
E)Ауа райының қолайсыздығы 
4.Мәтін мазмұнында кездеспейтін ой 
A)Жеңіл әрі иілгіш садақтан ататын адамдар бар ғой. 
B)Ешқашан ешкімге қарама. 
C)Біреулер өз нысанасына дәл тигізуді мақсат тұтпайды. 
D)Өз қолыңнан келетін мақсатты таңда. 
E)Сенің қиындық деп отырғаның – мақсаттың бір бөлігі. 
5.Шәкірттің «бәрі маған қарсы» деген пікірі немен байланысты? 
A)өз мақсатымен 
B)өз жолымен 
C)өз арманымен 
D)өз тілегімен 


E)өз әлсіздігімен 
6.Мәтін бойынша ұстаздың шәкіртіне айтқан ақылына сәйкес келетін мақал 
A)Еңбегі ештің – күні кеш 
B)Ерте тұрған өкінбес 
C)Қалауын тапса қар жанар 
D)Алып – анадан, ат – биеден 
E)Түсі келіспей, ісі келіспес 
3.13-мәтін 
Кез келген халық – өзінің біртуар ұлдарымен даңқты. Олар кейінгі ұрпақтарының 
рухани, ғылыми мұрасында, тарих беттерінде өшпес із қалдырды. Қазақ елінің 
осындай ұлдарының бірі – Бейбарыс Сұлтан (араб еңбектерінде Байбарс). Дешті 
Қыпшақ даласын монғолдар басып алғаннан кейін он жасар Бейбарысты 800 
дирхамға сатып жібереді. Ол өзінің алғашқы ұстазы, тәлімгері және әміршісі болған 
Бұндұқдәрі саудагердің құлы ретінде Египетке келеді. 
Араб әлемінде Бейбарыс Сұлтан туралы ғылыми және әдеби еңбектер мен аңыздар 
көп, бірақ оның балалық шағы туралы мәліметтер аз. Түрлі елдердің ғалымдары 
тарихи деректерге сүйене отырып, оның ата-бабаларын Каспий маңындағы 
аймақтарға таралып кеткен Беріш тегіне жатқызады. Тарихи құжаттарда оның толық 
аты – Сұлтан Рукн-Ад-Дин Аз-Захир Байбарс аль-Бұндұқдәрі ас-Салиха Ан-Наджми 
Ат-Түркі (кейбір деректерде әл-Қыпшақ). Мамандардың түсіндірмелері бойынша, бұл 
шамамен: Бұндұқтар тегінің тәрбиеленушілері, исламның жарқын тірегі Бейбарыс 
Сұлтан түріктен шыққан, Салиха мен Наджми сұлтандардың қолбасшысы деп 
аударылады. 
Бұндұқдәрі баланы әскери өнерді үйренуге береді. Бейбарыс Египет билеушісі Сұлтан 
Салиханың қайсар жауынгері болады, соңында таққа отырып, 17 жасында ел 
басқарады. Египет мемлекетінде оған дейінгі болған әмірлерден ерекшелігі – араб 
әлемінде Бейбарыс Сұлтанның Египет мемлекетінің негізін қалаушы ретінде саналуы. 
Бейбарыс Сұлтан тақырыбы қазақстандық жазушылар мен зерттеушілерді бұрыннан 
қызықтырып келеді. 
Белгілі қазақ жазушысы Сәуірбек Бақбергенов Бейбарыстың кіші қарындасының 
атымен аталатын «Айтаңсық» әңгімесін, Морис Симашко «Емшан» повесін, 
Қойшығара Салғарин, Тұрсын Жұртбаев және басқа да шығыстанушылар зерттеу 
жұмыстарын, белгілі ақын Аманқос Ершуов «Бейбарыс» поэмасын жазды. 
1.«Бейбарыс» поэмасының авторы 
A)Морис Симашко 
B)Тұрсын Жұртбаев 
C)Сәуірбек Бақбергенов 
D)Олжас Сүлейменов 
E)Аманқос Ершуов 
2.Бейбарыс Сұлтанның туған жері 
A)Араб елі 
B)Монғол даласы 
C)Мысыр жері 
D)Қытай елі 
E)Дешті Қыпшақ даласы 
3.Араб әлеміндегі Бейбарыс Сұлтанның басқа әмірлерден ерекшелігі 
A)Бейбарыс Сұлтанның Египет мемлекетінің негізін қалаушы болып саналуында 
B)Алғашқы ұстазы Бұндұқдәрі саудагердің шәкірті болуында 
C)Сұлтан Салиханың қайсар жауынгері болуында 
D)17 жасында ел басқаруында 
E)Өте ұзақ жасауында 
4.Бейбарыс Сұлтан өмірінің қай кезеңі жайлы мәліметтер аз? 
A)Құлдықтағы өмірі жайлы 
B)Әскери өнерді үйренуші жауынгер жайлы 
C)Қайсар жауынгерлігі жайлы 
D)Египет мемлекетінің негізін қалаушы жайлы 
E)Балалық шағы жайлы 
5.Бейбарыс Египетке кім ретінде келеді? 


A)Египет билеушісі 
B)Әскери өнерді үйренуші 
C)Египет мемлекетінің негізін қалаушы 
D)Бұндұқдәрі саудагердің құлы 
E)Салиха мен Наджми сұлтандардың қолбасшысы 
6.Мәтін мазмұнына қатысты дұрыс тұжырымдар 
1.Құлдыққа сатылған бала билеуші дәрежесіне дейін көтеріледі 
2.Бейбарыс Египеттің қайсар жауынгері болды 
3.Бейбарыстың қарындасы туралы мәлімет бар 
4.Бейбарыс өмірінің барлық кезеңдері туралы нақты ақпарат жеткілікті 
A)1, 2, 3, 4 
B)1, 2, 4 
C)1, 2, 3 
D)1, 3, 4 
E)2, 3, 4 
3.14-мәтін 
«Домбыра Party» туралы ең алғаш Facebook әлеуметтік желісінен естідім. Суреттер 
мен пікірлерді көріп, бұл жобаға қызыға бастадым. Біраз уақыттан кейін бұл жерден 
Нұрғиса ағамыздың жазған постын оқыдым. Ол жерде бұл кісі Лондонға келетінін 
және «Домбыра Party» ұйымдастыратынын жазып, осы жерде жүрген қазақтардың 
хабарласуын сұрапты. Сондықтан мен де бұл мәселе қашан шешіледі екен, нақты 
болатын уақыты мен жері қашан анықталады екен деп біраз уақыт күттім. Кейін 
анық-қанығын білдік. Сүйінші хабарды желі бойынша жан-жаққа тараттық. 
Әрине, басында Лондондағы «Домбыра Party»-ге аз адам келіп, ұят болып қалмағай» 
деп те уайымдадық. Себебі жанымда жүрген қазақ студенттерінің көбісінің оқуы 
аяқталып, басым бөлігі елге оралған болатын. 6 шілде – Астанамыздың туған күнінде 
«University College London» атты оқу ордасында өткен шараға, абырой болғанда, 
қырыққа жуық қазақ жиналды. Жиналып қана қоймай, Нұрғиса ағамызды қолдап, 
өздері де домбыраны қолға алып, өнерлерін көрсетті. Көшеде серуендеп жүріп, бізді 
кездестіріп қуанған қазақтар да болды. Домбыраның үнін естіп, арамызға келіп 
қосылып жатты. Біраз қазақ бауырларымыз шетелде жүріп, өз елін сағынғаны 
байқалды. Осы «Домбыра Party» арқылы елден жырақта жүрген қазақтардың көбісі 
өздерін Қазақстанда болып қайтқандай сезінген шығар. Себебі айтылған әндер, 
тартылған күйлер шын мәнінде Қазақстанға деген сағынышымызды біршама басты 
деуге негіз бар. Осындай қазақтардың басын қосатын, елге, жерге деген 
сүйіспеншілігін арттыратын, рухымызды асқақтататын бастамалар көбейе берсе екен 
деп тілеймін. Ал мен өз кезегімде «Домбыра Party»-дің Лондонда жалғасын табуын 
қадағалап, септігімізді тигізуге әзір екендігімізді баса айтқым келеді. 
1.Автор «Домбыра Party»-ге қандай тілек тілейді? 
A)«Домбыра Party»-дің студенттердің демалысы бітпей тұрып өтуін тілейді. 
B)«Домбыра Party»-дің Лондонда жалғасын табуына жәрдемдесуге дайын екенін 
айтады. 
C)«Домбыра Party»-дің жоғары дәрежеде өтуіне барша қазақстандық ат салысса екен 
дейді. 
D)Басқа қалаларда «Домбыра Party»-дің жиі өтуіне көмегі дайын екенін айтады. 
E)Сағынышты басатын әндер мен күйлер «Домбыра Party»-де өте көп орындалса 
екен. 
2.Мәтін бойынша автордың көңілін алаңдатқан сөйлемді табыңыз. 
A)Себебі айтылған әндер, тартылған күйлер шын мәнінде Қазақстанға деген 
сағынышымызды біршама басты деуге негіз бар. 
B)Әрине, басында Лондондағы «Домбыра Party»-ге аз адам келіп, ұят болып 
қалмағай» деп те уайымдадық. 
C)Осындай қазақтардың басын қосатын, елге, жерге деген сүйіспеншілігін 
арттыратын, рухымызды асқақтататын бастамалар көбейе берсе екен деп тілеймін. 


D)Осы «Домбыра Party» арқылы елден жырақта жүрген қазақтардың көбісі өздерін 
Қазақстанда болып қайтқандай сезінген шығар. 
E)Сондықтан мен де бұл мәселе қашан шешіледі екен, нақты болатын уақыты мен 
жері қашан анықталады екен деп біраз уақыт күттім. 
3.Мәтінді жазудағы автор мақсаты қандай? 
A)«University College London» оқу ордасын жарнамалау. 
B)«Домбыра Party»-ге жиналған қазақ санын анық көрсету. 
C)Лондон қаласында қазақтардың бар екенінен ақпарат беру. 
D)Шетелде тұратын қазақтардың қазақ әндерінен хабары бар екенін ұғындыру. 
E)«Домбыра Party»-дің қалай өткені жайында қуанышымен бөлісу. 
4.Мәтін мазмұны бойынша Нұрғиса 
A)Шетелдің қазағы 
B)Колледж ұстазы 
C)Қазақстан елшісі 
D)Күйші 
E)Келген қонақ 
5.Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін ақпарат 
A)Лондондағы «Домбыра Party»-ге қырық шақты адам жиналды. 
B)Нұрғиса ағай «Домбыра Party»-дің өтуіне басшылық жасады. 
C)«Домбыра Party»-ге жиналған қауым атамекенінде болғандай сезінді 
D)«Домбыра Party» «University College London» оқу ордасында өтті. 
E)«Домбыра Party» тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. 
6.«Домбыра Party»-ге жиналған халық өздерін қалай сезінді? 
A)Шалғай жердегі ата жұртында болып қайтқандай сезінді 
B)Жиылған қауымға бауыр басып қалғандықтарын сезінді. 
C)Өздері де шетел әндерін орындай алатындай сезінді 
D)Нұрғиса ағайдың домбырасының үнін сағынғанын сезінді. 
E)Жиналған халықтың салғырттығын сезінді. 
3.15-мәтін 
1.Ерденнің жалғыз баласы қайтыс болғанда, аяқ жетер жердегі ел түгел келіп, көңіл 
айтса да басын көтермей, сартөсек боп сарғайып жатып алыпты. Бұл хабар тигеннен 
кейін Сыр бойындағы Досбол мен Шоқай ел арасы шалғайлықтан жетінші күні 
жетіпті.Үйге кіріп, өлгенге – иман, тіріге – береке тілеп, бет сипасқан соң: 
– Уа, Ерден! – депті Досбол, – өлмесе қайда кетті бұрынғының кәрісі? Әлемді 
жалмап-жұтса да, өмірінде тоймаған қара жердің талысы! Өткенге өкінбе, келмеске 
күйінбе, өлім деген – ұзын жолдың алысы. Туғаннан кейін барлық жанның қара жер 
емес пе барысы? 
2.Бұған да мызғымаған соң Шоқай малдас құрып отырған қалпынан ауысып, жүгіне 
қос тізерлеп, қамшысын мықынына таяна ұстап, аңға түсер мұзбалақтай шаңқ етіп: 
– Ей, батыр Ерден! Басыңды көтер жерден! Құдіреттімін деп, мейманасың тасып 
кеткен екенсің кердең?! Мыңды айдаған әкең Сандыбай да қара жерге енген! Оны 
мына Шоқай көзімен көрген! Әулие болсаң, әкеңді де, балаңды да алып қалуға әлің 
қане келген?! Көкті бу көтереді, жүйрікті ду көтереді, өлімді ер көтереді, ауырды нар 
көтереді! Ер емес пе едің талай құқайды көрген?! Тағы да айтамын, басыңды көтер 
жерден?! 
3.Сонда Ерден төсегінен шүйіле көтеріліп, сартап боп сарғайған жүзін орамалымен 
сипап: 
– Уа, асып туған асылдар! Қайғырсаң да қаншама, өлі артынан өлмек жоқ. Құрдымға 
мүрдең кеткен соң екі айналып келмек жоқ! Көтермесем басымды, көңілім өксік 
қаяулы! Ардақтыларым едің аяулы, саңлақтарым едің санаулы! Көңілде қайғы, шемен 
шер, төбелерің көрінбеген соң, күтіп жатыр едім, өздеріңдей асыл ерлерді жараулы! – 
деп, құшақтаса көрісіпті. Досбол мен Шоқай үш-төрт күн болып, Ерденнің көңілін 
демдеп, қайғысын бөлісіп аттанған екен. 


1.Ерденнің сарғайып, сартөсек болып жатып алуының себебі 
A)Жайсыз хабар алады. 
B)Жалғыз баласының қайғысы тұралатып тастайды. 
C)Ел басына түскен қайғы қабырғасын қайыстырды. 
D)Аяқ астынан суықтап қалады. 
E)Ел ағалары Досбол мен Шоқайды күтіп жатады. 
2.Мәтіннің мазмұнын түйіндейтін мақал-мәтел 
A)Анасын танымаған, Алласын танымас. 
B)Ақылдының алдымен жүр, ақымақтың артымен жүр. 
C)Жақсыға барлығы да жақсы. 
D)Кәрісі кімнің бар болса, Хаты соның қолында. 
E)Қайғы – бөліссе азаяды, 
Қуаныш – бөліссе, көбейеді. 
3.Мәтінде көрінетін кейіпкерлердің бір-біріне деген ерекше сезімі 
A)Сабырлылық 
B)Батылдық 
C)Сүйіну 
D)Туыстық 
E)Бауырмалдық 
4.Досбол мен Шоқайдың Ерденге келуінің себебі 
A)Ас беру үшін 
B)Көңіл айтып, қайғысын бөлісу үшін. 
C)Ерденнің ағайындары болғандықтан. 
D)Жақын ауылдас болғандықтан. 
E)Денсаулығын сұрау үшін 
5.Қайғылы Ерденнің төсегінен бас көтеруінің себебі 
A)Ел ағаларының алдында жатып алуға ұялғандығынан. 
B)Досбол мен Шоқайға жоқтау айтып, көрісу үшін. 
C)Бас көтермесем, дұрыс болмас деген ішкі ойынан. 
D)Мәңгілік өмір жоқ екендігін өздігінен түсінді. 
E)Досбол мен Шоқай айтқан тоқтау сөздің құдіреттілігі. 
6.Мәтіндегі Шоқайдың: «Көкті бу көтереді, жүйрікті ду көтереді, өлімді ер көтереді, 
ауырды нар көтереді» – деген сөзінің мәнісі 
A)Ерденді ер мен нарға балап айтқан басу сөзі. 
B)Ерденнің баласын бірге жоқтасқан сөзі. 
C)Ерденнің намысын қайрайтын сөз 
D)Досболды қостаған өзінің сөзі. 
E)Ерденге реніш білдіргені 
3.16-мәтін 
Шоқанның Достоевский досына жазған хаты 
Қымбатты достым, Федор Михайлович! 
1....Бұған дейін хат жазбауымның түрлі себептері болды, оның бәрін қазір түсіндіріп 
көрейін. Біріншіден, қазан айында Петерборға барам ба деп межелеген едім. Алайда 
сырқаттанып қалғаннан кейін ол ниетті желтоқсанға дейін шегердім. Одан 
денсаулығым желтоқсанда да оңала қоймағаннан кейін, Сібірдің дәрігерлерінің 
кеңесіне құлақ асып, қысты ауылда өткізуді ұйғарғанмын. Бұған қоса өне бойы 
Петерборда тұруға денсаулығымның көтермейтініне өзімнің де көзім жетті. 
Сондықтан, Қашқардан консулдық орын алуды ойластырып жүрмін. Болмаса 
отставкаға шығамын да, сайлау бойынша өзіміздің елде қызмет етемін. Қашқардың 
ауа райы денсаулығыма жағар ма еді деп те ойлаймын. Оның сәті түспесе өзіміздің 
өлкеде жүрсем де жаман болмас еді. Шаруашылықпен, саудамен айналысамын, ал 
сайлаудан өтсем, адал шенеунік ретінде өз туған-туыстарыма сауатсыз да дөрекі 
сұлтандарға қарағанда едәуір пайдам тиер еді. 
2.Сөйтіп жыл аралатып Петерборға барып, айлап жатып, достармен қауышып, жаңа 
кітаптар алып, жаңаша ойлармен қаруланып, елге, өзіміздің қазақтарға қайтамыз! 
Сөйтсек жаман болмас еді, ә, достым Федя?! Қалай ойлайсың? Денсаулығым 


жақсарса, мұның бәрі мүмкін нәрсе. Рас, қазір хал-ахуалым жаман емес. Әйтсе де әлі 
де болса толықтай айығып кеттім дей алмаймын. 
3.Сонымен елде қыстап шықпақшымын, қымызбен емделуді аяғына дейін жеткізу 
үшін жазды да ауылда өткіземін. Ал күзге қарай тірі болсам, Петерборға да жетермін. 
Сөйтіп сені жан дауысың шыққанша қатты қысып құшармын. Біздің боз даланың 
аздап көңілсіздеу екені рас, бауырым. Дегенмен, түк істемей керіліп жатуыңа 
қолайлы-ақ! Ешкім бөгет жасамайды. Сібірдің сен танымайтын бір білікті дәрігерінің 
ақыл-кеңесі бойынша, қазір ештеңе жазбаймын, оқуды да доғарғанмын, қысқасы, ой 
еңбегі дегеннен адамын – менің қазіргі «емімнің» түрі осы. Мұндайда, әрине, іштің 
пысыңқырайтыны да жасырын емес. Бүркітпен, мылтықпен, итпен аң қағу сияқты 
ермек түрлерімен шұғылдануға болар еді. Бірақ бұған, сайтан алғыр, денсаулығым 
жарамайды. Жатасың да қоясың. 
4.Енді саған аздаған өтінішімді айтайын. Жаңа айтқанымдай, менде оқитын ештеңе 
жоқ. Сол себептен «Времяны» салуыңды өтінемін. Соңынан есеп айырыса жатамыз 
ғой. Егер қаржың көтерсе мен үшін «Современникке» жазыл. Менің мекен-жайым: 
Батыс Сібірдегі Петропавл арқылы Көкшетау станицасы. 
Ұмытпа. Маған фотосуретіңді сал. Сол сияқты Майков, Полонский, Крестовский де 
суреттерін салуға уәде берген. Соларға да ескерте сал. 
Мария Дмитриевнаға үлкен сәлем! Біз секілді пақырларыңызды ұмытпаңыздар! 
1.Шоқан қызметін не себепті Қашқарға ауыстырғысы келді? 
A)Зерттеулерін жалғастырғысы келеді 
B)Қашқардың ауа райы денсаулығына жағады 
C)Қашқарда оған жақсы қызмет ұсынып отыр 
D)Адал шенеунік ретінде қызмет атқару үшін 
E)Шаруашылықпен, саудамен айналысу үшін 
2.Шоқанның хатынан оның қандай басты сезімін аңғаруға болады? 
A)Қызметіне деген алаңдаушылығы 
B)Білімге деген құштарлығы 
C)Қызметіне деген қызығушылығы 
D)Денсаулығына алаңдауы 
E)Болашаққа деген сенімі 
3.Шоқанның еліне деген қамқорлығы сөз болатын бөлім(-дер) 
A)2 
B)3 
C)1 
D)4 
E)2,3 
4.Төмендегі ойлардың қайсысы автордың ойымен ұштасып келеді? 
A)Мың досың – аз, бір дұшпаның – көп. 
B)Көңіл жетсе бәрі жетер. 
C)Адамға адал дос табу қиын, 
Көбіне дос етеді мал мен бұйым. 
D)Досыңа достық – қарыз іс. 
E)Бірінші байлық – денсаулық. 
5.Шоқанның қызметтік мансабы туралы ойы қай бөлімде айтылған. 
A)1 
B)3 
C)4 
D)2 
E)2,3 
6.Шоқан жаз мезгілін неге ауылда өткізбекші? 
A)Емін аяғына дейін жеткізу үшін 
B)Сайлауға дайындалу үшін 
C)Шаруашылықпен айналысу үшін 
D)Жұмыстан демалу үшін 
E)Саятшылықпен айналысу үшін 
3.17-мәтін 
«Алтын жалды арманым» 
1.Тәңірхан осы жасқа жеткенше ұмытылмастай екі түс көрді. Алғашқы түсін 
балалықтан арыла алмай жүрген шағында көрді. Түс дегеніміз – адам қиялының мида 
бейнеленуі деп ғалымдар дәлелдесе, ауылдағы ғалым емес кемпір-шал: «бәрі де көп 
ойлағаннан ғой» деп қорытады. Тәңірхан осы көрген түсін ешкімге жорытқан жоқ, 
тек бір өзі ғана біледі, әр кез жанына серік етіп жүреді; кей кездері сол көрген түстің 
алтын нұрына шомылып, жаны рахат күй кешеді. Осы түсін ешкімге тіс жарып айтқан 
емес, айтса күші кетіп қалатындай көреді. «Түсті бір-ақ рет айтады, сосын жақсыға 


жориды» деген еді Жүзжасар атасы, осы әулеттің ең үлкені. 
2.Атасы өмірден өтіп кетті, бірақ артында сөзі мен ісі қалды, ұстаған кетпені 
мұражайда тұр. Өзі өмір бойына серік еткен кетпенді обком хатшысы Алматыға 
мұражайға қоямыз деп сұрап келгенде, қатты қиналған, бере алмайтынын айтқан. 
Бірақ обком хатшысы: «Маған республика басшысы тездетіңдер деді», – деп, өңі 
біресе күреңітіп, біресе зорлықпен жымиып, шалдың алдынан кетпей тұрып алған: 
«Өзімде тұра берсін де» деген диханға: «Жоқ, бүкіл республика көреді, шет елден 
келгендер көреді», – деп, «мақұл» дегенін күтпестен, «Волга» машинасының артқы 
қуысына ұзынынан сұлатып тастай салған. Қара кетпені – бала күннен бергі серігінен 
– айырылған шал обком хатшысымен қоштаспай, үй артындағы жасыл гүлі көз жауын 
алып жайқалған жоңышқалыққа қарай кете берген. 
3.Тәңірхан алғашқы түсін Жүзжасар атасы кетпенінен айырылған күні көрді. Атасы 
сол күні дастарқанға да кеш келіп, асқа да тәбеті шаппай көп қиналды. Сосын 
Алматыда интернатта жатып оқитын Шерханға «барған бетте хат жазып жібер, 
кетпен мұражайда тұр ма, жоқ па өз көзіңмен көріп қайт», – деді. Шерханнан ұзамай 
хат келді, «ешқандай кетпен көрген жоқпын» болды мазмұны. «Сірә, кешіктіріп 
жатқан болу керек» деп хаттың соңына қосып қойыпты. Алақанының тері сіңген 
қайың сапты ойлағанда әулеттің үлкені – күріш егіп, республикаға аты белгілі болған 
Жүзжасар шал іштей қатты өкініп, бірақ бұл жан күйзелісін ешкімге сездіре 
қоймайды. 
4.Түс көрген жері – дәл осы жер. Мынау дәу жармадағы қораның ішінде құлыны 
алтын шапаққа малынып тұрды. Тұла бойы сап-сары боп төгіліп тұр, тұяқтары, 
жүгені, арқасындағы ері – бәрі сап-сары алтын. Жер-дүние түгел сап-сары, қарасаң 
көз қарығады. «Алтын деген осындай болады екен-ау, сары болады екен-ау». Қолдан 
берген құлыны ауыл шетіне келіп тұрғанын айтуға үйге, атасына қарай құстай ұшты. 
Бірақ, үйде атасы жоқ еді, бүкіл елді еңбегімен, қара күшімен аузына қаратқан атасы, 
аты Жүзжасар болса да, жүзге бір ондық қалғанда дүниеден өткен. Осыны біле тұра 
үйге қарай жүгіріп келеді. Жүгіріп келеді, бірақ түсін тыңдайтын атасы жоқ.... Сол 
күйі көрген түсі айтылмай, жанына серік боп сақталып қалды. Енді ешкімге айтпайды 
да... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   245




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет