1.Жаудың ізге түсуі
2.Ақсақ қойдың мазаны алуы
3Тауға барып жасырыну
A.
3,2,1
B.
1,3,2
C.
1,2,3
D.
2,1,3
E.
3,1,2
4-мәтін
Ағынтай батыр мен Шапырашты Қарасай
Арғын Ағынтай батыр мен Шапырашты Қарасай батырдың қай кезде танысып,
қалайша айырылмас дос болғанын қазіргідей дерек
көзі болмағаннан кейін
анықтап айту қиын. Алайда, екі батырдың айрықша дос болғанын сол дәуірде
өмір сүрген Матай би ерекше ілтипатпен жазып кеткен екен. Олардың өз
ғұмырында қанша рет жекпе-жекке шықканын ешкім есептемеген. Бірақ аз
болмаса керек. Ал кескілескен соғысқа екеуі де екі жүз мәрте кіріпті. Демек, екеуі
қырық жыл соғысқа қатысса, орта есеппен жылына бес
рет қанды шайқасқа
кірген деуге болады. Соның бәрінен аман-есен шығу - үлкен сәттілік. Сол
сәттіліктің өзек сыры, бақсақ, достықта жатыр. «Қарасай мен Ағынтай
батырдың арадан қыл өтпес достығы, - деп жазады Қазыбек бек Тауасарұлы
өзінің «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабында, - жан алып, жан беріп жатқанда
да айырылмауы, біріне-бірі сақшы болып жүруі, ұрыста мертікпеуі, екеуінің де
аман қалуына себепші достықтары болды...»
Матай бабамыздың жазуына қарағанда, Есім ханның
ұлы Жәңгір қалмақ
тұтқынына 1635 - Доңыз жылы түседі. Ол жолы қазаққа қарсы қалмақтың
Талай, Құжы, Торғаш деген тайшылары бірігіп шабуыл жасаған еді. Жәңгір
қалмақ тұтқынында бір жылдай болады. Қолға түскен Жәңгірді қалмақтар
аяғынан кісендеп, жеке киіз үйде ұстапты, зорлық көрсете қоймапты.
Есім хан баласы үшін алдымызға кішірейіп келеді деп күтеді. Алайда, Ағынтай
мен Қарасай батыр тағы бір адам алып, үшеуі ғана Жәңгірді босатуға аттанады.
Алдын-ала барлау жасап, Батыр қоңтайшының ауыл
жағдайын әбден біліп алған
болу керек. Түнделетіп келіп, аттарын жақын маңайдағы өзен жағасына
шідерлеп тастайды да, өздері қоңтайшы ауылына жаяу жөнеледі. Ат суғара
келген қалмақ жігітін ұстап алып, одан мән-жайды аныктап біледі де, өзін
байлап тастайды. Үйге жақындағанда далаға шыққан кісіні Қарасай «Аһ!» деуге
мұршасын келтірмей, күре тамырын баса қойған. Ол талып кеткенде, үйдің
артынан екі жігіт іргені көтеріп жіберіп, Жәңгірді суырып алған.
Есік алдындағы
жасауыл тіпті ештеме сезбей қалған. Өзен жағасына Қарасай көтеріп жеткізген,
«Жәңгірдің аяғындағы кісенді ал» деп Ағынтайға қараса, ол да бірдеме көтеріп
келіпті. Бір мес қымыз. Ағынтай кісенді қолымен бытырлата үзіп тастаған.
Аттарды әкеліп, хан ұлын мінгізіп,
жан-жағына қараса, Ағынтай жоқ. Сәлден
кейін көтеріп алған бірдемесі бар, түйедей болып Ағынтай батыр келеді.
Ағынтай батыр: «Мына ханның қызын ала кетейін деп барып едім» депті.
Сөйтсе, ол - қоңтайшы кешіккен соң артынан далаға шыққан Батырдың қатыны
екен. Кейін білсе, үй алдында талып жығылған Батыр қоңтайшының өзі екен. Ол
ертеңіне түсте ғана есін жиған. Сөйтіп, Батырдың қазаққа деген кегі
бұрынғыдан да артып, кіжініп, терісіне сыймай жүрген.
1664 - ¥лу жылы Қарасай мен Ағынтай батыр
наймандар мен жалайырларға
шабуыл жасаған қалмақтарды қууға қатысып, сол соғыста екі дос та
жараланады. Ағынтай аяғынан жараланып, ақсақ болып қалады. 1670 жылы
Қарасай өзінің досы Ағынтайдың қасына көшіп келеді. Бір жылдан соң
1671 жылы сонда қаза болады. Сүйегі Айыртауға қойылады. Бір жылдан соң
Ағынтай да қайтыс болып, Қарасай досының қасына жерленеді
Достарыңызбен бөлісу: