Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


Жолбарыстың қараңғыда көру қабілеті



Pdf көрінісі
бет66/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   250
7.Жолбарыстың қараңғыда көру қабілеті 
A.
 
Орташа деңгейде 
B.
 
Есту қабілетінен төмен 
C.
 
Арыстанмен бірдей  
D.
 
Адамдармен бірдей 
E.
 
Адамнан алты есе анық 
8.«Жолбарыс» сөзінің мағынасы 
A.
 
Өткір, баяу 
B.
 
Ақылды, жылдам 
C.
 
Мықты, жылдам  
D.
 
Долы, жылдам  
E.
 
Марғау, кекшіл 
9.Жолбарыстың өмір сүру ұзақтығы 
A.
 
10 жылға жуық 
B.
 
Ширек ғасырға жуық 
C.
 
15 жылға жуық 
D.
 
Жарты ғасырға жуық  
E.
 
5 жылдан кем 
10.Мәтін бойынша жолбарыстардың бір-бірінен айырмашылығы 
A.
 
Терілері 
B.
 
Азу тістері 
C.
 
Маңдайдағы жолақтары  
D.
 
Табан іздері 
E.
 
Дауыстары 
11.Жолбарысқа тән қасиет 
A.
 
Есте сақтау қабілеті жетілген 
B.
 
Ұзақ ұйықтайды 
C.
 
Өте жақсы жүзеді 
D.
 
Ағаштан-ағашқа секіреді  
E.
 
Көзі қараңғыда көрмейді 
12.Әлемдегі ең үлкен жолбарыс 
A.
 
Уссурий жолбарысы 
B.
 
Қар жолбарысы 
C.
 
Тау жолбарысы 
D.
 
Бенгалиялық жолбарыс  
E.
 
Лигр 
 
1486-нұсқа 
4-мәтін 
1.Қандай халықтың болсын өзіне тән, өзгеден ерекшелендіріп тұратын салт-
дәстүрлері, дағдылары бар. Соның бірі - бауырына салу дәстүрі. Бауырына салу - 
қазаққа ғана тән. Тұңғыш немерені міндетті түрде атасы мен әжесі бауырына 
салған. Бала сол үйдің кенжесі болып өседі. Бұл, бір жағынан, жас отбасына 
деген қамқорлық болса керек. Екіншіден, баланы тәрбиелеуде өздері әлі жас ұл 
мен келіннің тәжірибесінің аздығын білгендіктен де немерені бауырына салған, 


яғни бауырына салу - немерені уызына жаритындай етіп тәрбиелеуге атсалысу. 
Өйткені ата мен әже - көпті көрген, өмірдің талай белестерінен өткен, тәжірибесі 
мол адамдар. Ата-әже тәрбиелеген баланың, біріншіден, тілі ерте шығады. 
Себебі үлкен кісілер әрбір сөзді анық айтады, баламен үлкен адамша сөйлеседі. 
Бала жүре бастағаннан-ақ өздерімен үнемі ертіп жүретін болған. Бала 
кішкентайынан үлкендердің әңгімесін тыңдап өседі. 
2.Үнемі үлкендердің қасында жүретіндіктен, бала атасы мен әжесінің тең 
тұстарын «пәленше атам», «түгенше әжем» деп, солардың барлығын өңдеп- 
түстеп, кімнің кім екенін біліп, туысқанын танып өседі. Бала әке-шешесін біліп 
тұрса да, «атамның баласымын», «әжемнің баласымын» деп, жөн сұрағандарға 
ата-әжесінің аттарын айтып жатады. Қонаққа барған балаға, әдетте, құлақ беріп 
жатамыз. Бұл да негізсіз емес. «Жақсы сөзге құлағы түрік болсын», «жақсы сөзді 
көп естісін», «ұғымтал әрі зерек болсын» деген ниет жатыр мұның астарында. 
Содан да болар, атасына еріп қонаққа барған бала да міндетті түрде құлақ күтіп 
отыратын болған. Қалай десек те, үлкен кісілердің сөздері орнықты, олар 
күнделікті күйбең тірліктің айналасындағы әңгіме айта бермейді. Өздері бас 
қосқан кезде өткен-кеткен шежіреден, тарихтан әңгіме қозғайды. Ел ішіндегі 
әртүрлі түйткілді мәселелер, сол қоғамдағы болып жатқан жағдайлар үлкен 
кісілер арқылы баланың құлағына сіңеді. 
3.Ата мен әже көрген бала мейірімді, адал, тілалғыш болып, үлкенді сыйлап 
өседі. Әжесінің бауырында өскен бала әңгімешіл, сөзді тауып айтады, нықтап 
айтады. Қазақтың кез келген баласын тек өз ата-әжесі емес, бүкіл ауылдың абыз 
аталары мен өнегелі әжелері қамқорлығына алған. Ауыл ақсақалдары мен 
әжелері «пәленнің баласы ғой», «түгеншенің немересі ғой» деп еркелеткен. Тіпті 
баланың өз ата-әжесі өмірден өтіп кеткеннен соң да баланың әлдебір 
тентектігіне «ой, ол пәленшенің еркесі еді ғой, еркелегені шығар», «атасы мен 
әжесінің көзін көрген біз бармыз ғой, еркелігі басылар» дейді. Ата-әжесінің көзін 
көргендер сырттай қамқорлығын білдіріп, көрген кезде ақыл-кеңесін айтып, 
арқасынан қағып, маңдайынан сүйіп жатады. Қарап тұрсаңыз, мұның өзі - 
тәрбие. 
4.Кейбір отбасылар ағайын-туғанының баласын алатын болған. Мұны 
«бауырына салу» емес, «асырап алу» деп атайды. Аты қойылған бала болса, атын 
өзгертіп қойып, қолына асықты жілік ұстатып, той жасап, етегіне түсіріп асырап 
алған жағдайлар қазақ отбасыларында болған. Жақынына баласын бергендер 
ол баланы қайтарып алмайды. Сондықтан бауырына салу - ата- әжелерге тән 
болса, асырап алу - мүлде басқа. Бауырына салған бала өз ата-анасын біледі, ал 
асырап алған бала қайтпайды, ол - сол үйдің атын шығарып, сол шаңырақты 
ұстап қалатын бала. Бұлардың айырмашылығы - осы, екеуін шатастыруға 
болмайды. 
5.Немере баққан ата-әжелердің өмір жасы да мейлінше «ұзарып» отырған. Олай 
дейтінім, бір жағынан, періштедей пәк сәбиден атасы мен әжесіне жақсы 
энергия тарайды, екіншіден, үлкендерді үміт атты үлкен күш жетелейді. 
«Ойпырым-ай, осы шырағымның атқа мінгенін, мектепке барғанын көрсем, 
азамат болғанын, үйленгенін көрсем...» деп армандап, алға қарай үміт сүйреу 
арқылы қазақтың ата-әжелері ұзақ жасаған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет