II БӨЛІМ. КИНЕМАТИКА
Дененің уақыт өтуімен бірге өзінің орнын берілген бір санақ жүйесіне қатысты үздіксіз
түрде өзгертуін механикалық қозғалыс делінеді.
Кинематикада
дене қозғалысы тек геометриялық тұрғыдан, яғни оған әсер ететін күштер
назарға алынбай зерттеледі.
Қозғалыс ұғымы кеңістік, уақыт және қозғалыстағы дене
ұғымдарына байланысты. Кез келген уақытта дененің кеңістіктегі орнын анықтау мүмкін
болғанда ғана оның қозғалысы белгілі болады. Механикада кеңістікті үш
өлшемді деп
қарастырады. Уақыт ешқандай санау жүйесіне байланысты емес, кезкелген жүйе үшін
бірдей және қозғалыстың салыстырмалылығына байланысты емес деп қарастырылады.
Оны үздіксіз
және өзі айнымалы деп, t мен белгілейді. Халықаралық (СИ) жүйесінде
уақыт өлшем бірлігі секунд ал, қашықтық өлшем бірлігі метр деп қабылданған.
Сонымен қатар теориялық механикада материялық (заттық) денелердің немесе
нүктелердің механикалық қозғалыстары зерттелетін
болғандықтан біз әр жолы
материялық деген сөзді қайталай беруді жөн көрмедік.
Қозғалып бара жатқан нүктенің кеңістікте қалдыратын ізі
траектория
деп аталады.
Траектория түзуден
тұратын болса,
түзу сызықты қозғалыс
,
қисық сызықтан тұратын
болса,
қисық сызықты қозғалыс
делінеді. Егер таңдалған санақ жүйесіне
қатысты
нүктенің орнын анықтау тәсілі көрсетілген болса, нүкте
қозғалысы берілген деп
есептелінеді.
Материялық нүкте қозғалысы 4 тәсілмен беріледі:
1) векторлық;
2) координаталық;
3) табиғи;
4) полярлық.