Бөлшектің меншікті өмір сүру уақыты қозғалмайтын сағат бойынша өлшенген уақытынан 1,5%-ке өзгеше. шамасын анықтаңыз. [0,172]
Тыныштық массасы 2кг дене жүйесінде 200Мм/с жылдамдықпен қозғалады, өзкезегінде жүйесі К жүйесіне қатысты 200Мм/с жылдамдықпен қозғалады. Анықтау керек: 1) К жүйесіне қатысты дене жылдамдығын; 2) осы жүйедегі оның массасын.[1)277Мм/с; 2)215,2кг]
Интервал координат түрлендірулеріне қатысты инвариантты шама екенін қолдана отырып, -мезонның туғаннан бастап ыдырау уақытына дейінгі ұшып өткен ара қашықтығын анықтаңыз, егер осы санақ жүйесінде оның өмір сүру уақыты , ал меншікті өмір сүру уақыты(денемен бірге қозғалатын сағат бойынша өлшенген уақыт) болса. [1,35км]
Бөлшектің релятивистік импульсы Ньютон импульсынан 5 есе артық болғандағы жылдамдығын анықтаңыз. [0,98с]
Электрон 1,2МэВ үдетуші потенциалдар айырымынан өткендегі алатын жылдамдығын анықтаңыз. [2,86Мм/с]
Кинетикалық энергиясы 1ГэВ электронның релятивистік импульсын анықтаңыз. [5,34*10-19Нс]