Бақылау сұрақтары
Бағдарламалау технологиясының тиімділігін ата?
Бағдарлама құрудың техникалық тапсырмаларын айтып беріңіз
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
1.Искакова, К.А. Бағдарламалау технологиясы [Мәтін]: Оқу құралы / К.А. Искакова.- Алматы: Нур-Принт, 2018.- 216 б.
2.Кемельбекова, Ж. СИ бағдарламалау тілі [Мәтін]: Оқу құралы / Ж. Кемельбекова, Г. Абишова.- Шымкент, 2018.- 176б.
3. Медешова, А.Б. Бағдарламалау [Мәтін]: Оқу құралы / А.Б. Медешова, Ғ.Г. Мұхамбетова.- Алматы: Бастау, 2017.- 368б.
4. Стауструп Б. Программалау 1-том. СС++ тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі. Оқулық-Алм, 2016-688, (ҚР БЖҒМ «Оқулық» орталығы бекіткен)
Қосымша әдебиеттер
1. Жүнісбеков, Ж.С. Программалау есептерін шығару практикумы Шымкент -2018ж
2. Балғанова, М.С. Программалау есептерін шығару практикумы Шымкент-2018
Лекция 9 Бағдарламалаудың технологиясының негізі.
Жоспары: Бағдарламалық жабдықтарды жобалаудың әдістері. Құрылымдық бағдарламалау. Модульдік бағдарламалау
Турбо Паскальда f сыртқы файл жазуларының саны Filesize (f) функциясы арқылы анықталады. Жазуды бірден іздеп табу үшін пайдаланылатын оператор: seek (f, k – 1). Ол көрсеткішті к – жазудың басына бірден орналастырады (seek (іздеу) – стандартты атау). (Дискіде файл жазулары 0 – ден бастап ретімен нөмірленеді, сондықтан к – жазудың нөмірі к – 1 санына тең. Мысалы, сыртқы файлдың 3 – жазуын оқу үшін бағдарламаға seek (f, 2) операторының енгізілуі тиіс.) Сыртқы файл жазуларына осы сияқты жету тәсілі файлға еркін (тікелей) ену тәсілі деп, файлдың өзін еркін ену файлы деп атайды.
Деректер файлын мәтіндік түрде құруға да болады. Мәтіндік файл – символдық (Char) типті берілгендерден құрылатын файл. Оны сипаттау үлгісі: f : file of char не f : text. Құрылған файл атына .text кеңейтілуі қосылып қойылады. Мәтіндік файл ұзындықтары анықталмаған түрлі жолдардан тұрады, тек әр жол ұзындығы 255 – тен аспаса болғаны. Файл құру кезінде сөз аралықтарында бос орын қалдырып, әр жол соңында Еnter пернесін басу керек.
Мәтіндік файлмен тізбекті ену тәсілі бойынша ғана жұмыс істеу мүмкін. Файлды тек құруға не ашуға болады. Мұнда файл соңына жазу қосу операторы бар: Append (f). Файл жолын (s) дискіге жазу, оны оқу сәйкес writeln (f, v), readln (f, s) операторлары арқылы орындалады. Бұл тақырыпта бір бағдарлама арқылы мәтіндік файл құру, не оны экранға шығару тәсілі көрсетілген (енгізуді аяқтау тәсілі: жол сұралған кезде санды енгізбей, Еnd пернесін басу.
Uses crt;
Label 2, 5;
Var f : text; s : string; bf : string 8; n :word;
Begin clrscr; write (‘Файл аты — ?’); readln (bf);
Writeln (‘Файл құру үшін 5 – ті, экранға шығару үшін басқа санды енгізіңіз’);
Write (‘Сан — ?’); readln (n);
If n=5 then goto 5 else goto 2;
5: assign (f, bf); rewrite (f);
Repeat
Write (‘жол — ?’); readln (s); writeln (f, s)
Until length (s)=0; close (f);
2: clrscr; assign (f, bf); reset (f);
While not eof (f) do
Begin readln (f, s); writeln (s);
End; close (f);
End.
Турбо Паскальда құрылған бағдарлама әдетте редактор терезесі арқылы іске қосылады. Кеңейтілуін exe – ге өзгертіп, бағдарламаны TURBO каталогы панелінен бірден орындалатын етуге болады (атауын таңдап, Еnter пернесін басу).
Файл кеңейтілуін EXE – ге түрлендіру тәсілі:
- бағдарламаны экранға шақырып, компиляциялау;
- негізгі мәзірден Компиляциялау (Compile) мәзірін ашу;
- көрінген тізімде жадта адрестеу (Destination Memory) командасы көрінсе, оны дискіге адрестеу (Destination Disk) етіп өзгерту (сол қатарды таңдап, тізімді жабу);
- бағдарламаны қайта компиляциялау.
Достарыңызбен бөлісу: |