Оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері
Оқу процесінің негізгі заңдылықтарының сипаттамалары (жалпы заңдылықтар, жеке заңдылықтар: мазмұнды-процессуалдық, гносеологиялық, психологиялық, кибернетикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық). Оқу процесінің негізгі принциптерін негіздеу (ғылымилық, көрнекілік, бірізділік және жүйелілік, беріктік, саналылық және белсенділік, теорияның практикамен байланысы және басқалар).
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері
Әдіс ұғымының мәнінің сипаттамасы. Педагогикалық зерттеу әдістері: теориялық және эмпирикалық. Теориялық зерттеу әдістері: талдау, синтез, жалпылау, абстракциялау, нақтылау, салыстыру, индукция, дедукция, модельдеу). Эмпирикалық зерттеу әдістері: бақылау, сауалнама, әңгіме, эксперимент, сұхбат, тестілеу және т.б.).
Оқыту әдістері туралы түсінік. Оқыту әдістерінің жіктелуі
Оқыту әдістерінің жіктемесі; олардың жіктелулерінің мәні мен ерекшеліктері. Ауызша, көрнекі және практикалық оқыту әдістерінің мәнінің сипаттамасы. Оқытудың оңтайлы әдістерін таңдау.
Сабақ - оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын педагогикалық талаптар. Сабақ типтері
Оқыту формалары туралы түсінік және олардың әртүрлілігі. Сабақ біртұтас жүйе ретінде, оның компоненттері мен міндеттері. Сабақтардың типологиясы мен құрылымы: жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы, білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды жетілдіру сабақтары, білімді қорыту және жүйелеу сабағы, аралас сабақ, білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және түзету сабағы.
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: конференция сабақ, пікірталас сабақ, брифинг сабақ, семинар сабақ, ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б. Экскурсия - оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың ең тиімді түрі. Оқу экскурсиясының функциялары мен белгілері. Оқу экскурсияларының түрлері. Оқу экскурсиясын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны
Оқу жоспары, оқу бағдарламаларына (оқу, типтік, жұмыс, авторлық) сипаттама. Оқу жоспарларына, бағдарламаларға және оқулықтарға қойылатын талаптар. Мектептің жұмысын жоспарлау (мектептің перспективалық және жылдық жұмыс жоспарлары), оқулыққа қойылатын талаптар (әдістемелік, полграфиялық). Мектеп құжаттамасы: негізгі құжаттардың тізімі мен сипаттамасы. Мектеп құжаттамасын жүргізуге қойылатын талаптар.
Достарыңызбен бөлісу: |