Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет109/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3
1605452068, Психология
Жұмыстың мақсаты:
Астана Өнім» АҚ шаруашылығында сау және іріңді-катаралды 
эндометритке шалдыққан сиырларды анықтап, олардың сүттерін физико-химиялық 
көрсеткіштерге зерттеу.
Осыған орай келесі міндеттер қойылды:
1. Сиырларды іріңді-катаралды эндометритке зертханалық әдістермен анықтау.
2. Ауруға шалдыққан сиырлардың сынамаларында физико-химиялық көрсеткіштерін 
белгілеу
зерттеу әдіс тәсілдері:
Зерттеу материалы ретінде төлдеген сиырлардан 1-2 және 
6-8-інші күндері 20 сынама алынып зерттелінді. Төлдеген сиырлардың төлдеген 
уақыты, төлдеу барысы, төлдеу кезіндегі патологиялар орын алған алмағандығы, тік 
ішек арқылы жатырдың топографиясы мен жиырылуы зерттелінді. Сыртқы жыныс ор-
гандарын жуып тазалап, жатырдан кілегей алу барысында: түсі, иісі, консистенциясы 
зерттелінді. Эндометриттің түрін анықтауда ең алдымен В.С. Дюденко және Катери-
нов әдістері қолданылды. Зерттеуге материал ретінде клиникалық сау сиырдан және 
іріңді-катаральды эндометритке шалдыққан ауру сиырдың сүті алынды. Сүтті зерттеу 
үшін келесі әдіс – тәсілдер қолданылды. Майды анықтау үшін – Гербер ГОСТ 5867-90 
қышқыл әдісі қолданылды. Лактозаның массалық үлесін анықтау үшін- иодометриялық 
әдіс қолданылды. Ақуыздың жалпы үлес салмағын, казейн және сарысу ақуызын 
анықтау-рефрактометриялық ГОСТ 25179-90 арқылы анықталды. Фосфордың құрамы 
П.В Кугенев, Н.В. Барабанщиковтың колорометриялық әдісі арқылы анықталды. Сүт 
құрамындағы С витаминін анықтау Дуденкова бойынша индикатор 2,6 – дихлорфенол 
– индофинол индикаторы арқылы анықталды; соматикалық клетка құрамы- Прескотта и 
Брида әдісі арқылы анықталды.
зерттеу нәтижелері:
Қазақстан Республикасы Акмола облысы, Целиноград ауданы, Жарлыкөл ауылы 
«Астана-Өнім» АҚ шаруашылығынның 5-6 жастағы эндометритке шалдыққан сиырлар-
ды екі топқа бөліп, яғни ( бақылаудағы топ - сау малдар және тәжірибелік топ - іріңді 
катаралды эндометритке шалдыққан ). Барлық сиырлар толық жаста ( 3-5 ші лакта-
ция). Төлдеу күндеріндегі айырмашылық екі айдан аспаған. Сиырлардың орташа таза 
салмағы -557-+11,71 кг. Барлық сиырларда тостағын тәрізді желіндері бар. Сау сиырлар 
мен ауру сиырлар бірдей азықтандырылады. Күніне 2 рет азықтандыру және сауу бо-
лады. Сиырлардың өнімділігін бақылау сауу арқылы тіркеледі. Іріңді катаральды эндо-
метритке шалдыққан сиырлар клиникалық сау сиырларға қарағанда 37-40%-ға төмен. 
Эндометриттің түрін анықтауда ең алдымен В.С. Дюденко және Катеринов әдістері 
қолданылды. Катеринов бойынша 17 сынаманың 17 сынамада оң көрсеткіш бақалды. 


251
В.С. Дюденко әдісі бойынша 17 сынамада оң көосеткіш байқалды
Органолептикалық зерттеу кезінде, клиникалық сау сиырлар сүтінің түсі ақ, ешқандай 
иіссіз, артық дәмсіз. Ал ірінді катаральды эндометритке шалдыққан сиырлар сүтінде 
белгісіз дәм, жағымсыз иісті және түсі сарғыштау.
1 – кесте. Әдістер бойынша зерттеу қорытындысы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
Оң 
көр-ш
Саны
Оң 
көрсеткіш
%
Тесттер
Катери-
нов бой-
ынша 
+ + + + + + + - - -
7
70%
В.С. 
Дюденко 
бойын-
ша
+ + + + + + + - - -
7
70%
Кілгей 
рН
+ + + + + + + + + +
10
100
2-кесте. Шаруашылықтағы клиникалық сау сиырлардан және іріңді катаральды эндо-
метритке шалдыққан сиырлардан қанды талдау нәтижелері. 

Көрсеткіш 
Клиникалық сау 
сиырлар
Іріңді –катаралды 
эндометрит
1
Эритроциты 10/л
7,48±0,23
5,79±0,22
2
Эритроциттер диаметрі, 
мкм
5,57±0,07
5,98±0,16
3
Гематокрин , л/л
0,49±0,012
0,38±0,08
4
Гемоглобин, г/л
101,00±1,43
92,35±1,75
5
Гемоглобин концентраци-
ясы, %
29,4±0,80
22,0±0,60
6
Эритроцит салмағы, нг
13,85±0,54
16,26±0,71
7
ЦП
0,75±0,03
0,89±0,04
8
СГЭ, пг
12,85±0,58
16,25±0,72
9
СКГЭ, г/л
227,15±6,35
242,91±7,38
10
Эритроцит қалыңдығы, 
мкм
2,51±0,11
2,52±0,15
11
ПСЭ
2,31±0,13
2,62±0,22
12
Эритроцит көлемі, мкл3
60,56±0,78
66,65±0,98
р≥0,95; р≥0,99 
3- кесте. Сүттің физико-химиялық көрсеткіш нәтижелері

Көрсеткіш
Сау сиыр 
(бақылаудағы топ)
Эндометритке шалдыққан 
сиыр (тәжірибелік топ )


252
1
Ақуыз г/л
3,48±0,23
3,80±0,09
2
Казеин %
3,03±0,35
2,98±0,05
3
Сарысу ағуызы
0,48±0,15
0,93±0,08
4
Майлылық
4,41±0,06
4,19±0,09
5
Лактоза
4,56±0,07
4,48±0,12
6
Кальций, мг
98,95±1,91
7,48±0,23
7
Фосфор, мг
89,41±3,28
83,72±0,95
8
Хлорид, мг
135±7,23
148,48±4,40
9
Са: Р
1,15:1
1,11:1
10
С дәрумені, мг-кг
1,75-0,06
1,65±0,03
11
рН
6,95±0,02
6,91±0,05
12
СОМА
8,40±0,21
8,72±0,50
13
Құрғақ зат
12,74±0,23
12,90±0,48
14
Титрленген қышқылдық
18,33±0,50
19,33±1,45
15
Соматикалық жасуша
295,35±2,85
305,48±4,60
16
Каталаза, нкат
114,75±13,80
128,72±1,93
17
Қышқылдық бой-ша 
буферлік сиымдылығы
1,32±0,08
1,24±0,15
18
Сілтілік бой-ша буферлік 
сиымдылығы
1027,48±0,81
1029,61±1,95
19
Тығыздылығы, кг-м3
1027,48±0,81
1029,61±1,95
20
Энергиялық құндылығы, 
кДж
302,13±5,65
285,60±3,23
21
Қант-хлор саны
3,0±0,25
3,48±0,16
Р>,95
3-ші кестені талдауда эндометритпен ауыратын жануарлар тобында сатысуы бар 
ақуыздар мөлшерінің бір уақытта казеин 0,23 және 0,8 % төмендеуіне байланысты жалпы 
сүт ақуызының 0,16 %-ға өсуі байқалады. Сарысуы бар белоктар мөлшерінің жоғарылауы 
лактоглобулиндер мен сүт иммуноглобулиндерінің әсерінен болды. Бұл жыныс мүшелер-
індегі қабыну процестерімен және нәтижесінде қандағы иммуноглобулиндердің 
көбеюімен байланысты. 
1-ші кестеде көрсетілгендей эритроциттер саны іріңді-катаральды эндометритте 
сау сиырға қарағанда аз. Қандағы гемоглобин іріңді-катаральды эндометритте бақылау 
топтағы сиырларға қарағанда төмен .Іріңді катаральды эндометритке шалдыққан 
сиырлардың сүтінің майлылығы 0,17 %-ға төмендеген. Екі топтағы сүттің құрамындағы 
лактоза әдебиеттегі көрсетілген нәжижеденде төмендеу яғни 4,52 және 4,36 %. Және де 
ауру мал сүтінде көмірсідың төмендеуі және хлоридтың бір мезгілде ұлғаюы 135,31 ден 
149,49 мг%, қант хлорының өзгеруі 3,00 ден 3,43 ке дейінге әкеліп соқты. Нәтижесінде 
натрий хлориді сүт безіне еніп, лактозаның түзілуін баяулататындығымен түсіндіруге бо-
лады, бұл сүт безінің бұзылуына, ондағы осмостық қысымның бұзылуына, процестерді 
әрі қарай дұрыс жұмыс жасай алмауына әкеледі, сонымен қатар, сүт безінде мастит да-
муы басталған. Сүтті зерттеу барысында ақуыз, май және көмірсу өзгерісі энергиялық 
құндылығының төмендеуіне әкеліп соғады. Сонымен қатар ауру мал сүтінің энергиялық 
құндылығы сау малдан 6,50 кДж-ға төмендегені яғни 295,61 кДж. Іріңді-катаральды эн-
дометритке шалдыққан сиыр сүтінде кальцийдің жәнен кальцийдің фосфорға қатынасы 


253
төмендегенін көрсетеді. Тәжірибелік топтағы мал сүтінде кальций, бақылау топтағы 
сиыр сүтіне қарағанда 4,6%-ға төмен болды. Кальцийдің фосфорға қатынасы 1,15:1 ден 
1,11:1 ге қатынасында өзгерді. Сонымен қатар сүттегі фосфор 89,41 ден 83,72 төмендеді.
Ауру сиырдың сүтіндегі витамин құрамын зерттегенде концентрациясы 0,09 мг/кг-ға 
төмендеді, ол 1,65 мг/кг құрайды.
Сүттің кейбір технологиялық қасиеттерін зерттеу барысында ауру және сау 
жануарлардың сүтінің бір-бірінен жылу тұрақтылығы жағынан айырмашылығы жоқ 
екендігі анықталды, ал 2 класс жылу тұрақтылығы жиі байқалды. 
Сиырладың іріңді катаральды эндометритпен ауыратын сиырдың сүтінде соматикалық 
клеткалардың болуымен, соматикалық жасуша мөлшері 4,45%-ға жоғарылады. 
Тәжірибелік топтағы сиыр сүтінде каталазаның жоғарылауы байқалды, сүт 
қышқылдылығы бақылау топтағы сиыр сүтінен салыстырғанда төмен болды, бұл фер-
мент шығаратын микроорганизмдердің сүтке гематогендік және лимфогенді жолдар 
арқылы енуімен байланысты. 
Сүттің буферлік қасиеттері, атап айтқанда буферлік сиымдылығы да өзгередіү мыса-
лы іріңді-катаральды эндометритте буферлік сиымдылығы қышқылдылғы бойынша 0,06 
төмендеу, ал буферлік сиымдылығы сілтілігі бойынша ешқандай өзгеріссіз.
Жоғарыдағы көрсетілген нәтижелерге сүйене отырып іріңді-катаральды эндометрит-
ке шалдыққан сиырлардың сүтінің клиникалық сау сиырлардың сүтінен айырмашылығы 
бар деген қорытынды жасауға болады. Бақылау топтағы сиырларда майдың, лактозаның, 
С дәруменінің, калций мен фосфордың концентрациясының төмендеуі, сүттің жалпы 
және сарысу ақуыздарының мөлшерінің жоғарылауы, каталаза белсенділігі, сонымен 
қатар сүттің технологиялық қасиеттерінің өзгеруі, буферлік сиымдылығының төмендеуі 
байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет