250
ген қандайда бір шаруашылықтар және фермалар жоқтың қасы. Сиырлар бедеулігінің
себептерінің бірі эндометрит болып табылады. Бірінші апта бойы туудан кейінгі
жатырлық инфекциялар сиырлардың 90% қозғайтыны мүмкін, ал 20-30% жағдайларда
олар эндометриттің әртүрлі формаларына айналады.
Соңғы жылдары эндометриттің
классификациясы өзгерген: қазір ол осы бұзылудың патогенезіне негізделген және толық
балауды қажет етеді, бұл бұзылудың пайда болу кезіндегі жатыр қабаттары арқылы
қабыну процесстерінің таралуы және оның клиникалық
белгілерінің сипаттамасын
ескереді [3]. Қазіргі сүтті мал шаруашылығының жай-күйі, сиырлардың сүт өнімділігінің
ұлғаюымен және акушерлік патологияның туындаған жағдайларының көбеюімен си-
патталады. Сүтті бағыттағы сиырлардың ең негізгі өнімі сүт болғандықтан,
әр сиыр-
дан сауылған сүтті есепке алу өте маңызды жұмыс [4]. Сүт – химиялық құрамы күрделі
биологиялық сұйықтық. Оның құрамында 250-ге жуық әртүрлі заттар бар. Химиялық
құрамы мен азықтық қасиеттері жағынан сүтке тең келетін зат жоқ, ол жаңа туылған төл
үшін алмастырылмайтын азық және кез келген жастағы адамға аса қажетті тағамдық
өнім болып табылады. Сүттің химиялық құрамы тұқым қуалайды және басқа да бірқатар
факторларға байланысты ауытқып отырады [5].
Достарыңызбен бөлісу: