Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет107/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3
1605452068, Психология
список использованной литературы
1. Шендаков А.И., Шендакова Т.А., Климова С.П., Сырцева Е.М. Продуктивные ка-
чества дочерей чёрно-пёстрых и голштинских быков-производителей в племенных ста-
дах Орловской области // Зоотехния. -2014. -№ 4. - С. 25-27.
2. Белозерцева С.Л., Мирвалиев Ф.С., Петрухина Л.Л. Оценка быков-производите-
лей по качеству потомства // Вестник ИрГСХА. – 2018. – № 89. –С. 126-133.
3. Павлова Е.И., Татаркина Н.И. Оценка быков-производителей по качеству потом-
ства // В сборнике: Актуальные вопросы науки и хозяйства: новые вызовы и решения 
Сборник материалов LII Международной студенческой научно-практической конферен-
ции. – 2018. – С. 284-288.
4. Официальная Инструкция по оценке быков-производителей молочных и молоч-
но-мясных пород, утвержденная МСХ РК 
5. Эрнст Л.К., Кравченко Н.А., Солдатов А.П. Племенное дело в животноводстве. – 
М.: Агропромиздат, 1987. – 287 с.
6. Шайдуллин Р.Р., Шарафутдинов Г.С. Родительский индекс быка и его связь с про-
дуктивностью // В сборнике: Инновационные достижения науки и техники АПК Сбор-
ник научных трудов Международной научно-практической конференции. – 2018. – С. 
171-173.
7. Назарченко О.В., Кахикало В.Г. Сравнительная эффективность методов опреде-
ления препотентности быков-производителей голштинских линий // Вестник КрасГАУ. 
– 2013. – №9 (84). – С. 164-166.
8. Kucevic, D; Papovic, T; Tomovic, V; Plavsic, M; Jajic, I; Krstovic, S; Stanojevic, D. 
Influence of Farm Management for Calves on Growth Performance and Meat Quality Traits 
Duration Fattening of Simmental Bulls and Heifers. // Journal of ANIMALS / the Republic of 
Serbia. – 2019 NOV. – Т. 9, V:11 №941;. DOI: 10.3390/ani9110941.
Желісті ЖылҚы тҰҚымДаРын сыРтҚы пішіні, Дене бітімі Жəне 
тҮР-тҰлғасына байланысты бағалау
Мойнакбаева А., 2-курс магистранты
Худайбергенова Д., 1-курс магистранты 
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Қазақстандағы жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының дәстүрлі де маңызды 
саласы. Егемен ел атанып нарықтық қатынастар белең алған тұста да бұл бағыт 
сақталып, қарқынды дамып келеді. Оны жылқы түлігінің Советтер заманындағы ең 
жоғары көрсеткіш 1млн. 700 мыңнан 2020 жылдың басында 2 млн. 800 мыңға жеткені 
айғақтайды. Алайда, бұл саланың келешегі тек өнімділік, яғни етті-сүтті бағытпен ғана 
шектеліп қалуы жеткіліксіз. Жылқы шаруашылығының басқа салаларының да дамуына 
баса көңіл бөлген жөн. Сондай бағыттың бірі - спорттық жылқы шаруашылығы. Оның 
маңыздылығын мал шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда тек ат сайыс, 
ат спорты ойындарының ғана Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына кіргізілуі дер 
едік. 1912 құрылған Халықаралық ат спорты федерациясының (International Federation for 


246
Equestrian Sports) құрамына бүгінде 134 мемлекет мүше. Олардың арасында Қазақстан 
Республикасы да бар [1]. 
Еуропада ат спорты өнерінің экономикалық тиімділігі жылына 100 млрд. АҚШ дол-
ларымен бағаланады, АҚШ – та 39 млрд. АҚШ долларымен және Австарлияда шамамен 
6,3 млрд. Австралиялық долларды құрайды. Қазірде ат спорты бойынша осы үш аумақ 
алдыңғы орын алады. Мұндай көрсеткіш ат спортының тек ойын – сауық немесе де-
малыс қызметінен артық екенін, сонымен қатар елдің экономикасына оң әсер ететінін 
көрсетеді [2].
Зерттеу жұмыстары 2018-2019 жылдарында Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 
орналасқан «Тұлпар» ат спорты клубында жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде «Тұлпар» 
АСК өсірілетін аттар оның ішінде желісті жылқы тұқымдары алынды. Шаруашылықта 
өсірілетін жылқылардың зоотехникалық сипаттамасын анықтау үшін, жылқылардың 
зоотехникалық қасиетін көрсететін: жылқы тұқымы, өсірілетін аймағы, негізгі түр-түсі, 
жылқы малынан алынатын негізгі дене өлшемдері (шоқтығының биіктігі, тұлғасының 
қиғаш ұзындығы, кеуде орамы, жіліншік орамы), салмағы және өсімталдығы анықталды. 
Жылқы тұқымдары және түр – түсі - жеке куәліктері арқылы, дене өлшемдері - өлшеуіш 
таяқ, өлшеуіш таспа арқылы, салмақтары - Моторин әдісі арқылы анықталды.
2019 жылдың басына «Тұлпар» АСК 12 түрлі жылқы тұқымына жататын 49 бас ат-
тар болды. Оның ішінде: таза қанды салт мініс тұқымы, ганновер, тракенен, буденный, 
орловтың желісті, орыстың желісті, қостанай, көшім және т.б жылқы тұқымдары бар. 
Саны жағынан барлық жылқының 16 - салт мініс, 20 - желісті, 3 - салт мініс-жегілетін 
жылқы тұқымдары болса, қалған 9 бас асыл тұқымды емес жылқылар. Сонымен 
«Тұлпар» АСК жалпы жылқы басына шаққанда, салт міністі – 33% , желісті жылқы – 42 
%, тұқымсыз жылқы – 19%, салт мініс-жегілетін жылқы – 6% құрады. 
«Тұлпар» ат спорты клубындағы жылқылардың ішіндегі сан жағынан ең көбі желісті 
жылқы тұқымдары. «Тұлпар» ат спорты клубында 20 бас желісті жылқы тұқымдары 
өсіріледі. Олардың сипаттамасы 1- кестеде көрсетілді. 
1-кесте - «Тұлпар» АСК желісті жылқылардың сипаттамасы
Жылқы аты
Туған күні
Түсі
Тұқымы
Кашмир
1999
қара
Орлов желісті
Орион
2002
қара
Орлов желісті
Ливень
2010
торы
Орлов желісті
Апельсин
2010
қара
Орлов желісті
Лексус
-
сұр
Орлов желісті
Ламбада
2010
торы
Орлов желісті
Памир
2012
қара
Орлов желісті
Джафар
2009
қара
Орлов желісті
Ахилес
2012
сұр
Орлов желісті
Герей
2011
қара-кер
Орлов желісті
Феррари
2017
жирен
Орлов желісіт
Кабул
2013
сұр
Орлов желісті
Ансар
2016
қара
Орлов желісті
Ақтанау-Сайгак
2009
қара
Орыс желісті
Адмирал
2009
қара
Орыс желісті
Блик
2013
торы
Орыс желісті
Тост
2012
торы
Орыс желісті
Самара
2012
сұр
Орыс желісті


247
Павлуша
2009
қара
Орыс желісті
Қарақуйын
2011
қара - кер
Орыс желісті
1-кестеден 20 желісті жылқы тұқымының ішінде 13 жылқы, яғни 75% Орлов желісті 
жылқы тұқымы, ал 7 жылқы Орыстың желісті жылқы тұқымы немесе 25 %. 
Жылқылардың зоотехникалық қасиетін көрсететін маңызды көрсеткіштің бірі - мал-
ды экстерьері мен конституциясына қарап бағалау, яғни сыртқы пішіні, дене бітімі, түр-
тұлғасына қарап белгілі бір қорытынды жасауға болады. 
Малдың сырт пішініне қарап төмендегідей селекциялық мәселелерді шешуге болады: 
дене бітімін бағалау, өнім бағытын анықтау, жас ерекшеліктерін анықтау және т.б. Бұл 
істерді жүзеге асыруда көзбен көргенді толықтыратын маңызды көрсеткіш - малдың дене 
өлшемдері [3]. 
Осыған орай желісті жылқы тұқымдарының дене өлшемдері алынды (2- кесте).
2-кесте - Орлов және Орыстың желісті жылқыларының дене өлшемдері (см)
Жылқы аты Тұқымы
Туған 
күні
Шоқтығының 
биіктігі
Тұрқының 
қиғаш 
ұзындығы
Кеуде 
орамы
Жіліншік 
орамы
Кашмир
Орлов 
1999
160
162,0
183
20,4
Орион
Орлов 
2002
159,8
162,3
183
19,3
Ливень
Орлов 
2010
160,3
162,0
175
20,3
Апельсин
Орлов 
2010
160,3
162,0
180
20,3
Лексус
Орлов 
-
158,9
162,2
172
20,0
Ламбада
Орлов 
2010
160,8
162,3
180
20,3
Памир
Орлов 
2012
160,2
162,2
167
18,5
Джафар
Орлов
2009
160,3
161,9
180
20,4
Ахилес
Орлов 
2012
160,9
162,2
171
20,3
Герей
Орлов
2011
160,2
162,2
178
20,1
Феррари
Орлов 
2017
160,2
162,1
175
18,5
Кабул
Орлов 
2013
159,8
162,3
184
20,3
Ансар
Орлов 
2016
160
162,3
169
18,9
Ақтанау-
Сайгак
Орыс
2009
159
162,0
166
20,0
Адмирал
Орыс
2009
159,6
161,9
184
20,0
Блик
Орыс
2013
158,3
162,3
184
19
Павлуша
Орыс
2009
158,8
162,3
181
20,3
Самара
Орыс
2012
159,9
162,1
169
18,9
Тост
Орыс
2012
159,7
162,3
168
19,2
Қарақуйын
Орыс
2011
159,7
162,1
184
20,1
2-кестеде «Тұлпар» АСК - да өсірілетін желісті жылқы тұқымдарының негізгі төрт 
дене өлшемдері туралы мәліметтер берілді. Алынған дене өлшемдері бойынша деректер 
мынадай: шоқтығының биіктігі – 158 – 160 см, тұрқының қиғаш ұзындығы 162 см, кеуде 
орамы 166 см мен 183 см аралығын, жілншік орамы – 18,5-20,4 см аралығын құрады. 
Жылқы малының келесі зоотехникалық қасиеті - тірілей салмағы. Жылқының 
тірілей салмағы - оның денесінің ірілігі мен салмақтылығын дәлелдейтін көрсеткіш. 
Жылқылардың тірілей салмағын анықтаудың ең дұрыс жолы арнайы мал өлшейтін 


248
таразыға өлшеу. Алайда шаруашылықта таразыболмағандықтан, басқа әдісін қолдандық. 
Мұндай әдістердің ішінде қолайлысы А. Моторин әдісі. «Тұлпар» ат спорты клубындағы 
желісті жылқы тұқымдарының тірілей салмағы А.Моторин әдісі бойынша есептедік 
(3-кесте).
3-кесте – Орлов және Орыстың желісті жылқыларының тірілей салмағы
Жылқы атауы (см)
Тұқымы
Кеуде орамы
А.Моторин әдісі 
бойынша (кг)
Кашмир
Орлов
183
478
Орион
Орлов
183
478
Ливень
Орлов
175
430
Апельсин
Орлов
180
460
Лексус
Орлов
172
466
Ламбада
Орлов
180
460
Памир
Орлов
167
382
Джафар
Орлов
180
460
Ахилес
Орлов
171
406
Герей
Орлов
178
448
Феррари
Орлов
175
430
Кабул
Орлов
184
484
Ансар
Орлов
169
394
Ақтанау-Сайгак
Орыс
162
352
Адмирал
Орыс
184
484
Блик
Орыс
184
484
Павлуша
Орыс
181
466
Самара
Орыс
169
394
Тост
Орыс
168
388
Қарақуйын
Орыс
184
484
«Тұлпар» АСК өсірілетін желісті жылқы тұқымдарының тірілей салмағы А.Моторин 
әдісі бойынша анықталды [4]. 
Мұндағы алынған мәліметтер бойынша, 5 бас жылқы жеңіл салмақты, 15 бас жылқы 
орта салмақты жылқы тұқымдары құрады, ауыр салмақты жылқы тұқымы кездеспеді. 
Немесе тірілей салмағы бойынша тиісінше 25% жеңіл салмақты, 75% орта салмақтыға 
жатқызуға болады. Соның ішінде Орлов желісті жылқыларының орташа салмағы – 444,3 
кг, ал Орыстың желісті жылқыларында – 436 кг болды.
Малдың зоотехникалық сипаттамасы көбінесе оның биологиялық, шаруашылық 
ерекшеліктерін, оларды өсіру, азықтандыру, бағып-күту және пайдалану мәселелерін 
қамтиды. Ал экономикалық тұрғыдан сипаттау, өндірісті бір саласының өзіне тән 
даму заңдылығын зерттеу, шаруашылық жүргізудің неғұрлым тиімді әдістерін ғылыми 
дәлелдеу болып табылады [5].
Бұл тұрғыдан келгенде, «Тұлпар» ат спорты клубындағы негізінен желісті 
жылқылардың зоотехникалық сипаттамасының кейбір көрсеткіштеріне байланысты 
жасалынған талдау олардың белгілі бір мөлшерде талаптарға сай екенін көрсетті. Де-
генмен, бұл деректер алдыға қойған мақсат пен міндеттерге толықтай жауап береді де-
уге келмейді. Сондықтан бұл бағыттағы алдағы зерттеулер аттарды азықтандыру, күтіп 
– бағу, жұмыс қабілеттілігі және т.с.с. мәселелермен байланыста жүргізілуі тиіс. Ал 
жалғасын табатын бұл жұмыстарға жоғарыда біз тоқталған зерттеулердің нәтижелері


249
алынған деректер алғышарт ретінде негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет