254
ауылшаРуашылыҚ саласынДа Желін сауДың таРалу
кӨРсеткіші
Қуанәлі Ж., магистрант
Т.Ж. Әбдірахманов, в.ғ.д, профессор
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Нұр-Сұлтан қ.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жануарларының сүт
бездері аурулары жалпы
Қазақстанда кең таралған. Сондықтан, сүт безі ауруларын диагностикалау, емдеу және
алдын алу өте маңызды, себебі олар аграрлық секторға үлкен экономикалық шығын
келтіреді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамыту үшін жаңа стратегиялық жобалар қолға
алынып, осыған қатысты іргелі жұмыстар өткізілуде [1].
Сүт өнімділігінің азаюы мен сүттің санитариялық-технологиялық сапасын
төмендеуіне әкеліп соғатын көптеген аурулар ішінде желінсаудың
алатын орны ерек-
ше. Бір мерзім аралығында желінсауға 15-30%-дан 50-70% дейін жануарлар ауыруы
ықтимал. Желінсауға шалдыққан сиырлардан қабыну үрдерісінің ағымдық сипаты
мен оның алдын алу жұмыстарының жасалмауына орай жылдық сүт өнімінің 15-20%-
дан кейде оданда көп шамасы алынбай қалады. Зақымдалған сүт безі бөліктерінің
секретінде соматикалық жасушалар санының басым түрде лейкоциттердің, ақуыздардың,
хлоридтердің мөлшері үлғаяды, сілтілігі, сүттің
тығыздығы, бактериямен ластану
деңгейі жоғарылайды, сүт майының, лактозаның, құрғақ майсызданған заттектерінің
мөлшері азаяды, оның бактерицидтік белсенділігі төмендейді. Мұндай сүт
тағамдық
құндылығынан арылады, сүт қышқылды өнімдер мен ірімшіктер дайындауы үшін
қажетті технологиялық қасиеттерін жоғалтады. Мұндай сүтті пайдалану жаңа туған
бұзаулар арасында аурулардың көбеюіне, өлуіне және аллергиялық реакциялар дамуы
мен адамдар арасында тағамдық токсикоздар байқалуына әкеп соқтыруы әбден мүмкін.
Еліміздің ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жоғары сападағы, құнды санитарлық
тұрғыдан талаптарға жауап беретін сүтті жеткілікті мөлшерде алу үшін МемСТ пен
Санитариялық Ережелер мен нормаларда қарастырылған
талаптар ұсталынады, соны-
мен қатар азықтық базаны нығайтып, сүт шаруашылығында заманауи сауын аппарат-
тарымен, тоңазыту қондырғыларымен жабдықтау, сауын аппаратымен саууға бейім,
желінсауға төзімді сиырлардың жарамдылығын арттыруға
бағытталатын сұрыптау-
асылдандыру жұмыстарын өткізу керек. Сондай-ақ, сүт безі ауруларын ерте диагности-
калау мен алдын-алуға, уақытында әрі тиімді емдеуге, зақымдалған желін бөліктерінің
физиологиялық функцияларын қалпына келтіру мен сиырлардың жоғары сүт өнімділігін
сақтауға бағытталған жұмыстарды жандандыру қажет[2].
Сүтті зерттеудің биохимиялық әдістері ішінде сүтте соматикалық жасушалар санын
есептеу мен ферменттер белсенділігін анықтау ерекше орын алады.
Көптеген зерттеулердің дәлелі бойынша сүт безінің қабынуының анық белгілерімен
жыл сайын малдардың 25 пайызына жуығы ауырады, ал жасырын желінсау 35 пайызға
дейін болады. Еліміздің әртүрлі аймақтарында сиырлардың желінсауымен 22-ден 60-ға
пайызға дейін ауырады. Клиникалық желінсауға қарағанда, субклиникалық желінсау ең
көп таралған, 2-4 есе жиі тіркеледі.
Халықаралық ветеринарлық денсаулық сақтау
ұйымдарының мәліметі бойынша,
сиырлардың барлық ауруларын қоса алғандағы желінсаудың әлдеқайда үлкен шығын
алып келетінін мәлімдеген. Соның салдарынан 15-20 пайызға сауын, сүттегі
май мен
ақуыз мөлшері азаяды. Сүт сауудың жоғалуы желіннің желінсаумен ауруының дәрежесіне
тікелей байланысты және ауру жалғасып жатқан уақытта 47-62 пайызға дейінгі мөлшерді
қамтиды [3].
255
Көптеген зерттеулердің дәлелі бойынша сүт безінің қабынуының анық белгілерімен
жыл сайын малдардың 25 пайызына жуығы ауырады, ал жасырын желінсау 35 пайызға
дейін болады.
Еліміздің әртүрлі аймақтарында сиырлардың желінсауымен 22-ден 60-ға пайызға
дейін ауырады. Клиникалық желінсауға қарағанда, субклиникалық желінсау ең көп
таралған, 2-4 есе жиі тіркеледі.
Ғалымдардың көп жылғы бақылауы сиырлардың төлдегеннен кейін 65 пайызы жа-
сырын желінсауға шалдыққаны дәлелденген. Резистенттілігі жоғары малдар қалыпты
жағдайға келеді, ал сиырлардың төменгі жағдайында субклиникалық желінсауға тойта-
рыс беруі клиникалық түрге ауысуы мүмкін[4].
Шетелдік зерттеушілердің айтуынша, субклиникалық желінсау 90-97 пайызға жуық
жағдайда тіркеледі, ал клиникалық қабыну белгілерімен айқын өту кезінде 10 пайызға
дейін кездеседі. Сиырлардың жасырын желінсауының түрлері 20-50 есе жиі байқалады.
Халықаралық ветеринарлық денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметі бойынша,
сиырлардың барлық ауруларын қоса алғандағы желінсаудың әлдеқайда үлкен шығын
алып келетінін мәлімдеген. Соның салдарынан 15-20 пайызға сауын, сүттегі май мен
ақуыз мөлшері азаяды. Сүт сауудың жоғалуы желіннің желінсаумен ауруының дәрежесіне
тікелей байланысты және ауру жалғасып жатқан уақытта 47-62 пайызға дейінгі мөлшерді
қамтиды.
Шетелдік және отандық ғалымдардың айтуы бойынша,
ауыл шаруашылық
малдарының сүт бездерінің қабынуы әлемнің барлық елдерінде кеңінен тараған және мал
шаруашылығына үлкен экономикалық шығын алып келеді. Республиканың Солтүстік
аймақтарында жалпы сиырлардың санынан 40 пайызы желінсауға шалдыққан. Сүт
безінің аурулары кеңінен тараған және жылдың барлық кезеңдерінде тіркелген, соны-
мен қатар күтімнің санитарлық-гигиеналық және сүт сауу машинасының технологиясы
бұзылған жағдайда бұл ауру кеңінен таралуы мүмкін [5].
Достарыңызбен бөлісу: