Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет102/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3
1605452068, Психология
пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Абонеев В.В., Квитко Ю.Д., Сельки И.И. және басқалар. Қойлардың ет өнімділін 
бағалау әдістемесі // Ставраполь. – 2009. – С. 34.
2 Қазиханов Р.К., Қазыханова С.Р., Нам В.Н. Қой шаруашылығы, қой өнімдерін өндіру 
технологиясы және өңдеу негізі (қой өнімдері кластері): Оқулық – Астана, 2005. – 100 б.
3 Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция: 
Оқулық – Алматы: Бастау ЖШС, 2006. - 592 б.
4 Shauyenov S.K., Islamov Y.I., Narbayev S.N., Ibrayev D.K. Effect of sire breed on the 
productivity of Kazakh mutton-semifine-wool sheep // Indian Journal of Animal Research. – 
2016. – № 50(3).– P. 418-424. 
ЖеРгілікті ҚҰс шаРуашылығы ЖағДайынДа бРойлеР 
балапанДаРының ет ӨнімДілігін аРттыРу тəсілі
Расол Ү. 2-курс магистранты,
Сәденова М.Қ. - а.ш.ғ.к., аға оқытушы, 
Омарова Қ.М. - а.ш.ғ.к., аға оқытушы 
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Құс шаруашылығының әлемдегі және еліміздегі дамуы нарықтық қатынастардың өте 
күрделі жағдайларына байланысты жүзеге асады. Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына
Қазақстан Республикасы мүше болып кіргенде әлемдік нарықтық бәсекелестігіне төтеп 
бере алатын өнімнің бірі - құстың еті мен жұмыртқасы. Құстардың бұл өнімдері арзан, 
бағалы, өте құнды екені мәлім. 
Қазақстанда құс етін өндіру және тұтыну шектелмейді. Көптеген елдер адам басына 
20-30 кг-ға жуық құс етін жұмсайды, ал АҚШ-та тіптен 50 кг-ға жетеді. Сонымен қатар, 
құс өнімдері қазіргі уақытта тұтынушылар үшін ең қолжетімді болып табылады [1-3].
Құс шаруашылығындағы негізгі мақсаттың бірі – халықты сапалы өнімдермен 
қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету үшін құстардың жоғары деңгейдегі өнімділігі мен 
олардың сақталуына қол жеткізуді жүзеге асыру маңызды мәселелердің бірі болып та-
былады. Құс шаруашылығы әлемнің көптеген елдерінде басқа да ауыл шаруашылық 
өндірісіне қарағанда жетекші орынды алып, халықты жоғары сапалы диеталық тағам 
өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Құс шаруашылығының дамуы көбіне толыққанды 
және теңдестірілген азықтандырумен байланысты. Құстардың көбінесе толыққанды ра-
цион құрамында болатын негізгі құнарлық заттардан – протеин, кальций, фосфор және 
каротиннен басқа да, биологиялық активті заттарды тұтынуы маңызды болып табылады. 
Осы мақсатта биологиялық активті (белсенді) қоспаны азықтық қоспа ретінде, 
өнімділікті жоғарылату, бір өнім бірлігіне азық шығынын азайту үшін қолдану өндірістік 
құс шаруашылығында өзекті мәселе ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда құстардың 
өмір сүру қабілетін және өнімділігін көтеру мақсатында фармакологиялық, экологиялық 
қауіпсіз препараттар мен биологиялық активті заттарды әзірлеу маңызды ветеринарлық 
кешенді іс-шара болып табылады [4-6,8].


236
Зерттеу мақсаты. Жергілікті құс фабрикасы жағдайында бройлер балапандарын 
өнімділігін арттыру тәсілін зерттеу. Құс шаруашылығы саласында пайдаланылатын 
жем-азық қорының мәні өте зор. Өйткені, өндірілетін өнімдердің өзіндік құнының 
65-70%-ын жем-азықтың бағалары құрайды. Құрама жемнің нәрлі болмауы (әсіресе, 
ақуыз жетіспеуі), оның амин қышқылдары мен алмасуы бойынша құс шаруашылығына 
әжептәуір шығын әкеледі. Өйткені, бір кг ет өндіру үшін ондай құрамажем ғылыми 
дәлелденген мөлшерден 1,5-2,0 есе көп жұмсалады, яғни өнімнің өзіндік құны өсіп, 
құстың генетикалық әлеуеттілігі толық жүзеге аспайды.
Күнделікті құстардың рационына дән, кебек, құрғақ шөп, шырынды азықтар, сүйек 
ұны, құрғақ белоктық заттар болуы тиіс. Барлық құрамдас заттар рацион құрамында 
белгілі мөлшерде болуы қажет. Керекті деңгейдегі теңдестіруге жеткен күннің өзінде, 
құстарды керекті амин қышқылдар, витамин, минералды заттармен қамтамасыз ету өте 
қиынға соғады. Әсіресе, бұл мәселе көктем-қыс мезгілдерінде өзекті. Бұдан басқа, раци-
он құрамына белгілі бір қымбат азықтарды енгізу, құс еті мен жұмыртқасының өзіндік 
құнын айтарлықтай жоғарылатады. Дәл осы мәселеге байланысты, қазіргі кезде, құс 
мамандары құстардың күнделікті азық мәзіріне белсенді түрде азықтық қоспаларды 
қосуды жөн санайды. Қазақстанда өсіріліп отырған құстарды өсіруде өнiмдiк потенци-
алын iске асырудың негізгі шарты құнарлы азықтандыру болып табылады. Сондықтан 
құс шаруашылығының тиімділігін арттыруда оларды толық рационды, қоректілігі құс 
мұқтаждығымен жан-жақты теңестірілген, құрама жеммен қамтамасыз ету мәселесін 
шешудің ғылыми-өндірістік өзектілігі зор. Жемнің өзіндік құнын арзандату үшін оның 
құрамына арзан жергілікті азықтар енгізілуі керек.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыс барысында Франциядан әкелінген «Хаббард F15» 
кроссының бройлер-балапандарының өнімділік көрсеткіштері зерттелінді. Зерттеуге 600 
балапан алынды. Тәжірибені жүргізу үшін 2 топ құрылды. Бірінші топ бақылау тобы, 
екінші тәжірибе тобы (Biosap fulvic Power 4% фульвиоқышқылы) препаратының әсерін 
зерттедік. 
Зерттелген көррсеткіштер:
-тәуліктік салмағы
-биологиялық көрсеткіштері
-тірілей салмағы (5,10,15,20,25,30,35)
-сойыс алар салмағы
-сойыс шығымы
-конверсия
-сақталуы
Фульвиоқышқылы (Biosap fulvic Power 4%) – топырақ микроорганизмдерімен 
гуминді заттардың ыдырауынан соңғы кезеніңде пайда болатын табиғи қосылыс. 
Фульвиоқышқылының құрамында көптеген табиғи биохимиялық заттар, антиокси-
данттар, қоректік заттар, ферменттер, гормондар, аминқышқылдары, табиғи анти-
биотиктер мен фунгицидтер бар. Biosap fulvic Power – жоғары фульвий қышқылымен 
концентрацияланған, улы емес биоактивті препарат. Жарко көлінің экологиялық таза 
шикізатына жасалған Biosap fulvic Power сұйықтықтарды тазартудың мембраналық 
әдістеріне негізделген, Biosap NanoTech инновациялық технологияны қолдана отырып 
жасалынған [7].
Бұл тәжірибеміздің мақсаты бройлер балапандардың етінің сапасы, сақталуы. 
Құсханаға 52236 балапан отырғызылды, бақылау топтарына соның ішінен тірілей салмағы 
45 г балапандарды өлшеп отырғыздық. Құсханада микроклимат, температура норматив-
ка сәйкес болып келді. Балапандар ата-аналық табыннан бір жаста яғни 44 апталық бо-
лып отырғызылды. Фульвиоқышқылын 7 күннен бастап балапандарға берілді. 1-кесте-
де көрсетілгендей. График бойынша әр 5 күн сайын тірілей салмағын өлшеп отырдық. 
Тәжірибенің ұзақтығы 37 күн аралығында жалғасты. Нәтижесі 1-кестеде көрсетілген. 


237
1-кесте – Бройлер балапандарының салмағы бойынша бақылау тобының нәтижелері
Көрсеткіштер
Өсу динамикасы, кг
Зерттеу және бақылау тобының 
айырмашылығы
Жасы, тәулік
Зерттеу тобы
Бақылау тобы
0
45
45
5
105
105
0
10
235
233
0,85
15
480
477
0,62
20
780
769
1,4
25
1189
1189
0
30
1515
1512
0,19
35
2070
2065
0,24
Сақталғыштығы, %
92,67
92,0
0,67
Сою кезіндегі орташа 
салмағы , г
2250
2230
0,60
Дененің орташа 
салмағы, г
1740
1730
0,57
Союдың өнімділігі
78,0%
76,9%
-1,1
Балапандардың сақталуы бақылау тобымызда 92,0% болса, ал зерттеу тобында 92,67% 
болып, 0,67%- ға жоғары болды.
Өсу динамикасы балапаннның қарқынды болды. Ешқандай ақаулар байқалған жоқ. 
«Capital Projects LTD» ЖШС бройлер балапандарын күтіп-бағу және шығару залдары, 
дезинфекция камерасы, қондырғыларды жуу бөлмесі және т.б бөлмелер бар. Құсханада 
ауа баптау жүйесі, барлық технологиялық үрдістерді механикаландыру және автоматтан-
дыру қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысы кезінде салмағы бойынша балапандарды іріктеу, дезинфекциялау, 
ақаулы балапандарды зерттеу, балапандардың өсімін зеттеу жұмыстары жүргізілді. 
Тәжірбие ретінде алынған бройлер-балапандарының ата-аналық табын жасы 44 апта. 
Екі тәжірбиелік топтардың өсіру жағдайы мен микроклиматтық параметрлеріне, өсу ди-
намкасына, азықтандруына үнемі көңіл бөлініп отырды. Балапандарға фульвиоқышқылы 
мен суды пайдалану нәтижесі 2-кестеде берілген. 
2-кесте - Фульвиоқышқылы мен суды пайдалану нәтижесі
Көрсеткіштер 
Бақылау батареялар
Тәжірибе батареясы
Суды пайдалану мөлшері 
70,9
63,7
Фульвиоқышқылы
-
1,6
Осылайша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін 2-кестеден көріп отырғанымыздай 
бақылау тобы 0,67% - ға жоғары болды, дегенмен де фульвиоқышқылының тірілей 
салмағының өзгеруіне әсер еткенін көре аламыз.
Өсіру барысында әр бастың сақталуға деген жоғары тенденциялары бақыланды. 
Балапандардың аман сақталу көрсеткіші 3-кестеде берілген. 
3-кесте – Балапандардың аман сақталу көрсеткіші
Зерттеу тобы
Бақылау тобы
7400 бас отырғызылды
7400 бас отырғызылды
470 бас өлді
567 бас өлді


238
92,67 % сақталуы
92,0 % сақталуы
Бақылау тобының айырмашылығы зерттеу тобынан 0,62-1,42 % ке төмен болды, бұл 
көрсеткіш өсірудің соңына қарай айырмашылық 0,24 жоғары болды %.
Айта кететін мәселе, ветеринарлық дәрігерлердің балапандардың не себептен 
қырылғандықтарын анықтау барысында, бақылау тобына қарағанда тәжірибе тобының 
фульвиоқышқылын пайдаланған нефритты- нефроз синдромы (бүйрек ақауы) 3 есеге 
көп кездесіп отыр. Толықтай дерлік нақты нәтижелер екі топтың бақылау клеткалары-
нан алынды, себебі зерттеу жұмыстары осы клеткалардың динамикалық көрсеткіштерін 
анықтауға бағытталған еді. Жалпы жобаның жоспары бойынша сойыс көрсеткіштерін 
анықтауға құстардың сойысын қадағалауға бақылау клеткалары және батареялар арқылы 
жүргізілді. 
Бақылау клеткаларындағы құстар кездейсоқ таңдау арқылы таңдалды. Сондықтанда 
орташа тірілей салмақтары әр түрлі көрсеткіштер алынды. Дегенмен де ет шығымының 
проценттік қатынасына қарай отырып мынандай қорытындыға келе аламыз, яғни зерт-
теу тобының ет шығымы бақылау тобының ет шығымына қарағанда 0,24 %- ке жоғары 
болды. Батарея бойынша барлық сойысқа жіберген тәжірибе тобының тауықтарында 
қалдықтар көбірек болғандықтан айта кетуіміз қажет.
Патологиялық анықтау барысындағы тәжірибе және бақылау тобының 
айырмашылығы нефритті- нефроз синдромы болып отыр. Құстардың өлімі барысында 
бүйрек ақауы бақылау тобына қарағанда тәжірибе тобында 3 есе көп кездесті. Сонымен 
қатар фульвиоқышқыл препараттын әлсіз пайдалану байқалды, яғни белгіленген 2 тонна 
препараттың 1,5 тоннасы ішілді. Препарат қосылған суды дұрыс пайдаланудың нәтижесі 
ретінде фульвиоқышқылының мөлшерін (4%) тауық организіміне әсерін тигізді деп 
есептесе болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет