Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет103/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3
1605452068, Психология
пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Таңатаров А. Б., Әлпейiсов Ш. Ә., Дабжанова С. Т. Құс шаруашылығы: оқулық. - 
Алматы: [б. и.], 2005. - 312 б. 
2 Әлпeйсoв Ә.Ш., Тәжиeв П.Қ. Құс өсipу. – Aлмaты: 2003. – 345 б.
3 Лукашенко В.С., Овсейчик Е.А., Окунева Т.С. Продуктивность и качество мяса цы-
плят органического производства // Птица и Птицепродукты. – 2019. – № 2. – С.21-24.
4 Шацких Е.В., Рогозинникова И.В. Продуктивность цыплят-бройлеров при исполь-
зовании в предстартовом рационе органических форм микроэлементов // Аграрный вест-
ник Урала. – 2008. – №11(53). - С.83-84. 
5 Горбунов В. Куры. Разведение, содержание, уход. – Москва: Array Литагент «АСТ», 
2013. – 186с.
6 Кoчиш И.И., Пeтpaш М.Г., Смиpнoв С.Б. Птицeвoдствo. – М.: Кoлoс, 2003. – 407 с.
7 Alekseev V.A., Nemtseva Yu., Evdokimov N.V., Lavrentiev, V.S. Sherne, N.S. Petrov, 
Danilova N.V. The effect of the mineral supplement «permait» and vitamin B13 on the 
productivity of broiler chickens. – 2020. - Volume 433, Issue 1. - 012020.
8 Gonzalez-Rivas PA, Chauhan SS, Ha M, Fegan N, Dunshea FR, Warner RD. Effects of 
heat stress on animal physiology, metabolism, and meat quality: A review // Meat Science. – 
2019. – Т. 162, №108025. DOI: 10.1016/j.meatsci.2019. APR 2020.


239
солтҮстік ҚазаҚстан ЖағДайынДа абеРДин-ангус тҰҚымы 
малының Үшінші генеРациясының ӨнімДілік сапасы
Шакенов Нұртай, 2 - курс магистранты,
Қажғалиев Н.Ж. - доцент, а.ш.ғ.к.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Қазақ жері - мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Осыған орай 
елімізде мал шаруашылығы саласын дамытуда алда тұрған басты міндеттердің бірі са-
палы өнім көлемін арттыру. Соның ішінде Қазақстанда сүт және ет өндірісін дамыту 
бүгінгі күннің басты назарында тұр, өйткені мемлекетіміздің индустриялды-иновациялық 
бағдарламасының ең бір басты мақсаты - бәсекеге қабілетті және экспортқа шығара ала-
тын өнімдерді өндіру [1].
Елімізде бүгінгі күні селекционерлер жұмысының басты бағыттарының бірі отандық 
етті ірі қара малына әлемнің ең үздік генетикалық қорларын пайдалану арқылы жетілдіру 
болып отыр. Бұрын бұл жұмыстар импорттық бұқаларды немесе олардың ұрығын пай-
далану арқылы шектеліп, он жылдап созылған. Қазіргі таңда ҚР АШМ бұл үдерісті 
қарқындату және асыл тұқымды малдың үлесін арттыру үшін елімізге АҚШ, Канада, 
Австралиа және Франция елдерінен етті ірі қара малының 65 мың бастан астам абердин-
ангус, семминтал, герефорд және обрак малының тұқымдары әкелінді [2,8]. 
2011-2015 жылдары Қазақстанға 65 мың бастың үстінде (оның ішінде 3633 бас шаруа 
қожалықтарының жеке қаражаты есебінен) асыл тұқымды ірі қара малдары (абердин-ан-
гус - 26971 бас, обрак - 419 бас, герефорд 13311 бас, симментал 6544 бас, лимузин – 391 
бас, калмақ -924 бас, шароле 786 бас, швиц 2 және т.б тұқымдары) келесі шет елдерден 
әкелінді: АҚШ 41,2%, Канада 17%, Чехия 13,6%, Австрия 9,1%, Ирландия 6,4%, Ресей 
6,3%, Дания 3,7%, Украина 1,3% және Франция 2%. Осыған орай асылтұқымды малдың 
үлесі бүгінгі күні 1,11% дан 10,5% жетіп отыр [1,2,3,8].
Көптеген авторлар, абердин-ангус етті ірі қара малының жоғары жерсіну 
қаблеттілігімен ерекшеленетінін, бірақ оларды климат жағдайы бөлек басқа елдерге та-
сымалдау кезінде сыртқы ортаның негативті ықпалына ұшырайтындығын айтады [4,5].
Қазақстанға әлемнің әр елінен әкелінген етті бағыттағы ірі қара малын бағып-
күту технологиясын, климаттық жағдайға беймділік сапасын, тұқым қуалау қасиетін 
зоотехникалық тұрғыдан сипаттап, зерттеуді қажет етеді [6,7]. 
Мақалаларда авторлар Солтүстік Қазақстан жағдайында Абердин-Ангус және гере-
форд тұқымдарының бейімделуге қабілеттілігі айтылса, сиырлардың өнімділігі- әртүрлі 
табиғи өндірістік жағдайларда тауарлы табындардағы қоршаған ортамен өзара іс-қимыл 
жасауға тығыз байланысты екендігіне тоқталған [9,10].
Осы бағытта мал шаруашылығының, соның ішінде етті ірі қара шаруашылығын да-
мытып, ет өнімділігін арттыруда өз үлесін қосып келе жатқан ірі шаруашылықтың бірі 
Ақмола облысына қарасты «АКА» ЖШС. Шаруашылық бүгінгі күні отандық малдан 
бөлек шетелден әкелінген абердин-ангус тұқымы малын асылдандырып, бағып- күтуде.
Бүгінгі күні «АКА» ЖШС жағдайында жалпы 484 бас абердин-ангус тұқымы 
малы репродукторлы мал есебінде өсірілуде. Табындағы барлық мал таза тұқымды. 
Шаруашылық абердин-ангус малын 2012 жылдан бері бағып-күтуде. Қазіргі таңда 
үшінші буын ұрпақтары алынып асылдандырылуда.
Шаруашылықтағы етті ірі қара малының кластық көрсеткіштері олардың сапаларының 
айтарлықтай екенін көрсетеді. Жалпы шаруашылық тағы малдың 35,3%- элита-рекорд, 
46,1% - элита, 19,0% - І класс деңгейінде болды. Барлық мал І класс талабына сай.
Етті ірі қара шаруашылығында, сақа малдың тірілей салмағы олардың өсіп-жетілуін 
және ет өнімділігін сипаттайтын негізге жиынтықты көрсеткіш болып табылады. Осы 


240
тұрғыда, ауыр салмақты малдарға және олардың ұрпақтарына жоғары өсу қарқындылығы 
мен азықты өніммен өтеу қабілеті тән екені белгілі.
«АКА» ЖШС-дегі аталық бұқалардың 2,3 және 4 жастарында орташа тірілей салмағы 
бойынша бонитировка класының жоғары талаптарының 68,7-23,0 кг немесе 12,2 – 
2,4%-ға жоғары. 2019 жылғы өндірістік мәліметтер бойынша 4 жасар 2 асыл тұқымды 
бұқалардың орташа тірілей салмағы тиісінше 805,5 кг болды. 
Бүгінде «АКА» ЖШС – дегі табыны құндылығы – мол өнімді аналық мал басының 
болуымен сипатталады. Абердин-ангус тұқымының сиырлары, орта есеппен соңғы 
жылдың көрсеткіштері бойынша 3 жаста 418,0 кг, 4 жаста 496,5 кг, ал 5 және одан жоғары 
жаста 588,2 кг тірілей салмақ тартып, тұқым стандартының бірінші класс талаптарынан, 
3 жаста - 8,1 кг немесе 2,3%, 4 жаста 26,0 кг немесе 6,0%, ал 5 жаста 78,6 кг немесе 16,2% 
артып отыр. Бұл, шаруашылық малы табынында құндылығы мол өнімді аналық мал 
басының болуымен сипатталады. 
Төлдің өсімталдылығы малдың ет өнімділігіне үлкен әсерін тигізеді және етті ірі 
қара шаруашылығында басты селекциялық белгі болып саналады. Шаруашылықтағы 
абердин-ангус малының төлі ұзақ өсіп жетілгіштігімен, қарқынды өсіп, ауыр салмақ 
қосуымен ерекшеленеді.
«АКА» ЖШС–де абердин-ангус тұқымының үшінші буын ұрпақтарының төлдері 
табындағы төлдермен қарағанда бойшаңдығымен және тұрқының ұзындығымен және 
қарқынды өсуімен ерекшеленді. Олар тәулігіне орташа алғанда 780-830 г салмақ қосып, 
жастастарымен салыстырғанда өсу қарқыны біршама жоғары болды. Жаңа туған 
төлдің салмағы 18-27 кг. Күтімі жақсы болса, күн сайын шамамен 1100-1200 г-ға дейін 
салмақ қосады. 2019 жылы туылған үшінші генерация бойынша бұқашықтар 6, 12, 15 
айлық жасындағы орташа тірілей салмағы сәйкесінше - 192,5; 309,2 және 393,4 кг, ал 
қашарлардың бұл көрсеткіштері тиісінше – 170,1; 260,2 және 320,5 кг құрайды. Абердин-
ангус тұқымынъщ тиісті стандарт талабынан бұқашықтар 15,3-7,7 пайызға, ал қашарлар 
14,3-3,5 пайызға басым келеді. Бұл шаруашылықтағы абердин-ангус тұқым малының 
үшінші буын ұрпақтарының өсу қарқындылығының біршама жоғары екенін көрсетеді.
Бұқашықтардың ет өнімділігі жоғары сақа малдан кем емес. Бұны шаруашылықтағы 
сойыс қасапханасында 15 айлық бұқашықтарды бақылау сойысының нәтижесі 
айқындайды. «АКА» ЖШС-де 15 айлық жастағы бұқашықтарды бақылау сойысының 
көрсеткіштерін анықтау үшін, алдымен олардың сояр алдындағы тірілей салмағы 
анықталады. Мұнда сояр алдындағы ең жоғары тірілей салмақ абердин-ангуста 405,4 
кг. Тана бұқаларды бақылау сойысында сойыс салмағы 212,6-223,2 кг тартып, сойыс 
шығымының үлесі 55,28-56,81%, оның ішінде ұшаның шығымы 53,5-55,1%-ды құрады. 
Барлық жас малдардың арқа мен бел бөліктері, сандары бұлшық етке толып болғанын 
атап өту қажет.
Қорыта келе, «АКА» ЖШС жағдайында өсіріліп жатқан абердин-ангус малының 
үшінші буын ұрпақтары да жергілікті жағдайға тез бейімделіп қарқынды өсуі мен 
жоғары ет өнімділігімен байқалды. Осыған орай, етті ірі қара малын одан әрі дамыту 
және солтүстік аймақтағы шаруашылықтарда сиыр етін өндіруді арттыру мақсатында 
абердин-ангус тұқымының мамандандырылған ет малын пайдалану ұсынылады.
Ғылыми жетекшісі: а.ш.ғ.к., аға оқытушы М.Қ .Сәденова


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет